Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарих ғылымы

ылы  А. Л. Мортон Британияның қысқаша тарихын марксистік позицияда жазып көруге тырысып бақты. Соғыс аралық кезеңде 1940 жылы Ағылшын революциясын буржуазиялық революция ретінде жазған еңбегін басып шығарған белгілі тарихшы  Кристофер Хилл болды.

Британ тарихнамасында елдегі өндірістік төңкеріліс тарихына үлкен мән берілді. Солшыл либералды тарихшылар осы кезеңмен байланысты «өндірістік революция» түсінігін де қолданды. Соғыс жылдары экономикалық тарих бойынша аса ірі еңбекті   Джон Клэпэм (1873 – 1946) басып шығарды.  Оның  3 томдық «Ұлыбританияның экономикалық тарихы» (1926 – 1938) еңбегінде  XIX –  XX ғғ.  елдің экономикалық дамуы көрініс тапты. Еңбектің авторы «өндірістік революция» түсінігін қолданудан бас тартты.  Клэпэм экономикалық тарихқа келгенде ол қатаң санды талдауға негізделуі керек және фабрикалық өндірістің қалыптасу үрдісінде жалданып жұмыс істейтін адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуі туралы тезисті ұстанды.

Білімнің ерекше саласы ретінде бұл кездері тред-юниондардың пайда болуы және еңбекшілердің әр түрлі топтарының жағдайын зерттеумен айналысатын «Жұмысшы тарихы» да қалыптаса бастады.

Мұндағы ірі тарихшы, Оксфорд университетінің профессоры Джордж Дуглас Говард Коул (1889 – 1959) болды, ол лейбоистердің сол қанатына жатты. Ол жұмысшы қозғалысы тарихы бойынша биографияларды басып шығарды. Коул фабрика жұмысшылары біртіндеп өз жағдайына бейімделіп, тред-юниондар құра отырып оны жақсарту үшін күресті. Ол социализмді түсінуге этикалық ыңғайды ұсынды.

123
скачать работу

ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Американың тарих ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ