Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инфляция

17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.

2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%,  нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім  және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары  0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.

Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде білім беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 0.9% -  ға, медицина  мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,  мәдени қызметтер  - 0.8%,     тұрғын  үй – коммуналдық    қызмет           көрсету     және      жолаушылар көлігінің қызметі  0.3% - ға  қымбаттады.                            Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.

       Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі  талдау  көрінісінде  (резервтік  активтердің өзгеруіне  байланысты  операцияларды  есепке алмағанда) өткен жылдың  осындай  көрсеткішінен  екі  еседен  астамға  асып  түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға  шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан  резиденттерінің  шетелдік  кәсіпорындарға тікелей  инвестициялварының да өсуі  тән болды. 2008 жылдың  1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік  тікелей  инвестициялардың жалпы  әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі. /21, 2б./

2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша  міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.

2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша  міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

Тұтастай алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

2008 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың2007 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді. /21, 3б./

Ақша-кредит саясатының 2004-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2007 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.     

Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2007 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2007 жыл желтоқсан 2006 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.

Тұтыну бағаларының өсуінің басты себептері азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға) және ақылы қызмет көрсетулері бағаларының өсуі (8,0%-ға). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9%-ға қымбаттады.

2007 жылы азық-түлік тауарларының құрылымында бағалардың жоғарылауы тіркелген болатын:  көкөніс пен жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш – 18,3%-ға, ет және ет тағамдары – 12,5%-ға, қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары 11,0%-ға. /19, 2б./

Азық-түлікке жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың ішінде: киім-кешекке – 8,8%, аяқ-киім – 7,0%-ға, баспа құралдарына – 5,7%, жанар-жағармай – 3,2%-ға қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады. Оның себептері: газбен қамтамасыз ету – 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету – 9,6%-ға, қоқыс шығару – 8,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық сақтау – 7,2%-ға, жолаушылар көлігі – 6,0%-ға қымбаттады. /19, 2б./

Орта жылдық инфляция  7,6% құрады, 2006 жылғы мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%). /19, 2б./

2008 жылғы инфляция деңгейі жыл басынан бергі уақытта дейін %-ға жетті. Қазіргі таңда доллар девальвациясы жалғасып тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге – тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект. /18, 7б./

Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2007 жылы шілдеде 0,9%құрады (2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады. /23, 2б./

2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс – 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары – 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке – 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2%  байқалды./23, 2б./

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде де бағаның жоғарылауы байқалды: жанармай – 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек, баспа жабдықтары, жеке гигиена тауарлары – 0,4%-ға.

Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға жоғарылады көлік қызметі – 2,0%, мәдениет және білім беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету – 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%. /23, 2б./

2007 жылдың басынан бастап тұтыну нарығында бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2007 жылдың қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады. /23, 2б./

2007 жылдың шілдедегі инфляция жылдық деңгей бойынша – 8,1% құрады (2006 жыл желтоқсанда – 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады. /23, 2б./

Сонымен осы көрсеткіштерді талдай келе, инфляция деңгейі соңғы жылдары біраз жоғары деңгейде тұрғанын көруге болады, бі

Пред.678910След.
скачать работу

Инфляция

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ