Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты



 Другие рефераты
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам Тегеран конференциясының ашылу себептері

Европада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль 2- майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан бұрынырақ Оңтүстік шығыс және Орталық Европаға жайғастырып, Европа халықтарын билеп- төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді.

   Тегеран конференциясының 28 Қарашадағы бірінші жалпы мәжілісінде Түркияны одақтастар жағында соғысқа итермелеу жөнінде У.Черчилль мәселе көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша Түркияның соғысқа кіруі Дарданелл мен Босфор арқылы қатынас жолын ашуға, сөйтіп Совет Одағына Қара теңіз арқылы қатынас жолын ашуға жабдықтарды жіберуге мүмкіндік туып, оңтүстік порттарда жүк түсіру тұрақты түрде жүзеге асырылады деп сендірді.

Ағылшын үкіметінің генералдары Түркияның соғысқа кіруі одақтастарға үлкен артықшылықтыр әпереді және Румыния мен Болгарияның соғыстан шығу мүмкіндігі тұрғысынан үлкен маңызға ие болады , бұған қоса Түркияда одақтастардыңавиабазасын жасау немістердің маңызды объектілеріне, атап айтқанда олардың Румыниядағы мұнай көздеріне шабуыл жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп шешті. Егер Түркия соғысқа кіру жайлы соғысты қабылдамаса, мұның Түркия үшін елеулі салдарлары болатынын және Босфор мен Дарданелл қақындағы оның правосына әсер ететіндігін ескертті. Ақыры 1945 жылы 23 Ақпанда Түркия Германия және Жапонияға соғыс жариялады. Бұл кезде Болгария , Румыния, Югославия азат етілген еді де, майдан түрік шекараларынан мың километрге қашықтап кеткен болатын. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Европадағы соғыс бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын білдірді. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын «Дунай федерациясын« құру жөніндегі жоспарды қолдады

КСРО өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу мәселесін қабылдатпады. Тегеран конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық тұтастығын сақтау керек екендігін ескертті. Германияны бөлшектеуде бірінші Пруссияны қалған Германиядан оқшаулау, екіншісі Германияның оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті, Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды. Өз кезегінде В. Сталин оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен Австрия бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды.

скачать работу


 Другие рефераты
Вексель
Ш.МҰРТАЗАНЫҢ «ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
Беларусь на международной арене в период с 1945 по 1985 года
Государство в политической системе общества


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ