Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Импорттық операцияларды аудиторлық бақылау жасау сатылары



 Другие рефераты
Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі Субъектінің импорттық операцияларына жүргізілген аудитке аудиторлық қорытынды Импорттық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы Импорттық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі

Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің     қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді. Ол қаржылық есептеменің әзірленіп, ұсынылуына әсер ететін маңызды да жауапты процедура болып табылады.

Есеп әдістерін білмейінше қаржылық есептемелерді пайдаланушылар мүліктік және қаржылық жағдайға, ақша айналымына немесе кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне шынайы баға бере алмайды. Жоғарыда айтылғандарға орай, кәсіпорынның есеп саясаты бойынша бұйрықтарда мыналар көрініс табу керек:

-   негізгі құралдар бойынша тозулардың және материалдық емес активтер бойынша амортизацияның есептеу тәртібі;

- өндірістік қорларды бағалау әдісі (орташа өлшенген әдісі, ФИФО айырмашылықты сәйкестендіру);

-         тауарлы – материалдық қорлардың есеп әдісі;

-         жанама шығындарды бөлу тәсілі;

-         аяқталмаған өндіріс пен дайын өнімді бағалау әдісі;

-         өнімді өткізуге байланысты үстеме шығындарды бөлу әдісі;

-         негізгі құралдарды жөндеуді есептеу және қаржыландыру тәртібі;

-  дайын өнімдерді  өткізуден түскен табысты анықтау әдісі;

-         бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары мен формаларын таңдау;

-         мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу тәртібі және тағы басқа.

Осы келтірілген кәсіпорынның есеп саясатының ықтимал элементтерінің тізбесі мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Кәсіпорын өз шаруашылығының жағдайына сәйкес келетін элементтерді есеп саясаты бойынша бұйрығына кіргізеді.Шаруашылық жүргізуші субъектінің таңдап алған есеп саясаты бір есептік кезеңнен екіншісіне тізбелікпен қолданады. Кәсіпорынның есеп саясатындағы өзгерістер мынадай жағдайларда орын алуы ықтимал:

  1. меншік иелері ауысқанда;
  2. кәсіпорынның қайта құрылуы;
  3. бухгалтерлікесептің нормативтік реттеу жүйесінде немесе заңдарда өзгерістер болғанда;
  4. бухгалтерлік есептің жаңа тәсілдері әзірленгенде.

Есеп саясаты қаржылық есептерге түсіндірме хатта бірінші болып ашып көрсетілетінін аудитор есіне сақтауы керек.

скачать работу


 Другие рефераты
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бетон
Проблемы культурного развития человечества на пороге XXI в.
Анализ эффективности коммерческой рекламы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ