Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ыбырай Жақаев

ы соншалықты, жиын президиумдарында күн ұзақ тапжылмай, қимылсыз отыратын-ды. “Тек көзін жыпылықтатқанынан ғана тірі адам дерсің, немесе құдды тас мүсін еді ғой”, – дейтін білетін кісілер. Өзінің бір басынан асып-төгіліп жатқан атақ-даңқты жеке басына пайдаланған жан емес, қарапайым ел қатарлы өмір сүрді. Ол кісінің қарапайымдылығы мен кең пейілділігін замандастары былай сипаттайтын еді. Халықта: “Пейілі тар адамның ішіне қыл симайды деген сөз бар. Ал біздің Ыбекеңнің кеңпейілділігі сонша, ішінен ат ер-тұрманымен айналады”, дейтін. Ыбекең ерте көктемде егіс басына көшіп барып, күзде күрішін жиып-теріп, елге бір-ақ қайтатын.

Егістік маңайынан шықпайтын. Күріштік Ыбекең үшін бұл дүниенің пейіші-тін. Жерді өзі таңдайды, арық, атыздарын өзі белгілейді, өзі қаздырады, өзі соқтырады. Өзі мұрап, өзі агроном, бәрін біледі, оқымай тоқыған. Жердің тұздылығын тілімен анықтайды. Бір өзі – бір лаборатория. Күрішті қолмен сеуіп, су жіберер кезде бірер қап дәнді құлақтардың сағасына тастайды, атыздағы күрішпен бірге ол да бөртіп, өсіп жатады. Кейін оны күріш көшкен, сирек шыққан жерлерге, атыз жиектеріне қолдап себетін.

Күріш су бетіне шыққан кезде жиі өскен жердің өскінін сирек тұсқа көшеттейтін. Сөйтіп ол кісінің күріш атыздарында алақандай жер де бос болмайтын. Төбеден қарасаң жер көрінбейді, жанынан қарасаң ине өтпейді.

Адам қаншалықты күшті, құдіретті болғанымен ол өз шыңына шығу үшін оған соншалықты көптеген қолдаушылар, жәрдемшілер, көмекшілер, кеңесшілер, тілектестер, бапкерлер керек. Ыбекеңе тағдыр осының бәрін оңынан кездестірді. Әсіресе, диқанның өмірлік бригадирі Қойшыбай Оразымбетов пен білгір, жаңашыл агроном Әнес Алтынбековтің еңбегі ерекше. Күріш жөніндегі ғылымды дамытуда, тәжірибені жетілдіруде, агротехниканы қалыптастыруда Ыбекеңнің, Әнекеңнің, Қойшыкеңнің бірігіп атқарған жұмыстары бір ғылыми-зерттеу институтының қызметіне пара-пар.

Ыбекеңнің шәкірттері көп. Олар ақ күріштен еңбегі жанып, бақытын тапқан жандар. Қарт диқанның құтты жолымен, ақ батасымен облыстағы 91 Социалистік Еңбек Ерінің, 35-і Шиелі ауданынан тәрбиеленіп шықты.

Дүние жүзі халықтарының үштен екі бөлігі күрішпен тамақтанады. Сыр бойы халқы да бұл дақылды ардақтайды, аялайды. “Күміс күріш”, “Сыр сұлуы”, “Сыр аруы”, “Сыр маржаны”, деп әнге қосады. Ежелгі күншығыс елдерінде аса құрмет тұтатын дақыл – күрішті патшаның өзі бастап себеді екен. Сол дақылды қазақ жерінде, Сыр елінде бірінші боп сеуіп, халқының қанына сіңірген Ыбырай шынында қай патшадан кем?!.

Етене еңбектес болған, жақын шәкірттерінің бірі марқұм Зәкира Ержанова бір тәрбиелік мәні бар уақиғаны еске алады. “…Күріш себіліп жатқан кез. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін мезгілі – көктем. Жұрттың бәрі жарты құрсақ. Бір дорба күріш тұқымын, кейін көже қылып ішейік деп үйдегі жаман сандыққа тығып қойғанбыз. Түскі шәйдің үстінде Ыбекеңнің көзі сандықтың тесігінен көрініп тұрған күріш дәніне түсті. Қатты ашуланып, бәрімізді жиып алып тарыдай қуырды. “Бұл бізге аманат етіп тапсырылған бүкіл халықтың несібесі, ырызғысы, ертеңгі азығы, өзегі, өмірі. Тұқым ұрлағанның тұқымы құриды деген, бұларың не қарақтарым. Апарып орнына салыңдар, ендігәрі аштан өлсеңдер де бұл жаман әдетті қайталамаңдар”, деп еді. Осы әңгіме бәріміздің де бүкіл өмірімізге жетерлік сабақ болды”.

Ыбекеңнің тәніне, жанына, қанына адалдық, кіршіксіз пәктік анасының ақ сүтімен, атасының ақ батасымен сіңірілген. Жақай ақсақал өмірінде алғаш рет ауылдан ұзап, үлкен үмітпен Сарыарқаға көппен бірге сапарға шыққан баласы Ыбырайға: “Өзін бір ойлап, өзгені екі ойлаған ер – нағыз ер. Кеудеңде жан барда, адам атыңа дақ түсірме. Аштан өлсең өл, тек азғындап өлме, былғаныш өмірден адал ажал артық. Жолың болсын”, деп ақ тілек білдіреді. Міне, атаның аманаты осындай болған.

Жақаевтың екінші Алтын жұлдызбен марапатталу құрметіне колхозда өткен салтанатты жиынға қатысып шыққанда, ол кісінің ізбасары даңғайыр диқан Бегалиев Серікбай: “Бұрынғы заманда анандай әулие, мынандай әулие өтіпті деп сыйынып жатамыз. Осы заманның нағыз әулиесі, нағыз әруағы біздің Ыбекең ғой”, деген екен. Шынында қара кетпенімен, білегінің қара күшіменен, қара жерді қопарып, ақ күріштен алтын тау тұрғызып, Сыр бойын, оның халқын әлемге танытқан адам қай заманның әулиесінен кем? Қалай десең де Ыбекең Қыдыр қарап, бақ дарыған әулие, аруақты адам. Бұл жөнінде қарияның зерделі ұрпақтарының бірі Зәкім Жайлыбай былай деп әңгімелейді: “Табиғаттың әлі де адамзатқа белгісіз жұмбақ сырлары көп қой. Соның бірі – Қыдыр әулие. Халықта Қыдыр көрген адам бақ пен дәулетке кенеліп өтеді деген сенім бар. Соның бір дәлелі диқан бабамыз Жақаевтың аузынан естіген бір әңгімені жаңғыртқым келеді. Ілгеріде ауылда қариялар көп, біз солардың қолына су құйып, кесесін алып беріп, кебісін қойып, қызмет жасаймыз, әрі көне, өнегелі әңгімелерге құлағымызды суарып, санамызды сауықтырып көңілімізге тоқып, көкірегімізге түйеміз, қанығамыз. Суырылып көп сөйлей бермейтін Ыбекеңнің мына әңгімесі өз өмірінің шындығымен астасып жатқасын ба, әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

– Өзім жидеден, шеңгелден аршып, атыздап еккен күріштікті суға бастырып болып, жаптың басында демалып отырғам,– деп бастады әңгімесін. – Денем дел-сал. Бірақ көңілім тоқ. Күн кешкіріп бара жатса да үйге асықпадым, күрішке қарап отыра тұрғым келді. Сәлден кейін батар күннің шапағына тұла бойы тұтас малынған ұзын бойлы, ақ сақалды кісінің маған беттеп келе жатқанын аңғардым. Тұп-тура күріш атызының үстімен кебісі суға тиер-тимес болып жүріп келеді. Алғашында аң-таң болып отыра берсем керек, жақындағанда орнымнан тұрдым.

Ол кісі қарсы алдыма келіп:

– Шырағым, ырысың осы жерден болады, бақытың өрлей берсін! Әумин! – деді ап-анық дауыспен. Сөйтті де ғайып болды. Есімді жисам: “Әумин”, – деп күбірлеп тұр екенмін. Бірақ, бұл көргенімді осы кезге дейін ешкімге айтқаным жоқ. Айтқаны келіп, артының жаман болмағанын көріп жүрсіңдер ғой. Міне, енді айтудың мезгілі келген, сәті түскен сияқты,- деді Ыбекең жұмсақ, жылы жымиып, өзіне де, тағдырына да, Аллаға да ризашылығын білдіргендей.

– Ой жарықтық-ау, сіздің ол көргеніңіз Қыдыр баба ғой, – деп көпшілік Ыбекеңнің етегінен ұстап тәу еткенін көзім көрді. Кейін “Ыбырай түбегі” атанған сол жер елге ырыс, береке, абырой-атақ әкелді. Қазір енді ол алқапқа диқанның ұлы Сейітбек ие. Қыдыр дарыған жердің әлі де талай ұрпаққа байлық пен береке, абырой мен атақ әкелері сөзсіз.

Екінші оқиға. Оны Ыбекеңнің тетелес інісі Боқаев Сыздықтың баласы белгілі заңгер Балтабек Сыздықұлы былай деп айтады. “Сулы жерлерде, әсіресе, күріштікте жыланның жүретіні белгілі. Ыбырай әкемнің күріш атыздарының құлақтарында да біріне бірі оралып жататын жыландар көп болатын. Балалар сонда отаққа түсуге қорқып, әйелдер жаптан, құлақтан өтуге сескеніп жататын. Сонда Ыбекең: “Қорықпаңдар, өте беріңдер бұлар зияны жоқ, мына күрішті қорып жүрген шақпайтын күзетші жыландар ғой”, деп оларға тигізбейтін, өлтіртпейтін. “Ыбекең тегін емес қой. Мына сөзінде мән бар” дейтін әкем Сыздық.

Кейде адам тағдыры шешілетін алқалы жиындарда Ыбекеңнің: “Балалар, осыны әурелеп қайтесіңдер”, – деген бір сөзімен бірнеше кісінің тәлкекке түскен тағдыры оң шешіліп кете беретін еді. Бірде диқан ата ұлы Сейітбекті бір туысымен таныстырып отырып: “Қан туыспай, жан туыспайды”, депті. Содан әлгі сөз нақыл болып кетті. Ой, жарықтық-ай! Аузының, сөзінің дуасы бар еді ғой. Бүгінде Ыбырай Жақаевтың: “Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар”, “Адам тастан берік, гүлден нәзік”, “Ат қартайса есекпен достасады, адам қартайса, төсекпен достасады”, “Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады”, “Малға жарлылық – жарлылық, ақылға жарлылық – сорлылық”, “Өлім ақылы толмаған баланы да аямайды, ақылы асқан дананы да аямайды”, “Бірінші би – халық, екінші би – тарих”, “Көз — нұрдың ұясы, көңіл — сырдың ұясы”, – деген ақылды сөздері елмен бірге жасауда.

Ыбырай атақ үшін еңбек еткен жоқ. Қазақтың қай шалы атақ үшін еңбектеніпті. Олар еңбектен нағыз адами бақыт, ләззат, рахат тапты. Соншама атақ-абырой, даңқ, бақ Ыбекеңді астырмады, тастырмады, састырмады. Ештеңе болмағандай бір қарапайым қалпынан айнымай, ауытқымай дүниеден озды жарықтық.

Мен Шиеліде өсіп-өніп, көктеп-көгеріп, отбасылық, еңбек бақытын тапқан адаммын. 1983 жылы күріш орағы басталған кезде Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайландым. Жұмысқа кірісер алдында аупарткомның идеология жөніндегі хатшысы Қален Әбдешовті шақырып: “Мен Шиелінің баласымын. Ыбекеңнің күрішінің масағын теріп, батасын алып өстім. Енді басшы болып келдім деп өткенді ұмытуға хақым жоқ. Сондықтан біріншіден, Ыбекеңнің кеңсеге қоятын бір бюстін тауып беріңіз. Соны үстелімнің үстіне қойып, күнде сол кісінің рухына сыйынып, ақылдасып отырамын. Екіншіден, Ыбекеңнің ескерткішіне гүл қойып, зиярат етіп, сонан кейін диқан бабаның рухының рұқсатымен күріштікке кіріп, жұмысты бастайық”, – дедім.

Кейінірек білдім, Шиеліден Ыбекеңнің бюсті табылмапты, Қалекең қатты қысылып, көрші Жаңақорған ауданынан тауып, оны менің кеңсеме алып келіп қойыпты. Сосын Ыбекеңнің басына барып, зиярат жасап, ауданды басқаруға кірісіп кеттім.

Құдайға шүкір, жаман болған жоқпыз, күріш жинауда бірінші онкүндіктің қорытындысы бойынша республикалық туды жеңіп алдық. Одан әрі де табыс табысқа, абырой, абыройға жалғасып кете берді. 1985 жылы Ыбырай Жақаевтың 90 жылдығына арналған мемориалдық кешеннің құрылысы аяқталды. Алаң түгел қор­шалды, жарықтандырылды. Онда орналасқан Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді,

123
скачать работу

Ыбырай Жақаев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ