Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ілияс Есенберлин романындағы Алаш рухы

нелеп көрсете білді. Зорлыққа, қарудың күшіне ғана негізделген Алтын Орданың ұзақ жылдар бойы салтанат құруы, хандардың өзара алауыздығы мен бақталастығы, азғындауы, оларға қарсы езілгендердің күреске шығуы, үздіксіз соғыстар мен жазықсыз қырылған халық тағдыры шынайы суреттеліп, шебер қиюластырылады. «Алтын орда» деген географиялық атау, өткеннің бұлдыр елесі емес, нақтылы кұрамы, билеу жүйесі бар ел екендігі, ол мемлекеттің басында дарын, қайрат, қабілеті күшті қайраткерлер де, ата даңқына малданған, ұсақ мінезді, қара басының мүддесі үшін ғана бәрін сатып жіберетін опасыз, күйкі жандар да отырғаны жүректі сыздатып, сананы сан-саққа бұратын әсерлі қалыпта қатар түзейді. Халық қолдамаған, бейбітшілікке, еңбекке, әділетке негізделмеген әкімшіліктің өмірі ұзақ болмайтынын ұқтырады. Жалпы мемлекеттік емес, жеке бастың қамынан шыққан мақсат әрқашан бұзықтыққа, опасыздыққа апарып соғатындығын еске салады.
Жеке адамның бойындағы алапат алғырлықтың арамзалықка ауысып, қалың нөпір қарапайым халықты да, ел үшін етегімен су кешіп, кеудесін оққа төсеп жүрген есіл ерлерді де қайранға тастап, өз мақсатының игілігі үшін жапа шектіртіп, қырғынға ұшыратқан опасыз пиғылдары олардың бір өзінде «қырық кісінің айласы бар» хандық тұлғалармен қабат өріліп көрсетілген бейнелері эпопеяның әр бетінде көрініс тауып жатады. Терең ақылдың опасыздық айласына айналып, бет қаратпас өжет батырлықтың жауыздыққа ұласып жатқан жантүршігерлік қым-қуыт психологиялық сәттер халық тарихының қатпар-қатпар шындығы екені көз алдыңа келеді. Ол – бүгінгі заманның да ақиқаты. Жазушы өзі өмір сүрген кезең шындығын өткен дәуір елесін көз алдымызға келтіру арқылы беруге тырысқан. Ел басқару мен мемлекет билігіндегі ғасырлар бойы қайталанып келген, тіпті жаңа қоғамдық формацияның тұсында да сыртқы түрі ғана өзгергенімен, мемлекеттік тұрғыдан империялық идея мен жеке тұлғалардағы өзімшіл пиғылдың жаңа формада етек алып отырғанын тарихи кейіпкерлер бейнесі арқылы еске салады. Тарих пен қазіргі заман диалектикасын көркемдік тұрғыдан танып, заман шындығын өнер туындысымен бейнелеп бере білген жазушы қуатына сүйсінесіз.
Дала төсіндегі тарлан тұлға, тарихи нысананың бірі, аты аңызбен астасып кеткен Тоқтамыстың эпопеядағы тұтас бейнесі емес, бір ғана сәтін еске түсірейік: «Тоқтамыстың өзі бастаған, қаныпезер әскері қыпшақтың әділетсіздікке қарсы бас көтерген ер жігіттерін қойдай қырды, тіпті қуып жүріп сауғалай қол көтергенін қылышпен шапты, қашып құтыламын дегенін найзамен түйрей жер құштырды.
Күн бесінге айналғанда дүние жүзі қып-қызыл қанға боянып, ұрыс тынды. «Қыпшақ қырылған» деген жер содан қалды.
- Кімде-кім маған қарсы қол көтерсе, осылай қырылады! - деді Тоқтамыс [5,262-б]. «Ханның бұларды алдап ұрғанын» кеш білген ел осылайша қырылып калмақ. «Қырық айлалы хан» тағы да алдап түсірді. Өйткені «халық деген алақанын түкіріп күреске шықса, кімді болса да алып ұратын балуан екенін ол бұрыннан сезетін» [4].
Сондықтан да Тоқтамыс көкжиекте шоғырланып жинала бастаған халықты көріп сескенеді. «Көп қорқытады, терең батырады» деген қағиданы жақсы түсінген ол алпыс екі тамырлы айлаға көшеді. Жолбарыс жүректі батырлар бастаған азаматтық ойдағы арында топтың талабына көнгендей, келісімге келгендей болып алдаусыратып барып, орайын тауып оларды орға түсіреді.
Қоғамдық формациялардың кез-келген тұсында да, тарихи дамудың қай кезеңдерінде де қайталана беретін психологиялық сәттерді (ұқсастықтарды) терең түсініп, жіті сезінген жазушы талантына тәнті боласыз. Тарихи дәуірлердің көркем бейнесін жасап, ой қорытып, келер күндер елесін де болжай алған, тіпті сол күндерге эпопея беттеріндегі суреттелген түрлі оқиғалар арқылы кейінгі ұрпаққа бағыт беруді, ой тастауды мақсат еткен І.Есенберлин кемеңгерлігін бүгін де жасыруға болмас. І.Есенберлин эпопеясындағы дәуір шындығы сол суреттеліп отырған кезеңге ғана тән деп қарауға, жағымсыз қылық, опасыз жан, айлалы әрекет, арамза ой, өзімшіл пиғыл, үстемшіл идея тек сол ғасыр адамдарын көрсететін ғана бейнелер деуге болмайды. Ол – жазушы өмір сүрген ортаның да жарқын көрінісі одан кейінгі кезеңнің де елесі. Әр бетті оқыған сайын бүгінгі күнмен астасып жатқан тарихи сипаттар жазушы қиялымен өріліп, шеберлікпен жымдасқан қияметті тірлік, қиянатқа толы өмір, қасиетті сенім мен қасіретті өлім, алау арман мен айықпас қайғы араласқан аласапыран оқиғалар арқылы көз алдыңнан өтіп жатады. Қаталдық пен кекті көңілдің, қатыгездік пен шуақты мейірдің мәңгілік айқасын жеріне жеткізе суреттеп, бейнелеп бере алған Ілияс Есенберлин тәуелсіздік рухы мен ұлттық сана, ұлттық намысты оятып, азаттыққа ұмтылу идеясын қалыптастырудың арнаға айналар қайнар көздерін ашып берген.
Қай кезде де ел басында, мемлекет тұғырында жүрегіне ұлттық сана сезім ұялап, бойына ұлттық сана сіңген, ойын ұлттық патриотизм кернеген, жадында халық тарихы орын тепкен, бар күш-жігерін, парасат-білімін, ақыл-зердесін шын таза гуманистік идеямен көмкере біліп, өзі басқарып отырған мемлекеттің болашағы үшін, сол мемлекетті иеленетін, жер, суын ғасырлар бойы қан төгіп жүріп қорғап келген негізгі күшін халықтың ұлттық тағдырына арнайтын, шын күйінетін адам болмайынша зұлым саясат, сұрқия мінез, жеке бастың қамы үшін ғана күрес қайталана беретінін, жалғаса беретінін ескертіп тұрғандай.
Ойлап қарайық, бүгінде өркениет те (реформа барысы) біртіндеп оң бағытқа қарай жылжып келе жатқан тәрізді, алайда адамдардың адамгершілік өркениетінің төмендігі салдарынан көңіл көншімейтін деңгейде жүріп жатқаны аян. Бүгінде саясаткерлер мен өкімет чиновниктерінің көбі олардың моральдық-этикалық құлдырауы салдарынан «күйіп отырғаны» да шындық. Ұятсыздық пен шенқұмарлық – чиновниктер мен реформаторлардың негізгі ауруы. Бұл оларды коррупцияға алып барып жатқаны және бұл құбылыстардың біздің өркениетіміздің елеулі тежеуші күштерінің бірі болып отырғаны өтірік пе?! Есенберлин романы дәл осыны айтып отырғандай. Егер адамдардың адамгершілік санасы жетілмесе, қоғам өмірінің жалпы өркениеті тез ілгері баса қоймайтынын ескертіп тұрғандай. Мұндайда, егер экономикалық-математикалық, техникалық, биологиялық, саяси және басқа білімдер адам санасын түзу және терең дамытатын болса, онда биік адамгершілік шындықтар адамның алдынан өмірдің мәнін, оның жұмбақ сырларын және оның заңды механизмдерін аша отырып, адам санасын терең дамытады.
Заманнан адам өркениетінің негізгі мәні олардың осы бір өмірді құратын шындықты түсінуге жақындай беру құлшынысынан тұрады.
Эпопеяның әр бетінде «Ханның алдауы – халықтың соры болатын» құбылыс екенін есіңе салып, ой жетегіне салатын сөйлемдер жазушы қиялының тұңғиық сырына бойлатады. Ал І.Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған романдар шоғыры Алаш ұранды әдебиеттің рухани жалғасы, оның рухы мен идеясын біздің дәуірімізде қайта жаңғыртқан шығарма болғаны шындық.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Р.Нұрғали. Әуезов және алаш. – Алматы: Санат, 1997. – 432 б.
2. // Писатель. Личность. Человек. – Алматы: Атамұра – Қазақстан фонд имени Ильяса Есенберлина, 1993. – 88 стр.
3. І.Есенберлин. 10 томдық. 8-том. – Алматы: Жазушы, 1984.-304б.
4. // Жұлдыз, 1975, №1
5. І.Есенберлин. 10 томдық. 9-том. – Алматы: Жазушы, 1987. -544б.

Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.

123
скачать работу

Ілияс Есенберлин романындағы Алаш рухы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ