Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ – ХХ ғасырлардағы – ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм



 Другие рефераты
Қазақстанда туризмнің даму тарихы ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм Алғашқы ұйымдастырылған экскурсиялар

ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

- көлік құралдарының дамуы

- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;

- урбандалудың дамуы;

- бос уақыттың артуы;

- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарлауы;

- туризм жөніндегі мемелекеттік саясат.

Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.

Ең 1-ші темір жол желісі – Манчестер – Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристтік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.

Теңіз техникасының дамуы әсіресе желкенді кемелер орнына пароходтардың қолданысқа енуі континент аралық саяхаттарды жақсартты. Атлант мухитін кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль – Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20 — 25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды.

Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық теңіздер әсересе Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды.

Өткен ғасырдың 20-шы, әсіресе 30-шы жылдары көптеген елдердің туристтік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың шетелдіктер, бүкіл шетелдік туристтердің 47,8 % құрады.

Туристтік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, «туристтік индустрияның» маңызды тірегіне айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер – Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады.

Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды.

Томас Кук Египетке, Палестинаға, ақшқа тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен компаниондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания – барлық континенттегі туристік іс — әрекетпен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Қазір «Томас Кук » компаниясының 12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке қызмет көрсетеді.

Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық алып клубы – 1857 жылы Лонданда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы бекітіленеді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне  басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі.Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.

ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40 – шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді.

Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп ХХ ғасырдың феномені атағына ие болды.

Бұрыңғы КСРО-да туризмнің дамуы Ресей мен бқұрыңғы КСРО-дағы туризмнің даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және кемелдену процестерінің сатысы.

Негізінен 5 саты көрсетілген:

1)      Ағартушылық (1890 жылға дейін);

2)      Кәсіпкерлік (1890-1927жж.);

3)      Ұйымдастырушылық-ортылықтанған (1927ж — 1960ж. соңы);

4)      Әкісшілік-нормативті (1969-1990жж.);

5)      Өтпелі (1990ж. бастап).

Ресейде туризмнің пайда болу уақыты жөнінде бірдей пікірге әлі де келген жоқ. Мүмкін оның дамуының алдындағы жайт ХVІІІ ғасырдың басына жатады, бұл кезде Петр 1 1718 жылы 12 ақпандағы жарлығы бойынша, Ресейдегі өлкетанудың негізін қалады. Бұл жарлығында барлық қызықты табылған зат немесе ашылыстар жөнінде хабар беріп отыру керектігі айтылды. Көп ұзамай Петербургке алғашқы өлкетану мұражайы – кунсткамера ашылды. Петр 1 өзі қызу саяхатшы еді. 1697-1698жж. Өзінде ол Еуропа бойымен өзінің бірінші саяхатын жасаған. 1716-1717 жылдары Петр 1 Голландия, Германия және Францияға екі жылдық сапар шекті.

Патшалық Ресейде емдеу мекемелерінің алғашқы даму кезеңі ХVІІІ ғасырға келеді. Оның құрылысын 1713 жылы бастаған Петр 1 болды. Көне орыс курорттарына жататыны – Кавказдың тұзды сулар курорты (Пятигорск, Кисловодск, Ессентуки, Железноводск), оларға 1803 жылы жалпы ресейлік атақ берілген.

Негізінен, Ресейдегі саяхат сүйгіштердің ең бірінші қамқоршысы Екатерина II болды деп сепетелінді.

1775 жылы Екатерина II Ресей бойымен танысу саяхаттары дәуірін ашты. Князь Григорий Потемкиннің ұсынысымен Екатерина II уәзірлері мен шетелдік емшілері империяның бүкіл батыс бөлігін кесіп өтіп, Днепр өзені бойымен жүзіп , салынып жатқан Херсон және Севастополь қалаларын көріп шықты.

Алайда, зерттеулердің көбі ұйымдасқан туризмнің басын 1777 жылға – Мәскеуде Веньямин Геншеннің «Бөтен елге көзделетін саяхаттың жоспары» атты басылымның жылына балайды. Себебі будан ертерек Ресей бойымен немесе шетелге жасалған ұжымдық саяхаттар жөнінде ешқандай құжыттық дәлелдер табылмаған.

Генштің жсопары жас дворяндар кішігірім тобының неміс, итальян немесе француз университеттерінің біріне «жас адамның игілігі үшін қажетті және пайдалы болуы мүмкін нәрселерді үйренулері» үшін саяхатын қарастырды.

Университеттерді көргеннен кейін Швейцария, Италия және Франция бойымен өтетін маршрутпен ол елдердің өнері мен фабрикалық жұмысының құрылымымен танысу үшін жүріп шығу көзделді.

Қатысушылардың әрқайсысы Геншке шараны ұйымдастырушы ретінде контракт бойынша сыйақы төлеуге міндетті еді.

Қалай болса да, В. Генштің «жоспары» ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегіндегі шетелге ұйыдастырылған туристтік саяхаттар бойынша ең алғашқы ұсыныс еді. Әрине, мұндай іс-әрекеттің ең алғашқы жарияламасы да осы «Жоспар» болды.

Жол сілтегіштердің пайда болуы – Ресейде ХVІІІ ғасырдың соңында туризмнің пайда болуының дәлелі.

Ресейде ең алғашқы туристтік ұйымдар Кавказда құрылды. Бұл өз кезегінде кездейсоқ жағдай емес, көне дәуірлердің өзінде Кавказға саяхатшылар келуші еді. Оларды өзіне еліктететіні, ең бастысы, порттық қалалар болды. Кавказдың теңіз маңы қалалары: Батус (Батуми), Фазис (Поти), Гионос (Очамчира), Питнус (Пицунда), Григлиф (Гагра), Бата (Новороссийск), Горгиппия (Анапа), Диоскурия (Сухуми), және т.б. Ең көп басқарылатыны Фазис пен Диоскурия болды.

Орта ғасырларды Кавказ аудандарына кеңінен саяхаттар жасалып, олардың мақсаттары тек діни және сауда болып қана қоймай, танымдық мақсаттар да көзделеді. Олар үшін арнайы керуен жолдары салынды. Олардың бірі «Индияға жол» атымен көне замандардан бері белгілі. Бұл жол Қара теңіздің жағалауынан басталып (қазір Сухуми ауданынан), Кавказ жоталарын кесіп өтіп, Албания арқылы (Әзірбайджан) алыс Индияға алып берді. Армения, Әзербайжан, Дағыстан және Кавказдың басқа да жерлерінде транзиттік жолдар бойында қонақ үйлер мен керуен сарайлар салынды.

1877 жылы Тифлисте Кавказ жаратылыстану қоғамы жанында Ресейде алғаш альпілік клуб ашылады. Бұл клубтың белсенді қатысушысы әйгілі Кавказ зерттеушісі А.В. Пастухов болды, оның атымен эльбруста 500 м биіктікте орналасқантасты алаң – Пастухов панасы аталған.

1888 жылы Тифлисте ең алғаш рет Кавказ бойымен жол көрсеткіш жасалып, сүреттер мен карталар безендірілді.

Оның құрастырушы Е. Вейденбаум кітабында Кавказ өлкесінің толық сипаттамасын жасап, 9 маршрут бойынд

12
скачать работу


 Другие рефераты
Становление понятий о химическом элементе
XIX ғасырдың 40 — 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Древние греки


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ