Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ілияс Есенберлин романындағы Алаш рухы

ытқа дейін терең сараланып бітпеген тарихтың қос қыртыс қатпарларына қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет қаламгер көзімен саяхат жасап, оқырман назарын көне тарихтың әлі ашыла қоймаған тың беттеріне аударады. Максим Горький Жазушылардың бүкілодақтық бірінші сиезінде сөйлеген сөзінде тарихи тақырыпты терендете түсудің аса қиын екеніне баса назар аудара келе былай деген болатын: «Біз өткен заманның тарихын білмейміз. Удельдік-князьдік және шекаралық қалалардың құрылғанынан бастап осы күнге дейінгі тарихын жазуды ұйғарып отырмыз, бұл ішінара қолға да алына бастады. Бұл жұмыс бізге очерк, әңгімелер арқылы феодалдық Россияның өмірін, Москва князьдары мен патшаларының отарлық саясатын, сауда мен өнеркәсіптің дамуы, князьдың, воеводаның, көпестің, ұсақ мешанның, шіркеудің шаруаларды қалай қанап келгенін айқын көрсетіп беруге тиіс...
Біз одақтас республикалардың өткен кездегі тарихын білуіміз керек» [27].
Алайда бұл ойды жүзеге асыруға солақай саясаттың кесірінен Одақтас республика жазушылары үшін дер кезінде мүмкіншілік тумады. Өйткені біржақты саясат ұлт тарихына қатысты бұрынғының бәрінен бойды аулақ ұстауға мәжбүр еткен еді. Бұл орайда Ілияс Есенберлин дәуір тынысын жіті бақылай отырып, халық тарихының ең күрделі кезеңін бейнелейтін тарихи романдарды дүниеге әкелді.
Авторын абыройға жеткізіп, жігер отына бөлеген «Көшпенділердің» халықтың алау ықыласы мен кенен ілтипатына ілігу себебін шығарманың көркемдік қасиетіне байланысты ғана қарау жеткіліксіз. Ілияс Есенберлин қаламынан туған тарихи романдардың жылдар бойына әсері кемімей келе жату сыры тереңіректе жатқан секілді. Тереңде жатқан сыр болмысына бойлай қарасақ, тағы да уақыт өлшемі мен замана талабы деген ұғым айшықтала береді. Ой, сана жазушы қаламының қыран қимылына, қиял қиянына бұрылады, ашып айтуға сол замананың тар кезеңі тұсау болған тарихи шындықты көркемдік үлгіде танып-білудің алғашқы талпынысына жетелейді.
Өйткені, өткеніміз туралы кешеге дейін там-тұмдап қана дерек біліп келсек, «Көшпенділер» елдік дәстүріміз, ғасырларға созылған шытырманға толы тарихымыз бар екенін көркем әдебиет әлемінде тұңғыш рет таныстыра алды. Ол ол ма, бұл шығармадан тіпті тарихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе басы бірікпей шашыранды түрінде жатқан мағлұматтардың бір жүйеге түскен желісін көреміз. Соншама көп фактілерді жазушы жалаң тізбей, роман шарттарына лайықтап, қорытып, көркемдік қиялға бөлеп бере алуы шығарманың тартымдылық қасиетін арттыра түсті. Міне, осындай тарих пен аңыздың, қиял ауқымы мен шеберліктің бірлестік табуы трилогияның өзгеше бітімін белгілеген еді. Сонымен қатар әдебиеттегі белгілі жанрлардың шартына сай бағалау қиындығы да шығарманың материалы, жанры, көркемдік тәсілі мейлінше тың болғандығын көрсетіп тұр.
Жаладан емес, жаладан шегер жападан қорыққан күйректік меңдеген заманда бүгін бір халықтың қабыланға қарсы шауып, қарсақтан қаймыққан бала мінез, барын бағалай алмай жатып, жортып жүріп жоғын іздеген ақ жүрек жомарт халықтың тарихи зердесін оятуға тәуекел етуі ерлікке пара-пар қимыл еді. Ол осы үдеден шыға білді.
Солақай сынның, алакөз пиғылдың, таным таяздығының алғашқы қадамға тигізер кесірінен де қорықпады. Сенім салмағы алдымен халық парасатына жүктелді. Ана-халық айтар ақырғы сөздің ақ боларына сенген жазушы қаламынан қазақ тарихының, Дала ғұмырнамасының ғасырлар ғаламаты алмағайып күйге салған көркем бейнесі туды.
Арғысын айтпағанның өзінде, бүгінгі ұлттық дүниетаным өресі деңгейінен қараған оқырманға Ілияс Есенберлин ерлігіндегі біз пайымдаған үш арна сөз өнерінің диалектикалық нысанасындағы биік талғамға жауап беріп тұрғаны анық. Олар – аты мен затын аңыз желісі көмескілеп, іс-қимылын адам психологиясындағы зандылықтардан бөліп әкеткен тарихи тұлғаларды қайтадан жандандырып әкелуі, олардың болмыс-бітіміндегі тарихи таңбалардың ақ-қарасын ажыратып беруі. Ел аузындағы аңыз-болжамдармен астасып барып көптеген шығармаларға жеңіл желі болған Шыңғыс әулетінің өз дәуіріндегі рухани, саяси, адами бейнесін мүмкін алғаш рет аша білген осы Ілияс Есенберлин эпопеясы шығар. Мұны – бірінші арна деп ұғыңыз.
Екінші арна – тарихи катаклизмдер тұсындағы жеке адамның қажыр-қайраты мен халықтық іс-қимылдардың өзара үйлесуінен туындайтын идеал беріктігі, мақсат бірлігі. Адасудың аранды сүрлеуінен бұрып әкетер жалғыз қуат – өмір өркенінің тым нәзік әрі тым киелі екенін ажырата білу, халық қаһарынан қатал күштің жоқ екенін сезіну болса керек. «Шоқпар ұстаған жұртты қамшымен бағындыру» |3,193-б] айтуға жеңіл әрине. Сондықтан да болар, сүйенер жұртының сенімін ояту арқылы ғана іске асар осынау ірілікті адамзат тарихы саусақпен ғана санап бере алады.
Бағындыру арқылы бағыну – мұратқа жетудің төте жолы бола алмақ емес. Ауыздағыдан айырар алауыз меңдеген ұрпақ, тіпті ел мұраты, халық қамы үшін болса да, баяны жоқ билікке таласқан ұрпақ түптің түбінде су аяғы құрдымға кетпек. Қараға күні түскен ханның кебі жеке адамның ғана пешенесіне жазылар трагедия емес, бұл кеп бүтін бір халықтың да бағаналы басына бақан ойнатуы мүмкін. Ілияс Есенберлин еңбегіндегі тарихи тәлімдер (тұжырымдар) осыған меңзейді.
Эпопеядағы үшінші арна – сөз өнеріндегі жанрлық қуаттардың жымдасуы, ізденіс шиырларының бір арнаға ұласып, тарихи шежірелер мен аңыздардың, мифтік бейнелер мен мифологиялық сарындардың жандануы. Болған, бірақ тірі куәсі жоқ оқиғаның барысындағы іс-қимылдардың нанымдылығы.
Рас, шығарманың кей тұстары әдеби-көркем шығармадан гөрі тарих оқулығына көбірек ұқсап кетеді. Біле-білсек, жазушы бұл әрекеттерге саналы түрде барған. Мұны біз Қадыр ақын айтпақшы, «тарихы қалың, оқулығы жұп-жұқа елдің» өткенінен бүгінгі ұрпаққа толыққанды хабар беру ниетінен туындаған өзіндік тәсіл деп түсінуіміз керек. Өйткені бұл шығарма сол кезең туралы алғашқы барлау ғой. Осы ретте қандай іске құлаш ұрғанын бір кісідей санаулы санаткерлердің қатарында тұрған қаламгердің кезінде «Қаһар» романы туралы айтқан мына пікірі еске түседі: «Тарихи эпопеяны жазуды соңғы кітаптан бастауымның себебі – жиналған архив деректерінің молдығы, қамтылатын дәуірлер ауқымының кеңдігі, ойлаған, жоспарлаған кітаптарды түгел жазуға ғұмырым жете ме, жетпей ме деген күдік» дей келіп, ол көңіліне ұялаған күдігі туралы «Жұлдыз» журналының тілшісіне берген сұхбатында былай деді: «Мұның мәнісі бар. О баста, тарихи деректерді жинау кезінде, романға кіріспес бұрын, іштей жоспар жасаған едім. Яғни көңілімде, іс жоспарымда халқымыздың 500 жылдық тарихын қамтитын трилогия болып қалыптасты. Бірақ трилогияның ең соңынан бастауыма себеп болды. Ең алдымен тіршіліктің кейбір тауқыметін тартқандықтан ба, үшеуін бірден қамтып жазуға өмірім жете ме, жетпей ме деп те қауіптендім. Содан болар халыққа, болашақ үрім бұтаққа айтпақ болған ойымның тарихи оқиғаларға деген жазушылық тенденциям мен позициямның айқын көрінісі болған басты темір қазығым – «Қаһар» еді. Егер алдыңғыларын айтып келіп, көксеген негізгі ойыма қол жетпей қалса, өмірбақи арманда, орны толмас өкініште өтуім мүмкін ғой. Ойға алған, көңілге түйген трилогияның ең әуелі соңынан бастап жазылу сыры осы еді» [4,209-213-б.б].
Бүгінгі болмыстың деңгейінен караған оқырманға жазушының бұл жан сырындағы жасырын иірімдер көп нәрсені аңғартса керек. «Қаһар» романы билікке машыққан «білгірлікке», «Сақтықтан» самарқау тартқан санаға, аттыға ілесем деп таңы айырылған «хан-талапай» қауымының қас-қабағына жасалған барлау болатын. Роман сонымен бірге, оқырман деп аталатын, жақсыны-жақсы, жаманды-жаман деп айтуға арын да, барын да салуға әрқашан даяр тұрар тура бидің тарихи зердесін тағы бір селт еткізерге жасалған талпыныс еді.
Өйткені бұл романға арқау болған кезінде қазақ зиялыларының басына қатер төндірген тақырып еді. Қазақтың ұлы тарихшысы Е.Бекмаханов сол кезең шындығын бұрмаламай жазам деп бас бостандығынан айырылған. «Хан Кене» тарихи драмасын жазам деп М.Әуезов азапты күндерді бастан кешірген.
Халық «Қаһарға» деген адалдығын, таланты тас жарған перзентіне деген махаббатын бірден байқатып, суреткерді алакөзден де, жала сөзден де арашалап алды. Аты озғанның алдынан жарылқар батасын берді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырға ғасырларға жетер қуат қосты. Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ қауымы дамудың дара биігінде орны бар, өзгенің өресіне де, сөресіне де көлеңкесін түсірмей, көсіліп жатқан рухани, мәдени, геосаяси өрісі бар елдің болмысымен қайтадан қауышты.
Иә, өткен дәуір, өшкен өмір елестерін қайта тірілтіп, сан әрекет, сансыз істердің мәнге ие болар тұстарын ғана сұрыптап талғай білудің өзі оңай емес екені түсінікті жай. Ал жеті ғасырға жуық мезгілді қамтитын кемел еңбектің кемерін тауып, сан тарау жолдың түйісер тұсын межелеу, сан сала бұлақтың тоғысар арнасын абайлау тарлан талант қана көтеретін жүк. Арынды мінез, арқалы дарынның ғана қолынан келетін «Көшпенділерде» қазақ хандығының ХҮ-ХІХ ғасырлар арасындағы тарихы суреттеліп, халық өмірін бейнелейтін орасан үлкен оқиғалар, түрлі байланыстар, сан алуан адамдар тағдыры әдеби бейнеге айналып, көркемдік тұрғыдан баяндалады. Осылайша қазақ хандығының ХҮ-ХІХ ғасыр арасындағы құрылу мен қалыптасу процесінің, жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің, Кенесары бастаған қозғалыстың себеп-салдары, сыр-сипаты мен ақиқаты, қамтылған қомақты-қомақты кезеңдерін «Көшпенділер» трилогиясына арқау еткен жазушы, тарих қойнауына бойлай түсіп, ХІІІ-ХҮ ғасыр аралығын шежірелеп беретін «Алтын Орда» трилогиясын жазып шықты.
І.Есенберлин романында айқын байқалатын құбылыстың бірі – танымдық фантазиялық және философиялық қарым, оның кең әрі мол сипаты. Жазушы кітаптың өн бойында өзінің дүниетаным, талғам таразысынан ауытқымайды. Ол – атақты хандардың, айбынды әмірлердің даңқы мен байлығы қарапайым халық қанымен, жасымен суарылғандығын дәл бей
123
скачать работу

Ілияс Есенберлин романындағы Алаш рухы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ