Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес

h1> Жобалы  жоспар

11.00-11.10  Қонақтардың келу уақыты.

11.10-11.20  Қысқаша таныстық.

11.20            Қол қою (суретке түсу)

11.25-12.00 Шампан ұсыну, дәмдену, ортақ сұхбатттасу,газет-журналдарға сұхбат,теледидар,қонақтарды шығарып салу.

Киім үлгісі-кеңселік стиль.

Жиын стилі – жиындық,іскерлік және сымбатты, ал тамаққа келетін болсақ, жеңіл-желпі тағам түрі ыңғайлы ( мысалы “coup de champagne”)

Қонақтарды жайғастыру

Қонақтар орны жоғарғы дәрежелі және төменгі болып бөлінеді, сондықтан жасына , қызметіне және қоғамдағы орнына қарай жайғастыру керек.

Ең бірінші орын- ошақ-басының оң жағы.Екінші орын – отағасының оң жағы. Осы адамдарға жақын орындар сыйлы болып табылады. Ал егер ошақ-басы болмаса, онда бірінші орын отағасының оң жағы, екінші орын сол жағы.

Қонақтарды жайғастырғанда әйел адамды әйел адамның жанына және төмен жаққа отырғызбайды. Төмен жақта тек отағасымен ғана отыра алады.

Ең әуелі отағасының оң және сол жағына әйел адамды жайғастырады, ал ошақ басының жанына ер адамды, ал содан соң жайғасу  кезектесіп әйел адам жанына ер адам және керісінше.

Жайғасу мен жиынға келу-уақытымен болу тиіс.

Ал жайғасусыз жиындарға арналған шақыруда уақыты “18.00-20.00”дейін деп берілсе, сіз өзіңіз қалаған уақытта келіп және қайта аласыз. Басты қонақ қайтқан кезде, басқалары бірден емес, жай-жайлаптарайды.

Жайғастырумен таңғы, түскі,кешкі астар және басқада ұжымдық жиындар орны тілектердің  алмасу ретімен болады. Дастархан басында тілек десерттен кейін, барлығына шампан құйылған кезде беріледі. Ал басқа ұжымдық жиындарда тілектер жиын басталған соң-10-15 минуттан кейін айтыла береді.Ресейде маңызды арнайы жиындарда тілектер басталған бетте айтыла бастайды.

Тілектен соң құйылған шараптың барлығын ішіп алу міндет емес, тек ерінге тигізіп бір жұтқан дұрыс.

Ал арнайы ұжымдық жиында еркектер стакандарын әйел адамның бокалынан жоғары ұстамауы керек, сондай-ақ ондай жерде шарап ішер алдында соғыспайды.

Тілек айтылып жатқан уақытта сөйлесуге, шарап құюға және тамақ жеуге болмайды.

Стөл басында қалай өзіңді сыпайы, ұстамды, бірақ сол мезетте ыңғайлы ұстауға болады

Стөлге тым жақын не тым алыс отырмаңыз. Алдыңыздағы тағамға түңілмей, тік отыруға тырысыңыз.

Сүлгіні жағаңызбен, кеудеңізге салиаңыз, керісінше тізеге жайған дұрыс

Нанды шанышқымен емес, қолмен алыңыз. Тұтас нанды тістемеңіз, нанды үзіп жеген орынды. Сондай-ақ майды бір тілім нанға жақпай, жартысын бөліп алып, сонан соң жағыңыз.

Ешқашан пышақты ауызға апарып және пышұақтан тамақтанбаңыз. Тамақты пышақтың көмегімен шанышқыға салмаңыз. Шанышқыға қанша тамақ алынса, сонша ғана алыңыз.

Аузыңызды тамаққа толтырмаңыз.

Қанатыңызды жамай, жинап, стөлге таянбай отырыңыз.

Стакан немесе бокалды тым жоғары көтермеңіз

Шанышқымен жеуге болатын тамақты қасықпен жемеңіз.

Тарелканы екінші рет тамақ салуға өзіңіз ұсынбаңыз.Бұл даяршының қызметі. (Шамаңыз келгенше екі рет тамақ жемеуге тырысыңыз).

Ауыздағы сүйекті шанышқының көмегімен алған дұрыс, аузыңызға таяп, сосын тарелкаға саласыз. Ал жеміс-жидектің сүйегін, ауыздан қасықтың көмегімен білдіртпей алған сыпайы.

Егер даяршы жақын жерде тұрса, жаныңыздағы адамға бір нәрсені алып беріңізші деп өтінбеңіз.

Сүлгімен немесе басқа тамақ құралдарымен ойнамаңыз. Сондай-ақ сүлгімен бетіңізді сүртпеңіз, тек ауыз маңайын сүртсеңіз болғаны.

Стөл басында көршіңізге теріс қарап отырмаңыз.

Аяғыңызды жан-жаққа жайып, орындыққа жатпаңыз. Әрқашан ұялмай, сабырлы болуға тырысыңыз. Егер пышақ немесе шанышқыны түсіріп алсаңыз, болған жайтқа мән бермей, басқасын сұратыңыз. Егер тамақ уақытында аударсаңыз, онда құрал-жабдықтардың ұшын тарелкаға қойған жөн. Тамақтанып болған соң пышақ пен шанышқыны қатарластыра көлденеңнен тарелкаға қойыңыз. Ұстайтын жағын оңға қаратып “ он минутсыз төрт “қалпында. Сондай-ақ нан, бокал немесе стакан алғыңыз келсе де осылай қойған дұрыс болады. Тамақ құралдарын қойылған бағытымен пайдаланады.Сол жақтан оңға қарай. Егер күмәндансаңыз, онда жаныңызда отырған адамдарға қарап қайталаңыз. Стөл басында тіс тазалағышты пайдаланбаңыз немесе оны қолыңызбен жауып білдіртпей істеңіз. Шай қасықты летр кесеге немесе стаканға салуға болмайды. Шайыңызды және кофеңіздіараластырып болған соң, қасықты тарелкаға қойыңыз. Тамақ ішіп болған соң сүлгіні салмаңыз, оны алып стөлге қойған жөн.

Киім және бұйым ол халықаралық өмірдің хаттамалық жақтары

Хаттамалық жиындарға киіну барысына сай қатаң ережелер бар. Арнайы жиынға киім үлгісіде сай болу керек.

Ауa райына қарамастан аяқ киім әрқашан да таза болуы тиіс, сөмкеңізде кішкене аяқ киім тазалағыш алып жүргеніңіз абзал.

Ер адамдар күнде қырынып жүруі керек (қара шашты адамдар күніне екі рет қырынуы тиіс, егер кешкілік кездесуге қара күрте киетін болса.)

Сондай-ақ кешкі сағат 8-ге дейін болатын мемлекеттік немесе ел басының және министрлер қауымымен болатын қабылдауларға ер адамдар аса ашық түсті емес костьюм киюіне болады. Ал егер тура осы қабылдаулар кешкі 8-ден кейін болса, онда қара немесе қоңырқай түсті костьюмдер киген дұрыс.

Сондай-ақ (мейрамхана, қабылдау бөлмесі, кеңестер, театрдың көрермендер залында, президиумда) арнайы жиындар мен би кезіндекеудешенің түймесі тағулы болуы керек. Кеудешенің соңғы түймесін ешқашан тақпайды. Тек жайлы орындықта немесе стөл басында кеудешенің түймесін ағытуға болады.

Қабылдаудың барлық түріне аса ашық және қара түсті галстуктан басқа әр түрлі түспен ақ көйлек, кию керек. Қара түсті галстук тек арнайы киімге немесе қазалы жағдайда тағылады. Сымбатты костюммен қара түсті, қысқа қонышты, тақалы бәтеңке киген дұрыс. Ал қоңыр түсті костюмге қара бәтеңке жараспайды. Жаз уақытында ақшыл түсті костюммен түрлі түсті аяқ киім киюге болады. Сандал, қалын табанды бәтеңке, макас тек спорттық киімге сай келетін аяқ киімдер. Ал лакталған туфлиді тек смокингпен ғана киеді.

Шұлықтың түсі костюмнің өңінен қаралау болуы керек, аяқ киімге сай. Көкпен- көк, жап-жасыл, қара-сүр түсті шұлықтар барлық сымбатты костюм түрімен киюге келеді. Қолқап, бас киім, шарф, орамал түстері басқада ұсақ — түйек киім бөлшектерімен сай болуы тиіс. Ер адамдарға классикалық арт жағында екі бөлігі бар “ағылшын кеудешесі ұсынылады”. Ол — бөліксіз “итальяндық” және бір бөлікті “американдық” кеудешеге қарағанда, ер адамдарға сымбатты тұрып, сымбатты отыруға ыңғайлы; шалбардың ұзындығы да аса маңызды роль атқарады: алды туфлиге сәл түсінкіреп, ал арт жағы тақасына дейін болуы керек. Тропиктік аймақтардан басқа жерлерде кеудешенің астынан тек ұзын жеңді көйлек киеді, жағасымен жағасына қарағанда манжеттің ролі аса маңызды емес. Көйлек жағасы бір сантимертге кеудеше жағасынан ұзын болуы керек, ал галстук белбеуден не ұзын не қысқа болмауы тиіс. Белбеу желеттің астынан көрінбей, ал желет көйлектен қысқа болмағаны дұрыс. Белбеу- тартқышты алмастырады және керісінше. Шұлық мейрамдық және іскерлік костюмнің түсіне сәйкес таңдалады (әрине ақ емес).

Егер ер адам аяғын айқастырып отырса, онда шұлықтың үстінен аяғының ашылып қалмауын қадағалағаны дұрыс. Аяқты сермеп, тізені құшақтауға болмайды. Сондай-ақ жайылып, басты жастыққа қойып, орындықта теңселіп немесе жайлы орындықтын шетіне және аяқты талтайтып отыруға болмайды.

Әйел адам өзіне сай түсті киім сәнін өзінің дене бітіміне сай жарасымды және талғамын көрсететін таңдау жасауға мүмкіндігі көп.

Ең басты ереже- оның жиынға және уақытқа сай келуі. Мысалы, күндіз қонақты керемет киімде қарсы алу орынсыз. Ондай жайытқа жай қарапайым көйлек немесе костюм киген дұрыс.

Кешкі сегізде немесе одан кеш басталатын қабылдауларға орташа не ұзын әдемі, ашық

кешкі көйлек киеді, ал аяқтарына өздері қалаған биік өкшелі туфли киеді. Кешкі туфлилер түрлі- түсті терілерден, тығыз жібектен, парчадан тігілген болуы мүмкін. Ал сумка кішкентай болуы керек.

Тағы бір айтатын жайт әйел адам отырған кезде күртесін немесе көйлегін көтермейді. Орындықта отырғанда аяқты айқастырып отыра алады, бірақ төмен жұмсақ орындық пен диванда отырғанда аяқты айқастырмаған дұрыс. Тек екі аяқты қосып, бір жаққа ғана қисайтып отырған орынды.

Машинаға отырғанда аяқпен аттап кірмей, бірінші орындықтың шетіне жайғасып алып екі аяқты ішке кіргізу керек, ал шыққан кезде бірінші аяқты түсіпіп барып орыннан көтерілген абзал.

Қабылдаулар және оның түрлері жайында бір-екі ауыз

Қабылдаулар келісім шартқа қол қою, өкілдердің келіп кетуі, ұлттық мейрамдар, шет елдіктермен іс жүргізу және шетел фирмаларының өкілдерін қарсы алу сияқты жиындарға арнап ұйымдастырылады.

Халықаралық тәжірибелерге сай ең құрметті қабылдаулардың түрі ол таңғы және түскі ас. Кейінгі кезде қабылдауда “бір бокал шампан” немесе “ бір бокал шарап” ұсыну кең тарап келеді. “Фуршет”, “Коктейль”, “Түскі ас” және “Кешкі ас” бұлар қабылдаудың басқа түрлері болып саналады. “Бір бокал шампан” немесе “Бір бокал шарап” сағат 12.00 басталып 1,5 сағат арасында созылады.

Негізі көбіне шампан, шарап және шырын ұсынылады, бірақ кейде виски мен арақ ұсынылуы мүмкін. Шайнама (закуска) ұсыну міндет емес, бірақ кішкентай пирожный, бутерброд, орешки ұсынған артық болмайды. Бұндай да дастарханға отырмайды. Ер адамдар кеңселік костьюм, ал әйел адамдар көйлек немесе костьюм киеді. Таңғы ас сағат 12.00 мен 15.00 аралығында болады. Ол бір не екі тамақтан тұрады. Таңғы асқа салқын шайнама, балықтан жасалған, бір етт

123
скачать работу

Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ