Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХIХ — ғасырдың саяси концепциялары



 Другие рефераты
Орта ғасырдағы саяси ілімдер Жаңа заманның саяси ғылымының қалыптасуы және дамуы Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны Саяси билік — саясаттанудың негізгі проблемасы

ХIХ – ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-құқықтық теориялардың негізгі бағыттары. Бұл мерзімде капиталистік өркениет екі дәуірлік фаткордың ықпалымен дамыды. Біріншіден, Ұлы француз революциясы капитализмге даму жолын тазартты. Екіншіден, өнеркәсіптік төңкеріс капитализмді орнықтыра түсті. Монополизмге дейінгі капитализмде буржуазиялық бостандыққа, прогреске, заңдылыққа ұмтылысы байқалды. Буржуазиялық саясаттың негізгі бағыты либерализм болды. Бірақ либерализм дәйекті болған жоқ. Буржуазиялық ескі феодалдық қалдықтармен: дворяндармен, монархиямен компромиске келіп отырды. Буржуазия пролетариаттан да қорықты. Енді ХYIII-ғасырдағы «бостандық, теңдік және бауырластық» жолындағы патшалық «буржуазияның патшалығына» айналды. Билікке ие болған буржуазия революциялық идеологиядан бас тартып, саясаттың, құқықтың, мемлекеттің либералдық теорияларын жасап буржуазияның өктемдігін барлық жағынан қорғады.

Мұндай буржуазиялық либерализм Францияда Бенжамен Констанның (1767-1830) «Конституциялық саясаттың бағыты», ағылшындық Иеремия Бентамның (1748-1832) «Заңдылық принциптері», «Деонтология», «Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің бастамасы» деген еңбектерінде көрініс тапты. Неміс тарихшысы, экономисі Лоренц фон Штейн (1815-1890) «Қазіргі Франциядағы социализм мен коммунизм», «Франциядағы әлеуметтік қозғалыстың тарихы», «Қоғам туралы ілім», «Басқару теориясы» деген шығармаларында буржуазиялық идеологтардың ең алғашқыларының бірі болып жоғарыда сөз болған мәселелерді зерттеді. Гегельдің әсерімен ол мемлекеттік және азаматтық қоғамдарды ажырата білді. Конституциялық монархияны өте дәріптеді. Пролетариатты алаңдату керек деді.

Француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857) 6 томдық «Позитивті философияның курсы» мен 4 томдық «Позитивтік саясаттың жүйесі» деген шығармаларын жазды. Конттың позитивизмі бойынша, ғылым еш нәрсенің ішкі мәнін анықтай алмайды, тек құбылыстарды ғана түсініп біледі. Ол Сен-Симонның ізімен адамзаттың жеке адамның да интеллектуалды рухани дамуының үш сатысы жөніндегі идеяны дамытты. Қоғам дамуының алғашқы теологиялық сатысында барлық құбылыстар діни тұрғыда түсіндірілсе, екінші метафизикалық сатысында құдыретті күштердің орнына табиғат құбылыстарының себебі, мәні арқылы түсіндіріледі. Үшінші дәуірде қоғамдық ғылым пайда болып, қоғамның жарасымды, рационалды ұйымдасуына мүмкіндік туады.

Конттың социологиясы әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлінеді. Конт Сен-Симон сияқты социализмге үзілді-кесілді қарсы шықты, капитализмді қорғау керек деді. Адамдарды діннің қыспағынан азат етуді қолдады. Оның орнына социократияны, капиталистік антиутопияны таңбақшы болды.

Ортағасырлық позитивизмнің негізін салушылардың бірі ағылшындық психолог Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымдамасы әлеуметтік көзқарасымен қоғамның органикалық теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социализмге қарсы болып, рефолюцияны қоғамдық организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте дифференсация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі қарапайым немесе жыртқыш, екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғылданатыны соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық–функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда.

Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер. Қарастырылып отырған кезеңде феодализм ыдырай түсті. Орыс самодержавиесінің саяси бағыты реакциядан либерализмге дейін өзгеріп отырды. Көптеген либералдық реформалардың жобалары жасалды. Дворяндардың басым көпшілігі заңдармен шектелмеген самодержавиені және крепостниктік правоны сақтап қалуды жақтады. Бұл Карамзиннің саяси идеологиясында анық көрінді. Осы тұста декабристердің де тарих аренасына шыққандығы белгілі.

Александр I патшаның статус-секретары болған Михаил Михаилович Сперанский (1772-1839) рефолюцияны болдырмау үшін самодержавиеге конституциялық монархия түрін енгізуді ұсынды. Оның ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарасы помещиктердің наразылығын туғызды. Сперанскийдің басқаруымен Ресей империясының 45 томдық заңдар жинағы шықты. Онда сенатта үш тармақ: заң шығару, орындаушы, соттық деп көрсетіліп, мемлекеттік Совет, мемлекеттік Дума құру ұсынылды. Азаматтардың азаматтық және саяси құқықтарының болуы көрсетілді. Жоғарғы мемлекеттік қызметті тек дворындар ғана алуы мүмкін. Төменгілердің саяси құқығы болмайды. Ол крепостниктік құқықты жоюды әлде неше рет айтқан. Бірақ помещиктердің жерінің сақталуы көрсетілген. Ресей үшін самодержавиелік шексіз билік бірден-бір қажетті дейді.

Анархо-синдикализм. Париж коммунасы жеңілгеннен кейін әртүрлі сектанттар, реформистер, анархистер, әсіресе Бакунин шабуылға шықты. Мемлекетті жою керек деген бакунизмнің субъективистік-идеалистік докторинасына Маркс пен Энгельс қарсы шықты. Бакуниннің анархистік көзқарасы Прудонның ықпалымен қалыптасты. Бакуниннің түсінігі бойынша тарих адамзаттың «жануарлар дүниесінен», «бостандық дүниесіне» эволюциялық жолмен көшу процесі. Зұлымдықтың барлығы мемлекеттен деп қате түсініп, мемлекеттік құрылысқа, пролетариат диктатурасына қарсы шықты. Бакунин әлеуметтік революцияны қиялдай отырып, оның мазмұнын, жұмысшы табының тарихи міндетін түсіне алмады. Ол бар үмітін шаруа, қаланың жартылай пролетриаты мен люмпен-пролетариатқа артты.

Петр Алексеевич Кропоткин (1842-1921) князь, рефолюционер, анархист, географ, ғалым болған адам. «Біз болашақ құрылыстың мұратын қарастыруға тиістіміз бе?», «Революциялық насихат бағдарламасы» деген еңбектер жазып, өзінің анархистік көзқарасын баяндады. Оның ықпалымен Ресейде анархистік топтар құрылды. Бірінші орыс революциясы жылдарында «Анархия, оның философиясы, оның идеалы», «Анархия және оның социалистік революциядағы орны» деген еңбектерін жазды. Қазан төңкерісінен кейін Ресейде «таптарды татуластыру» идеясын насихаттады. Қанаушыларға қарсы күрес – прогрессивтік, бірақ ол өкімет билігі үшін күреске айналмауы тиіс, өйткені әрбір өкімет, тіпті революцияшыл диктатураның өзі де зорлықтың, деспотизмнің құралына айналады деп есептеді. Болашақ қоғам өзара көмек пен ынтымаққа негізделген ерікті федерациялық одақтар болуға тиіс. «Өкіметсіз социализм» жолындағы революциялық күрес туралы утопиялық идеясы да бар. Кропоткин «Ұлы Француз революциясы» атты еңбегінде революция эволюциямен алмасады деген пікірін қоғам дамуының ортақ заңдылығы деп ұсынды. Революция орындай алмағандарды эволюция жүзеге асырады деді.

Ресейде революциялық демкоратизм идеяларының таралуына Александр Иванович Герцен (1812-1870) көп әср етті. «Ғылымдағы дилетантизм», «Табиғатты зерттеу жөніндегі хаттар», «Коперниктің күн системасы», «Адамның табиғаттағы алатын орны» деген еңбектерінде адам мен табиғаттың, материя мен сананың, эмпирия (тәжірибе) мен ақыл-ой бірлігінің мәнін түсіндіруге тырысады. Ол Гегель диалектикасын «революцияның алгебрасы» деп, адамзаттың антогонизмсіз қоғам орнату мақсатында дамуын заңды деп дәлелдемек болды. Герцен келешекте ақыл-ойдың құдыретімен тарихтың ең қажетті кезеңдері: антикаға тән табиғатқа табыну, реализм жеке адамның тәуелсіздігі, рухани бостандық принциптері жүзеге асады деп үміттенді. Осы принциптерді социализм мұраттарымен барабар деп санады. Герцен тарихи дамуыдың заңдылығы адамзат қоғамының ішкі қайшылықтарынан, билеп төстеушілер мен езілген таптардың арасындағы күрестен туады деп білді. Капиталистік құрылысты өткір сынады, буржуазиялық либерализмді әшкерледі. Әдебиет самодержавиеге қарсы күреске шақыратын қуатты құрал деді. Езілген халықтарға көңіл бөлді. Есет Көтібаровтың көтерілісін жазалаған патша өкіметін айыптады. «Өткендер мен ойлар» шығармасы Ресей мен Батыс Еуропадағы қоғамдық өмір мен революциялық күрестің шежіресі, орыстың қоғамдық ой-пікірлеріндегі идеялық ізденістің тамаша ескерткіші.

Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) революционер-демократ, социалист-утопист. Елдегі патшалыққа, феодалдық-буржуазиялық қоғамға қарсы, революциялық-социалистік идеяларға сенімді болды. Революциялық Ресейдің танымал көсемі революциялық ұйым құру идеясын «Өзгерістердің басы емес пе?» деген мақаласында насихаттады. Басыбайлылық пен патшалық тәртіпке қарсы революциялық күреске берілді. Шаруалар революция арқылы Ресейде социалистік қоғамдық қатынастарға апаратын жолға түседі деп сенді. «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде адамның тума қабылетін, білімін жоғары бағаласа, «Даналық теориясында» ағартушылық рационализмге бой ұрады. Көркемөнердің шын мақсаты адамды азат етуге бағытталуы керек деген жаңа эстетикалық теория жасады. «Не істеу керек?» атты романы соның кепілі. «Пролог» романы да қоғамды революция арқылы қайта құру проблемасына, «жаңа адамдарға» арналған. Чернышевскийдің еңбектері Ресейде марксизм-ленинизм идеяларының қанат жаюына негіз қалады.

Революцияшыл-халықшыл Петр Лаврович Лавров (1823-1900) «Тарихи хаттар» деген еңбегінде тарихты оқыған интеллегент адамдар дамытады деп тұжырымдады. Орыс қоғамын қайта құру адамдардың күшімен жасалатындығын айтты. Орыс революционерлерінің мақсаты шаруалардың әлеуметтік революция жасауға жеткізу деп білді. Ол үшін «ғылыми социологиялық ойды дамыту, ха

12
скачать работу


 Другие рефераты
Просвещенный абсолютизм Екатерины II
Сезім мүшелерінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері
Малоотходные и безотходные технологии
Әлеуметтік психологиясы идеяларының қалыптасу тарихы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ