Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ыбырай Жақаев

фонтан пайда болды. Бұл алаңда Ыбекеңнің ескерткіші, Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың мемориалы, еңбек озаттарының көрнекті тақтасы гүлмен көмкерілген. Кешен еңбек пен ерліктің символы, парыз бен қарыздың, имандылықтың өлшеміндей болып, аудандағы қасиетті орынға айналды. Осы қасиетті жерге әрбір өмірге келген нәресте, әрбір жаңа отбасы, әрбір жұмысқа, оқуға, Отан қорғауға алғашқы қадам жасаушы азамат басын иіп, тағзым етеді, қадірлейді, қастерлейді. Жақсы ой ойлап, жақсы тілек тілейді, осы жердің қасиеті мен шапағатына сенеді, үміт артады.

Келесі жылы Ыбекеңнің музейін бітіріп, оны да облыстық деңгейде салтанатты түрде аштық. Сонымен, біз атаның әруағы алдындағы шексіз борышымыздың бір бөлігін өтегендей болдық.

Мен өз басым осы Ыбекеңдей ұлы адаммен жерлес, замандас болғанымды, ол кісінің күрішінің масағын теріп, еңбектегі, өмірдегі, өнегесін, батасын алып өскеніме, кейінірек Ыбекеңнің рухы алдында атқарылған ірі, тарихи, өмірлік жұмыстардың басында, қасында болуды тағдырдың менің пешенеме жазғандығына дән ризамын.

Ыбекеңнің рухы алдындағы адалдығым, ол кісіге деген таза ниетім мен ыстық ықыласым, азды-көпті еңбегім маған бүкіл өміріме жететін бақ, дәулет болып қайтты деп есептеймін. Мен Шиелі ауданынан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне мүше болып сайланып, кейін Талдықорған облыстық Кеңесі атқару комитетіне төраға болдым. Сол кезде Нұрмолда Алдабергеновтің 80 жылдығын атап өтіп, өз ауылында жақсы музей аштық. Сол музейге Ыбырай Жақаев пен Жазылбек Қуанышбаевтың күріш дәнінен теріп салынған портретін сыйладым. Ол сурет Жазекең Ыбекеңнің көңілін сұрап келгенде өте сәтті түсірілген еді. Кезінде сол бейне еліміздің көп жерінде, тіптен, Мәскеудегі алаңда да ілулі тұратын.

Осы мақалада Ыбекеңді бетке ұстай отырып, Жазекеңді, Нұрекеңді, Шығанақ Берсиевті жазып, қазақтың қасиетті де қадірлі төрт шалының, еңбектің төрт пайғамбарының рухын қосайын дедім. Осындай күрделі заманда елімізді, халқымызды осы төрт әулиенің, төрт әмбиенің рухы қолдап-қолтықтап, желеп-жебей берсін.

Авторы: Сейілбек ШАУХАМАНОВ, Қызылорда.

123
скачать работу

Ыбырай Жақаев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ