Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инфляция ұғымы және мәні

экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан  ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.

Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі  ірі  масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың  әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір  тауарлардың бөлшек  саудада  болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады.  Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.

Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті концепция ретінде сұраным инфляциясы және ұсыныс инфляциясы анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады. Сұраным инфляциясы жалпы сұраным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді.  Бұл жерде мемлекет шығындарының  артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығын, жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайды айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді. Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.

 

1.3 Инфляцияның себептері.

                Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір  елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.

            Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. «Инфляция» ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады: инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық тұжырымдамадан; төтенше шығындардың теориясынан.

             Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.

            Бағаның өсуінің шын мәніндегі инфляциялық себептерден маңыздыларын бөлуге болады. Біріншіден, айналымға жіберілген ақшалай салмаққа мемлекет жағынан бақылаудың  жоқтығы. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттің тапшылығында айқындалатын мемлекеттік шығындардың теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық жаңа ақшалай массаны басып шығару арқылы толтырса, онда айналымда ақшалар массасының өсуіне әкеліп соқтырады. Экономиканы милитеризациялаумен байланысқан бюджеттік шығындар, әсіресе инфляциялы қауіпті болып табылады. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджеттің хроникалық тапшылықтарының басты себептерінің бірі болып табылады. Үшіншіден, ХХ ғасырда бағалар деңгейінің жаппай жоғарлауы нарық құрлымының өзгеруімен байланысты. Қазіргі замандағы нарық айтарлықтай дәрежеде олигополистік болып табылады. Олигополист бағанның үстінен едәуір билік жасауға ие. Төртіншіден,   кәсіподақтардың қызметі. Мысалы, ұзақ инфляция, 60-шы жылдардың аяғында, 70-ші жылдарда көптеген кәсіподақтарды еңбек келісімшарттарына инфляцияны есепке ала отырып, кірістерін автоматты түрде түзететін өмір қүнының өсіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Бесіншіден, экономиканың рационалды емес құрылымы, бір сала екіншісіне залал келтіре отырып шеттен тыс дамуы.

Инфляцияның пайда болу себептері сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы себептерге көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан түсетін түсімдердің  қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс сельдосы, шикізат пен мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін құрылымдық әлемдік дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық). Қазақстандағы инфляциялық құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың маңызды бабын құрайтын жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-ақ астықтардың едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз коньюнктура. Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз ақшаларының қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға апарады.

 

2. Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.

2.1 Инфляция мәні мен салдары 

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.

Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.

Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.

Инфляция және жинақтар. Инфляция жинақтардың иелеріне қатты нұсқан келтіруі мүмкін. Бағаның  өсуімен нақты құн немесе сатып алушылық қабілет қара күнге деп жинақталған жинақтар азаяды. Инфляция кезінде банктегі жедел есепшоттардың, сақтандыру полистарының, жыл сайынғы түсімдердің және көзделген ауыр жағдайларды жеңіп шығу үшін бір кезде жетіп отырған басқа да қағаздай активтердің нақты құны. Әрине, жинақтардың барлық нысандары пайыз әкеледі, бірақ дегенмен егер инфляция деңгейі пайыздық мөлшерден асатын болса, онда жинақ құны түсетін болады.

Инфляция және несиелі  қарым – қатынастар. Инфляция сондай-ақ дебиторшы мен несиешінің арасындағы кірістерді бөледі. Әсіресе, көзделген инфляция несие берушілердің (қарыз берушілердің) есебінен дебиторшыларға (қарыз алушыларға) пайда әкеледі. Инфляция соңғы екі онжылдықта сатып алушыға күтпеген бақыт әкелді, мысалы, 60-шы жылдардың ортасында қойылған пайыздық мөлшермен үйлер кепілге қойылды. Бір жағынан, инфляция салынып тасталғандарға берешектің нақты ауыртпалығын едәуір жеңілдетті. Екінші жағынан, үйлердің номиналды құны бағаның жалпы деңгейінен жылдамырақ өсті. Номиналды ұлттық кіріс, демек, салық жиындары да  инфляция кезінде өседі, ал мемлекеттік қарыздың мөлшері өспейді. Бұл инфляцияның үкіметке мемлекеттік қарыздың ауыртпалығын жеңілдетеді. Инфляция осындай пайданы үкіметке әкелгендіктен, кейбір экономистер ашық түрде сұра

12345
скачать работу

Инфляция ұғымы және мәні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ