Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инфляция ұғымы және мәні

қ қояды: қоғам үкіметтің ынта қоятындығына сене ала ма? Шынында да, Бразилия сияқты кейбір елдер бір кезде өздерінің қарыздарының нақты құнын төмендету үшін инфляцияны соншалықты кең қолданды, қазір несие берушілер қарызды өздерінің валютасында емес, америкалық доллармен немесе қандай да бір басқа тұрақты валютада алуына мәжбүрлейді. Бұл инфляцияның елдің ішінде қолдануын болдырмайды. Кез келген инфляция ел ішінде төлеуге қажетті қарыздың құнын емес, оның валютасының нақты құнын төмендетуге әкеліп соқтырады.

Инфляция және салықтар. Инфляциядан болатын шығындардың тағы да бір маңызды элементі (дүрыс күткен жағдайларда, бірақ институттардың толық емес бейімділігі) салық  жүйесінің инфляциялық үрдістерге бейімделу тауқыметтерінен пайда болады. Мұнда екі ірі проблема бар. Біріншіден, баға деңгейінің өсуінен салық төлемдерінің үлесі нақты кірістердің жалпы көлемінде өседі, осылайша салықтардың прогрессивті өсімінің эффектісі туады. Егер салықтар кейінгісінің көлеміне қарамай-ақ номиналды кірістерге тұрақты пропорцияда тұрса, онда ешқандай жағдайда адамдар салық түрінде өздерінің кірістерінің бірдей бағаның деңгейінен байланысты болатын пайыздарын төлеуші еді. Салық салу нормасында оның прогрессивті нысанын қолданған кезде номиналды кірістердің деңгейімен бірге ұлғаю бет алысы болады, онда инфляция номиналды кірістердің өсіміне келе отырып, нақты кірістердегі салықтардың да үлесін өсіреді. Екінші меселе капиталдың салық салуымен байланысты. Капиталға салық салу кірістері жақсы кездерде де күрделі мәселе болып жүрді. Мұндай капиталдан түскен табысқа кіріс ретінде немесе арнайы, аса төмен мөлшерлеме ретінде салық салынуы керек пе, деген негізгі сұрақ туындайды. Экономикада инфляция пайда болған кезде осы проблема одан сайын қиындай түсті, өйткені капиталдың өсімі нақты табыстарға қарағанда инфляцияға аса жедел әсер етеді. Бірде бір елде капиталға салық  салуға инфляцияның әсерінен болатын салдарлардың бейтараптандыруында айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмады. Салықтар саласындағы кейбір мамандар инфляциядан болатын залалдардың көбі, оның нақты салық салу капиталын өсіруінде де санайды.

Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.

Филлипс қисығы.

Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы келісімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.

Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3%-тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Кейіннен американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбек ақы мөлшерлемесін (ставкасын) тауар бағаларының өсу карқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады.

Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық жағдайды көрсетеді

Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс кисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, алұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.

Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.

Айталық, номиналдыеңбекақыныңөсуінебайланыстыеңбекұсынысыартады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сєйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.

Номиналдыжалақыөскенде, кәсіпкерлердееңбекфакторына   қосымша   сұранысты   қысқартады.   Жұмысшылардыңноминалды  жалақыны  инфляция  деңгейінен  артық көтеру талабы кєсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады.  Сондықтан кәсіпкерлер косымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын   қысқартып,   жұмыссыздықты   арттырады.   Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықтылған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.

Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұракты экономикалык заңдылықты көрсетпейді.

Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция калыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.

Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерінен құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.

Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отыр.  Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары 4%-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.

Инфляцияның экономикалық субъектілердің экономикалық жағдайларына ықпалы қарама-қайшылықты болып келеді.  Жоғары  инфляция  бизнеске  қауіп  төндіреді  және   инвестиция көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз  (бюджет  сферасындағы   кызметкерлерге,   несие берушілерге және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та, ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай-ақ, мемлекетке пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық  салық алады.

Инфляциялықсалық - үкмет айналымға косымша ақша шығарудан алатын салық, яғни мемлекет баспа станогы арқылы өз табыстарын ұлғайтады. Инфляциялық салық басқа салықтарға ұқсамайды, оның іс-әрекеті бүркемелі түрде жүргізіледі. Ақшаның артық басылуы бағаның өсуне ықпал етеді, бұл ақша құнын жоғалтуға (жоюға) әкеледі. Сондықтан инфляциялық салық ақшасы бардың бәріне салынады.

Антиинфляциялықсаясат. Антиинфляциялықсаясаттыңмақсатыинфляцияныбасқарушылықетіп, алоныңдеңгейінедәуірбірқалыптыетіпжасау. Олүшінақшалай– несиелік, бюджеттік, салықтықәдістері, кірістерсаласындағыіс-шаралар, сондай-ақтұрақтандырудыңәртүрлібағдарламаларықолданылады. Инфляцияменкүресудіңәдістерітуражәнежанамаболуымүмкін.

  1. жанамаәдістер: а) олардыорталықбанктыңбасқаруыарқылыақшаныңжалпысалмағынреттеу; ә) олардыорталықбанктердіңбасқаруыарқылыкоммерциялықбанктердіңнесиелікжәнеесептілікпайыздарынреттеу; б) коммерциялықбанктердіңміндеттіқорлары, орталықбанктердіңашықбазардақұндықағаздарменоперациялары.
  2. Тураәдістер: а) мемлекеттіңнесиелердіжәнесонымен  біргеақшалайсалмақтытуражәнетікелейреттеуі; ә) бағалардымемлекеттікреттеу; б) жалақынымемлекеттік(кәсіподақтарменкелісубойынша) реттеу; в) сыртқысауданы, капиталдыәкелуменәкетужәневалютабағамынмемлекеттікреттеу.

Антиинфляциялықсаясаттыңбірнешежіктеулерібар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

  1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.
  2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен ө
    12345
    скачать работу

    Инфляция ұғымы және мәні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ