Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм



 Другие рефераты
Көлік түрлерінің дамуы Қазақстанда туризмнің даму тарихы ХІХ – ХХ ғасырлардағы – ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм

Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік- экскурсиялық іс-әрекет түгелімен тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар, туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.

1950 жылы Мәскеулік туризм клубы ашылып, кейіннен елдің саяхатын өз күшімен ұйымдастыратын туристердің орталығы болды.

1965 жылы барлық одақтың республикаларында және көптеген автономдық республикаларда, өлкелер мен облыстарды туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестер ұйымждастырылып, жаңа туристтік маршруттар құрастырылып, игерілді.

Атап айтқанда, 1960-шы жылдары елімізде туризмді халыққа қызмет ететін үлкен бір салаға айналдыруға мүмкіншіліктер туды. Туристтік саяхаттар кеңестік тұрғындардың ең сүйікті демалыс түріне айналды.

20 ғасырдың 60-шы жылдары кәсіподақтардың туристтік-экскурсиялық ұйымдары 13 мыңнан астам сызықтық, шеңберлік, радиалдық маршруттар құрастырды. Бүкілодақтық және жергілікті маршруттар бүкіл елді қамтып, Кеңес Одағынаның ең қызықты қалалары мен жерлерімен танысуға мүмкіншілік берді. Олардың ішінде бірегей қиын барылатын жерлер – Камчатка, Курилдық аралдар, Франц Иосиф жері және т.б.

80-шы жылдары туризм жүйесінің кемелденуі жалғасады. 80-ші жылдардың 1-ші жартысында кеңестік кәсіподақтар туристтік-экскурсиялық істің сәтті перспективалық дамуы үшін көп еңбек сіңірді. Оның 1990 жылға дейін кемелденуінің басты сызбасының негізі жасалды. Бұл әрине, материалдық — техникалық базаның қайта жаңартылуын да қарастырды және туристтік-экскурсиялық мекемелер торының ары қарай құрылымдық кеңеюі мен кадрларды дайындау, сонымен қатар туризм мен экскурсиялардың нәтижелілігін арттыру да маңызды мәселенің біріне айналды.

60-70 жылдардың шегінде КСРО-дағы туризм халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналып, халық шаруашылығының әртүрлі салаларымен тығыз байланыста болды.

Туризм шынымен де бұқаралық испатқа ие болды. 80-90жж. Шегінде КСРО-ның территориясында 800 туристтік клубтар, 40 мыңнан астам қоғамдық комиссия іс-әрекет етіп, олардың жұмысына 700 мыңдай туристер қатысты.

Туризм мен экскурсиялар бойынша орталық кеңес автотуристер үшін бүкілодақтық маршруттар ұйымдастырды. Жолдамаға туристтік кемпингке және қонқ үйде ақысыз автотұрақтарды қолдану, тамақтану және экскурсиялық қызмет енді. 1935 жылы осындай 5 маршрут қызмет етті, олар : Ростов – на – Донудан Әскери- Грузиндік жолдан Гаграға дейін; Смоленск – Киев – Львов – Каролино – Бұғаз; Мәскеу – Харьков – Алушта; Новгород – Псков – Пярну; Ростов – на – Дону – Нальчик – Махачкала – Дербент.

1985 жылы Кеңес Одағында 17 атаулы маршрут Алтайда, Онтүстік Уралда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және тағы басқа аймақтарда жұмыс істеді. Бірқатар жерлерде веломаршруттар пайда болды. Иркутск кеңесі Ольхон аралы бойымен, ал Ленинградтық кеңес Карельдік мойнақтың көлдері бойымен, Қазақ кеңесі  — Қарқаралық таулы – орманды оазис бойымен велосипедтік маршруттар ұйымдастырды. Пензалық, Пермдік, Түрікмендік және басқа да кеңестер жоспарлы велосипедтік туризмді дамыта бастады.

Жергілікті жоспарлы маршруттар қатарына көліктік саяхаттар да жатты: теплоходтық (өзендік және теңіздік), темір жолдық және авиациялық.

Өзен кемелеріндегі саяхат Кеңес Одағының барлық басты өзендерімен өтті: Волга және оның салалары – Кама мен Ока, Солтүстік Двина және Сухона, Онеждік және Ладождік көлдерімен және Нева өзенімен, Төмеңгі Дон, Днепр мен Киевтен, Обь бойымен Новосибирскіден Диксонға дейін, Лена бойымен Усть-Куттан оның Лаптевые теңізіне құяр жеріне дейін және Амур бойымен Благовещенскіден Николаевск – на – Амуреге дейін.

Қара теңіз бойымен теңіздік экскурсиялар да ұйымдастырылды: шығыста Жапон және Охот, солтүстікте Ақ, Баренц және Карск теңіздері бойымен.

80-шы жылдары 150 – ден астам өзендік және теңіздік теплоходтар жыл сайын туристтік мақсатта қолданылып отырды.

Жоспарлы темір жол саяхаттары 60-шы жылдардың басынан белсенді дымыды және 80-ші жылдардың соңына қарай бүкіл республикалық өлкелік және облыстық туризм бойынша кеңестерінің темір жол көлігін қолданатын маршруттары болды. Бұл мақсатпен арнайы туристтік-экскурсиялық поездар – атап айтқанда, денсаулық поездары құрылды. 1986 жылы 2600 турситтік –экскурсиялық поезд болды.

Темір жол маршруттарының бағдарламасы құрастырылғанда экскурсиялық орталықтар арасында жүру мезгілі түнгі уақытқа сәйкес келетіндей құрастырылды.

80-шы жылдары әуе туристтік маршруттар да бұқаралық сипатқа ие болды. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, қалалар мен аудан орталықтарының 160-тан астам саяхат және экскурсия бюролары авиация қызметтерін жоспарлы туристтік саяхаттарды ұйымдастыру үшін қолданған.

Жоспарлымен қатар өз күшімен ұйымдастырылған туризм де дамыды. Туристтер өздігімен демалыс күнгі жорығынан жоғары категориялы қиындықты спорттық жорықтарға дейін өздері құрастырып отырды. Статистика мәліметтері бойынша, демалыс күнгі жорықтар мен көп күндік саяхаттарға 80-ші жылдары 20 млн кеңестік азаматтар қатысты.

1990 жылы «КСРО туристі» белгісі 250 мың туристке, туризм бойынша спорттық разрядтар 80 мың туристке, спорт мастері атауы 124 туристке берілді. Миллионнан астам оқушы туристтік жорықтарға қатысты.

скачать работу


 Другие рефераты
Памятники античности
Конфликт литературного произведения. На материале драмы М. Ю. Лермонтова Маскарад
Идеология власти средневекового Востока - общее и особенное
Жаһандық экологиялық проблемалар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ