Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ – ХХ ғасырлардағы – ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм

ағы басты қоныстану пунктері, қалалары, табиғи және тарихи ескерткіштердің сипаттамасын жасады.

Бұл кезеңде Ресейде алғашқы туристтік фирмалар пайда болды. Осылайша, 1885 жылы Петербургте Леопольд Липсонның кәсчіпорны ашылады. Фирма туристтерді саяхат кезінде барлық көрікті жерлермен таныстыруға міндеттенді.

ХІХ ғасырдың соңында ресейліктер арасында екінші таулы аудан – Кырым әйгілі бола бастайды. Ол кезде Кырымның емдік климаты демалу жүйесінде ауруы бар адамдар үшін онды және шипалы қасиеттерге ие болды. Осы қасиетіне байланысты Кырым Ресейдің ең көп барылатын жеріне айналды.

80-ші жылдардың соңында Ялтада «Табиғат, таулы туризм және Кырым тауларын сүйгіштердің үйірмесі» ашылды. Ол туризм мен саяхаттардың дамуына көп үлес қосты. 1890 жылдың 25 қаңтарында оның негізінде «Кырым тау клубы» құрылды.

Кырым мен Кавказ түзды сулармен қатар, Сочидің де атағы әйгілі бола бастайды, онда 1909 жылы алғаш пансионат құрылады.

Емдік туризммен қатар, ХІХ ғасырда Ресейде тау туризмнің ролі көтеріле бастайды. Оның басы өткен ғасырдың 20-шы жылына келеді. Кавказдың Эльбрус пен Казбек шындарымен байланысты. ХІХ ғасырдың соңында Ресейдің қалаларының ішінде туристтік шығармашылығы дамығандары – Тифлис (Тбилиси), Баку, Ереван, Владикавказ, Пятигорск, Кисловодск, Батуми және Кутаиси болды. 1890 жылы Одессада Қырымдық тау клубы құрылды, кейін Қырымдық-Кавказдық болып аталынады.

Осылайша, ХІХ ғасырдың соңында – ХХ ғасырдың басында Ресейде кейбір еуропалық мемлекеттер үлгісімен алғашқы туристтік ұйымдар құрылып, Кавказ, Кырым тауларымен танысу, зерттеулердің басын ашып берді. Олардың іс-әрекеттері кең қанат жаймағанымен, туристтік –экскурсиялық жұмыстың тұрақтауына септігін тигізді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде бірқатар туристтік және экскурсиялық қоғамдар пайда болады. Олардың мүшелері тек өз өлкесінің табиғи байлықтарын өздері зерттеп қана қоймай, сонымен қатар табиғатпен қызығушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырды.

Көтеріліске дейінгі кезеңнің Ресейдегі ең бұқаралық сипатты туристтік ұйымы Орыстың туринг-клубы болды.

Бұл клубтың пайда болуының себебі ХІХ ғасырдың соңында кеңінен тараған екі дөнгелекті велосипедтер болды, олар сол кезеңде қозғалудың жайлы құралына айналып, ұзақ қала сырты серуендер үшін жиі пайдаланыла бастады. Біртіндеп Орыстың туринг-клубы (ОТК) Ресейлік туристтер қоғамына айналып, іс-әрекеті бөлімшелері арқылы Ресейдің көптеген аймақтарына дейін жетіп отырды. Қоғамның басты мақсаты жалпы туризмнің және велосипедтік туризмнің дамуына көмектесу болды. ОТК өзінің гулдену жылдарында 5 мың адамның басын қосты.

Осылайша, Ресейдің тау қоғамы және туристер қоғамы құрылады. Петербургте, Мәскеуде, Владикавказда, Пятигорскіде, Сочиде, Верныйда Ресейдің туристер қоғамының бөлімшелері болды. Оны құрышулар әлемге әйгілі ғалымдар Д.Н. Анучин, В.И. Вернадский, П.П. Семенов-Тянь-Шанскийлер болатын.

1901 жылы Мәскеуде Орыстың тау қоғамы (ОТҚ) ашылып, оның Владикавказ, Пятигорск, Сочиде бөлімшелері болды, қоғамның мақсаты таудағы, әсіресе Кавказдағы саяхаттарды дамыту еді.

1902 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Сочиде Кавказдың тау клубының бөлімшесі жұмыс істей бастайды.

Бір уақытта туризм мен экскурсиялардың жаңа ұйымдық нысандарын іздеу басталды. Кейбір мекемелерде қала сыртында экскурсиялар мен туристтік жорықтарды өткізуге міндетті бөлімшелер ашылды.

Алғашқылардың бірі болып бұл жұмысты ағарту ісінің халықтың комиссариаттың мектептен тыс бөлімшесі (Наркомпрос) 1917 жылы қараша айында бастады. Оны Н.К. Крупская басқарады.

Кеңестік Ресей кезінде жаппай туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізген В.И. Лениннің өзі қолын қойған декреттер болды, жеке алғанда: 8 – сағаттық жұмыс күнін еңгізу төленетін демалыстар, денсаулық сақтау және курорттар жүйесін құру (наурыз, 1919ж), сондай-ақ демалыс үйлерін ашу (мамыр, 1921ж.).

1919 жылдың наурызында В.И.Ленин «жалпы мемлекеттік маңызы емдік орындар» туралы декретке қол қойып, бұл емдік туризм мен шипалы бұлақтарға, ұйымджастырылатын экскурсиялардың дамуына септігін тигізді.

1920 жылы Нркомпрос жанында Бірлескен лекциялық – эскурсиялық бюросы – қазіргі туристтік-экскурсиялық мекемелердің бейнесі құрылып, мақсаты – пролетарлық туризм мен экскурсиялардың кеңінен насихатталуы.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының басында туризм мен экскурсияға деген қызығушылық арта бастады. Экскурсияларға, сапарлар мен саяхаттарға мыңдаған жұмысшылар қамтыла бастады. Солайша, Наркомпростың тек бір экскурсиялық секциясы 1921 жылы ай сайын 400 – ден астам топтық экскурсияларды өткізіп отырды. 1923 жылдың өзінде Наркомпрос және мектептен тыс жұмыс әдістерінің Институты туристтік топтардың (2,5 мың) оқытушы топ жүргізушілерін оқытты. Білім беру жүйесінің басқа қаладағы жұмысшыларының 10 күндік семинарларын өткізді.

Наркомпростың орталық үйіндегі экскурсиялық үйірмелері мен семинарында және оның Мәскеудегі аудандық үйлерінде мұғалімдер мен  комсомолдық белсенділер біліктілігін арттырды. Олар, негізінде, кеңестік туризмдегі ең 1-ші кәсіптенген кадрлар болып саналды.

20-шы жылдардың басында туризм географиясы құрыла бастады. 1918-1920 жж. жорықтар мен сапарлар локалды түрде Мәскеу және Петроград губернияларының ішінде орындалды, ал 1921-1924жж. туристтік сапарлар олардың сыртына шегіле бастады.

Кәсіби одақтар, В.Л.К.С.М. және Наркомпрос 1924-1928жж. елдегі туристтік – экскурсиялық жұмыстың жетекшілеріне айналды. ВЛКСМ туризм бюроларын комсомолдық комитеттер жанынан ашты. Бюро алдына қойылған мақсат – жергілікті «бұқаралық саяхаттар қоғамдарына» көмектесу, анықтамалық-нұсқаушылық жұмыстарды жүргізу болды. Бұл бюролар маңынан келесідей секциялар құрылды: өлкетану, лагерлік, ұзақ, қала маңайы туризм бойынша.

1927 жылы бұқаралық туризмнің Орталық бюросы алғаш рет еңбекшілерге елдің алты аймағы бойынша 39 маршрутты ұсыну арқылы туризм мен экскурсиялардың географиясын кеңейте түсті. Бұл алты аймақ мыналар: солтүстік-батыс, Орталық өнеркәсіптік, Орта-Волгалық, Уралдық, Кырымдық, Кавказдық.

Пионер лагерлерінің ішінде әйгілісі 1925 жылы құрылған Артек болды. 1930 жылдары Кеңес одағында туристтік қозғалыспен жылына екі миллионнан артық адам қамтылды, олардың көбісі Кырым мен Кавказға барды.

1937-1940жж. Туризмнің құрылымының кешенді қайта ұйымдастырылуы өткізілді. Оның негізіне капитал салымдарын, кадрларды, рекреациялық іс-әрекет географиясын қатаң мемлекеттік-партиялық жоспарлау алынды. Жоспарлы туризмді іске асыру ВЦСПС-тің 25 туристтік-экскурсиялық басқармасына, 16 туристтік-экскурсиялық бюроға, 165 туристтер үйіне, 50 турбазаға, 12 туристтік қонақ үйге, 24 стационарлық лагерьге, 19 туристтік-альпинисттік приютке және жүдеген маусымдық шатырлық тұрақтар мен кемпингтерге жүктелді.

12
скачать работу

ХІХ – ХХ ғасырлардағы – ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ