Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зәр шығару жүйесі және оның жастық ерешеліктері



 Другие рефераты
Интерфаза Зиянды дағдылардан аулақ болу Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы Зат алмасу үрдісінде дәрумендердің маңызы

Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болган қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар , зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар , сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.

Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп  мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.

Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а алғашқы иірім  каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне лйналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ш і д е ң г е й лі и і р і м каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны  юкстагломерулалық комплекс деп атайды.

Нефронның алғашқы иірім каналының ұзын дығы 12-24 мм, ал екінші деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм.

Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады.

1-сурет. Нефронның құрылыс ы.

1 — капилляр шумағы, 2 — капсула, 3 — алғашқы иірім канал,

4,5 — Генле иіні, 6 — екінші деңгейлі иірім канал, 7 — жинағыш түтік.

Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру  үшін де бүйректің маңызы зор.

Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның Бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.

Бүйрек ұлпасында р е н и н және эритропоэ т и н ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі және құрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның Сұйық  бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында  белок пен қан клеткалары болмайды.

Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда  аммиак, сутегі иондары, креатинин т. б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залал-сыздандырылады.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің молшері 1,5 л ғана. Мұндай  қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын  болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.

Қуыққа айдалатын с о ң ғ ы несеп сарғыш түсті Сұйық тық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сол қышқыл. Құрамының негізі — су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында  белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.

Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.

Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.

Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.

Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың

қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.

Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста — 36-37 г, 5 жаста — 55-56 г.

Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалындығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8  мм болады.

Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі.

Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі. Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады.

1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін көбейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.

Қуық. Қуық — қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және бұлшық  ет ұлпаларынан тұрады. Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық  еттері күшті сфинктер (грек. сфинктер - қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады.

Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нөрестенің қуығының ішіне несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.

Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткеңі несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.

Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфинктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі және еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий

12
скачать работу


 Другие рефераты
Атомная энергетика
Два письма из Евгения Онегина
Геометрический материал на уроках математики (наглядность)
Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ