Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Интерфаза



 Другие рефераты
Ішімдіктің зияны ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ Зиянды дағдылардан аулақ болу Зәр шығару жүйесі және оның жастық ерешеліктері

Интерфаза кезінде клетка өсіп, бөлінуге дайындалады. Интерфаза кезінде ең маңызды болып ДНК-ның матрицалық синтезі және хромосомалардың екі еселенуі – S фаза табылады. Бөліну кезеңі мен S фазаның басталуы аралығын G1 фазасы немесе пресинтетикалық фаза деп атайды. Ал S – фаза мен мен митоз аралығын G2 фазасы немесе постситетикалық фаза деп атайды. G1 фазасы кезінде клетка диплоидты, S фаза кезінде плоидтылық 4-ке дейін көбейеді, ал G2 фазасында клетка тетраплоидты.
Интерфазада биосинтетикалық үрдістер жылдамдығы G1  S  G2 бағытында өседі. Бұл уақытта клетканың жалпы массасы, оның барлық компоненттерінің массасы және центриольдері екі еселенеді.
Пресинтетикалық G1 фазасы кезінде клеткада биосинтетикалық үрдістердің барлығы жылдамдап, ДНҚ-ның екі еселенуіне дайындық жүреді. Осы кезде ДНҚ-ның екі еселенуін қамтамасыз ететін ферменттерді синтездейтін клетка органеллалары (әсіресе, рибосомалар) жетіледі. Клетка орталығының аналық центриолінде сателлиттер саны ұлғаяды. G1 фазасы бірнеше сағаттан тәулікке дейін, кейде одан да көбірек уақытқа созылады.
S фазасы кезінде хромосомалардың екі еселенуі (репликациясы) күрделі және баяу жүреді. Екі еселенудің мәні: ДНҚ тізбегінде тура сондай паралель тізбек синтезделеді. Репликация (лат. replication – қайталану) дегеніміз аналық ДНҚ-да сақталатын генетикалық ақпаратты жас клеткаға тура беру үрдісі. Бұл жағдайда ДНК-ның аналық тізбегі жас тізбекті синтездеуге матрица болады (ДНҚ-ның матрицалық синтезі).
Хромосоманың осы үрдісті жүргізуге арналған құрылымы болады. Хромосомада матрицалық синтезге қатыспайтын кішкене аймағы болады, ол – центромер. Центромер хромосоманы екі иыққа бөліп тұрады. Хромосоманың ұштарында да синтезге қатыспайтын бөліктері болады, олар – теломерлер.
Репликация әр иықтың орта белі – репликация инициациясының сайты деп аталатын бөлімшеден басталады. Теломерлерге дейін репликация жүріп, оларға жеткенде тоқтайды. Хромосоманың орталығына қарай жүрген репликация центромерлерге жете тоқталады. Нәтижесінде әрбір хромосомада ДНҚ-ның екі тізбегі болады. Әрбір тізбек айналасындағы қоршап тұрған ақузыдармен бірігіп, ағайында хроматиндер түзеді. S – фаза 8-12 сағат жүреді.
Цитоплазмада S фазасы кезінде тек қана ДНК тізбегі екі еселеніп қоймай, клетка орталығының центриольдері де екі еселенеді. Аналық центроиль өзінің жаңа жас центриолін түзеді. Осыған дейін бала центриоль болған центриоль де өзінің жұбын түзіп, аналыққа айналады. Осы төрт центриольдің ішінде тек алғашқы аналық центриоль ғана микротүтікшелерді жинақтауға қатысады. ЭПТ-дың мембраналарында бір уақытта жаңа хроматидтер құрамына енетін ақуыздар синтезделеді.
G2 премитоздың немесе постсинтетикалық фаза кезінде бөліну үрдісін қамтамасыз ететін синтездер жүреді. ДНҚ және центриольдер саны клеткада екі еселенген. Осы кезеңде лизосомалардың түзілуі жылдамдайды, митохондриялар бөлініп, митоздың жүруіне аса қажетті жаңа ақуыздар синтезделінеді. Интерфазаның соңына қарай хроматин конденсацияланған, ядрошық жақсы көрінеді, ядро қабықшасы бүлінбеген, органеллалары өзгермеген. G2 фазасы 6 сағат жүреді.

скачать работу


 Другие рефераты
П.Л. Лавров: субъективный метод в социологии
Химия меди
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕСКЕРЕТІН КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Описание детей дошкольного возраста с ЗПР


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ