Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарих ғылымы

ік тарихқа мәдени- тарихи жақындық жолында жұмыс істей отыра, ол өз концепциясында позитивизмді интуитивизм элементтерімен байланыстырды. Үлкен эмпирикалық мәліметтер жинақталған жұмыста келтірілген фактілер ортақ қатынастар үшін келтірілген мәліметтерге қарағанда, дүниежүзілік-тарихи үрдіс ойдан құрастырылған тірек сызбасына тек сурет болған.  Тойнби ортақ рухани мәдениеттері бар елдер мен халықтар үшін аймақтық өркениет ұғымын негізді. Ол өркениеттерді біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөлді. Бұл көрсетулер бойынша, қазіргі әлем  бес негізгі өркениеттен (батыстық, православиялық-христиандық, исламдық, индуистік және таяушығыстық) тұрады.  Олар әрқайсысы бұдан бұрынғы өркениет белгісін алып отырған. Тойнби бойынша адам үшін прогресс саласы  адами рухтың даму болып өткен психология, мораль саласы болды.  Батыс өркениетінде Тойнби британ қоғамы мен мемлекетін батыстық өркениеттің маңызды бір құрамы (индустриализм, парламенттік демократия, национализм) деп қарастырды.   Тойнбидің еңбегі британ тарихнамасында европацентризмнен алшақтап, әлемдік тарихи үрдістер түсінігіне келуіне әсер етті.

Тағы бір британ тарихшыларының ішінен тарихи таным саласындағы белгілі теоретиктердің бірі  Робин Джордж Коллингвуд (1889 – 1943) болды. Оның негізгі еңбектері – «Автобиография» (1939), «Тарихтың идеясы» (1946). Коллингвуд Оксфордта философия және антикалық тарихтытың  профессоры болды. Ол позитивистердің тарихи әдісін «қайшы мен желім тарихы» деп атап, қатты сынға алды, өйткені  оның пікірінше, тарихшы  жинақталған және дәстүрлі қалыптасқан факт ізімен жүрмей, керісінше, айналасында зерттеу жүруі үшін сұрақтар қоя білу керек. Тарихи үрдіс оларға идеалистік тұрғыдан түсінікті болды – бұл дегеніміз, тек танымға ғана мүмкін, ал танымға тек ойлау ғана тән және ойдан басқа тарихи білімнің пәні болып табылатын еш нәрсе жоқ.

XX ғасырдың басында британ тарихнамасында  толығымен тарихтың либералды концепциясына деген ұстаным таралды. Осыған сәйкес тарихи үрдіс жаңаның ескімен күресі барысындағы прогресс баспалдағымен мемлекеттің не қоғамның өрлеуі және өкілдік демократия мен жеке дара еркіндіктің түсініксіз кеңеюі сияқты болды.  1920 – 30 – жылдары тарихи таным түсінігінің либералды интерпретация сыны концепциясының кейбір ережелерін өзара түсінуге деген тенденция байқалды. Бұл тенденциялар Кембридж университетінің оқытушысы Герберт Баттерфилдтің (1900 – 1979)  «Тарихтың Вигалық интерпретациясы» (1931), «Ағылшындық және оның тарихы» (1944) еңбектерінде көрініс тапты. Баттерфилдтің айтуы бойынша,  вигизм тарихнамалық дәстүр ретінде тарихи білімде өз міндетін орындады, ол британдықтарға  өткен тарихы бар қазіргі демократиялық қоғамның сабақтастығын түсінуге мүмкіндік берді.   Баттерфилд тарихшылардың келешек ұрпақтарының алдында жаңа міндеттер тұрады, және өткен тарихтың мәнін айқын ашу үшін тарихты зерттеуді қазіргі құндылықтарға бағындырудан босату керек деп санады,  өйткені тарихқа библиялық көзқарас тарихи дамудың жорамалдық концепциясына сай келетін фактілерді тарихтан таңдап алуға әкеледі.  Тарих жеңілдетілген және сызба түрінде болды. Баттерфилд моральдық құндылығы бар  «прогрессивтілік» және «кертартпалық» түсініктері тарихшының  сөз қорынан жоғалуы тиіс деп санады.  Баттерфилд тарихи үрдісті қақтығыс жолымен заттың бір күйден екінші күйге өтуі деп түсінді, сондықтан да  библиялық тарихшылар сияқты «тарихты миға сиымсыз логикамен» іздеумен айналысу парықсыз. Тарихи танымның мәні байланысы тарихқа аяқастылық және ғажайып нәтиже беретін бірегей элементтердің көптүрлілігінде жатыр. Тарихшы – шебер маманның ісі жалпы шынайылылық пен заңдарды бекіту емес,  тарихи үрдістердегі өзгерістердің барлық үйлесімділігін зерттеу болып табылады.  Баттерфилдтің пайымдауы бойынша,  «шын мәнісінде тарих – бұл саяхаттар туралы кітаптардағы сипаттамалық шығарманың бір түрі». Тарихшы, оның айтуынша, «сот емес, ақтаушы да емес … ол куәлік беруге міндетті адам ұстанатын жолда жатыр».

Британ тарихнамасында зерттеу тақырыбы негізінен саяси және конституциялық тарих болды, бірақ ақырындап экономикалық және әлеуметтік тарих та қамтыла бастады. Саяси тарихта үлкен орынды сыртқы саясат тарихын зерттеу алды. Дипломатиялық тарих мұрағат және баспа деректерін талдау негізінде дамыды. Париж бейбіт конференциясында британ делегациясы құрамына тарихшылар сарапшы ретінде кірді.   1920 – 1924 жж.  Г. Темперлидің редакциясымен  6 томдық  «Париж конференциясының тарихы» атты еңбек шықты. 1927 – 1938 жж. ресми түрде 11 томдық  «Соғыстың шығуы туралы британ құжаттары, 1898 – 1914» атты еңбек басылып шықты, оның мақсаты  Германияның соғыстағы шешуші ролін кінәлі етіп көрсету болды. Осылайша, британ тарихи ғылымы насихаттық функцияны белсенді атқарып келді. Соғыс жылдары Ұлыбританияда сыртқы саясат тарихы бойынша басқа да еңбектер шықты.   Лондон университетінде славян зерттеулерінің мектебі ашылып, мұнда Ресей мен Орталық және Оңт-Шығыс Европа елдерінің сыртқы саясаты зерттелді. Зерттеудің бұл бағытына Р. Ситон – Уотсон жетекшілік етті. Сондай-ақ, Британдық отарлық империя тарихын зерттеу жалғасын тауып, 8 томдық «Британ империясының Кембридждік тарихы»  (1929 – 1959) шықты. Зерттеудің дәстүрлі бағыты ретінде Ағылшын революциясы қалды. Тарихты библиялық жолмен түсінуді сынға ала отырып, британ тарихшылары ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Англиядағы оқиғалар үшін «Революция» терминін қолданудан бас тарта бастады. ХҮІІІ ғасырдағы Ұлыбританияның саяси тарихын зерттеуде үлкен үлесті концервативтік бағыттың ірі тарихшысы  Льюис Бернстейн Нэмир (1888 – 1960) қосты. Ол Манчестер университетінде жаңа тарих кафедрасын басқарды.  Оған үлкен атақты  «(1760 – 1820 жж. ІІІ Георгтің тақта отырған тұсындағы саяси құрылым» (1929) және  «Англия американ революциясы кезеңінде» (1930) еңбектері әкелді. Нэмир нақты тарихқа үңіле отырып, ол ХҮІІІ ғасырда елде парламенттік демократия институттарының күшею үрдісі жүргендігі туралы вигия концепциясының ең маңызды жағдайын сынға алды. Ол саяси көшбасшылардың кеудемсоқтық пен ашкөздік жақтарын, саяси өмірдің шектен шыққан арсыздығын ашты, бірақ бұл моральдық бағамен сүйемелденбеді. Нэмир өзінің айтуы бойынша, «адам іс-әркетінің маңызды мотивациялық факторларын» ашуға тырысқан. Саяси идеялар оған жеке адамдардың өзіндік іс-әрекеті болып көрінді. Нэмир британдық саяси өмірді зерттеу үшін парламент мүшелерінің әлеуметтік байланыстары, карьерасы мен өмірі туралы мәліметтер жинау  әдісін байқап көрмекші болды, және қоғамның саяси өмірін идеялар күресі емес, жеке байланыстар негізінде қалыптасқан топтар мен қауымның қақтығысы деп елестетті.

Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде британ тарихи ғылымының тағы бір  даму тенденциясы экономика тарихына  деген қызығушылықтың өсуі болды, және университеттерде бірінен соң бірі экономикалық тарих кафедрасы ашыла бастады,  1920 жылы Манчестер университетінде,   1921 жылы Лондон университетінде,  Кембриджде –  1928 жылы және  Оксфордта  1931 жылы.  1926 жылы Экономикалық тарих Қоғамы құрылды, ал   1927 жылдан бастап «Экономикалық тарихқа шолу» атты журнал шыға бастады. Үкіметтің араласуымен  1938 жылы   Лондонда әлеуметтік және экономикалық зерттеулердің Ұлттық институты құрылды.  Либералды және радикалды-демократиялық бағыттағы тарихшылар әлеуметтік тарихта өздерінің түсініктерін оңашалады, олардың ішіндегі ең белгілілері Р. Тоуни және Дж. М. Тревельян болды. Олар әлеуметтік тарих астарында әр түрлі тарихи кезеңдегі  қоғамның төменгі қабатының жағдайы, тұрмысын және әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуді жатқызды.  Әлеуметтік тарих бойынша ең белгілі еңбек Дж. М. Тревельянның « Англияның әлеуметтік тарихы» (1944)  атты зерттеуі болды, онда әлеуметтік тарихтың пәні өткен уақыттағы берілген ел халықтарының күнделікті өмірі сияқты кең таралды, ол адамзаттық қатынасты, әр түрлі таптардың бір біріне деген экономикалық қатынасты, үй шаруашылығын, отбасылық қатынастар сипатын, еңбек пен демалыс жағдайын қамтыды. Адамның табиғатқа қатынасын, осы тұрмыс жағдайында пайда болған әр кезеңдегі мәдениетті қамтиды. Әлеуметтік тарихқа аймақтық тарихта ене бастады.

Әлеуметтік – экономикалық тарихпен айналысып жүрген зерттеушілер, ағылшын революциясын саяси – конституциялық келіспеушілік ретінде түсіндіруде қанағаттанбаушылықты сезінді. Бұл вигиялық тарихнамаға тән болатын және оның пайда болуын әлеуметтік – экономикалық факторлар әсерінен деп түсіндіруге тырысты. Бұл бағыттағы еңбектердің негізін  Ричард Тоуни (1880 – 1962) салды, 1912 жылы  « XVI жүзжылдықтағы аграрлық мәселе» атты еңбекті басып шығарды. Ол Лондон университетінің профессоры болды және лейбористік партия әрекеттеріне қатысты. 1926 жылы Тоуни «дін және капитализмнің өсуі» атты еңбегін басып шығарды, онда  ол протестантизм капитализм қалыптасуының факторы болды деген пікірді ұстанатын М.Вебермен айтысты. Тоуни  капитализм діни феномендер негізінде пайда болды, ал протестантизм капиталистік дамуға дағдыланып, капитализмнің діни ақтау атмосферасын құру бағытында жеке әсер алды.   1941 жылы  Р. Тоуни  «Джентридің өркендеуі, 1558 – 1640жж» атты мақаланы басып шығарды, онда ол ағылшын революциясының пайда болуын джентрилердің көтерілуімен және экономикада капиталистік құрылыстың дамуымен байланыстырады.

Британ тарихнамасы соғыс жылдары марксизмнің әсерін де байқап көрді. 1938 ж

123
скачать работу

ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарих ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ