Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері
ге тәуелді адамдар интернет қолданбайтын адамдардың қасында өздерін мазасыз сезіне бастайды. Қоғамға жабайы тұлға болу көбінесе компьютермен көп уақыт өткізетін балаларда байқалады. Мысалға, мектеп немесе достарының ұйымдастырған саяхат, пикник және әртүрлі іс-шараларға қатыспайтын балалардың ең жақсы досы компьютер болып табылады[14].
Ол балалар әрдайым интернетті немесе компьютер ойынын ойлап, проблемаларды ұмыту үшін немесе көңіл-күйлері нашар болғанда компьютердің басына отырады. Бұл үшін көп ақша жұмсаулары да мүмкін[16]. Ұйқылары бұзылып күндіз бен түні ауысып кетеді. Ұйқысыздықтан денсаулық проблемалары, ұмытшақтық пайда болады. Интернет тәуелділігінің карта ойындарындағы құмарлыққа ұқсас жақтары көп болады. Бір ғана маңызды айырмашылығы материалдық шығынының болмауы. Сонымен қатар, интернет арқылы, материалдық зиянға ұшыраған адамдар да баршылық.
Аддиктивті әрекет–қылықтың белгілі бір түрі бола отырып, интернет тәуелділік өз эмоционалды–психикалық көңіл–күйін трансформациялау әдісі арқылы күнделікті өмірден кетуге деген бағыттылықпен сипатталады[21]. Бұл сәтте адам тек өз жұмыстарын артқа қарай итермей, сондай–ақ оның психикасының жұмысы бәсеңдейді, кейде дербес жеке тұлғалық дамуы тоқтатылады. Адамдар өз өмірінің түрлі проблемаларын шешуден құтылғандай болады.
Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады[48]. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс-әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс-әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.
Бала виртуалды реалдылыққа қай себептермен енеді? Себептердің бірі көңіл көтеруге деген құмарлық, оның балалар түрлі компьютерлік ойындардан ала алады. Басқа себеп баланың қараусыз қалуы, яғни ата–ананың бос еместігі соншалықты, тіпті өз баласына да уақыты жетпейді. Мұндай ата–аналар баланың сезімдері, күйзелістері, мектептегі жоғары нәтижелерімен қызықпайды, өз баласының не қалап, қандай өмір сүріп жүргендігі жайлы білмейді. Олар жай ғана балаға компьютер сатып алады, бұл арқылы олар ата–аналық парыздан құтылғандай сезінеді. Бала болса, толық еркіндікте, өзімен–өзі.
Келесі себеп ата–ана немесе оның орнындағы адамдар арасындағы үнемі ұрыс–керістер. Мұндай жанұяларда эмоционалды–психологиялық күйзеліс орын алған. Виртуалды реалдылыққа қашудың тағы бір себебі сыныптас немесе құрдастары жағынан көрсетілетін физикалық, эмоционалды–психологиялық зорлық көрсетулер. Ата–ананың айырылысуы да бұған себеп бола алады. Ата–анамен, құрдастарымен, кластастарымен немесе өзі үшін маңызды адамдармен қарым–қатынастың жетіспеуінен де Интернет тәуелділік пайда болады. Баланың өзін–өзі бағалау деңгейінің төмен не жоғары болуы виртуалды реалдылыққа жүгінудің себебі болуы мүмкін.
Егер де баланы өз жанұясы, ата–анасымен қарым-қатынасы немесе өмір сүру ерекшелігі қанағаттандырмаса (мысалы, ата–анасы ішімдікті көп қабылдайды), мұндай жағдайларда балада өз жанұясынан жатсыну сезімі пайда болады, оның нәтижесінде виртуалды әлем баланы толық өзіне сіңіріп алады. Егер де жанұяда ата–ана балаға қатыгездікпен қараса, зорлықты көрмеу мақсатында виртуалды әлемге кіріп кетеді. Бұл жаңа шындықта оны ешкім ренжітпейді, ол әрқашанда өзін–өзі қорғай алады, ол күшті әрі жеңімпаз болады. Оның «өмірлерінің» саны ештеңемен шектелмеген, ал егерде дұрыс болмай кеткеннің өзінде–ақ ол кез–келген сәтте ойынды басынан бастай алады[20].
Аталған себептердің барлығы баланың күнделікті өмір проблемаларынан, танылмаған әрі қызықтыратын реалдылыққа әкеледі. Көбіне балалар виртуалды әлемге ену кезінде оған төтеп бере алмайды. Жасөспірімдер мен балаларда қорғанудың психологиялық механизмдері болмайды, психикалық жүйелері күйзеліске ұшырайды, қорқыныш, үрей, ауыр қозулар, түнгі шошулар, жабысқақ күйлер сияқты жағымсыз күйлер пайда болуына әкеледі. Үнемі компьютер алдында отырудан балаларда тамақтану тәртібі бұзылады, олар уақытты сезбей, тәуліктеп ұйықтамай жүре алады.
Күн және түн тәртібі толығымен трансформацияланады – жақындар және ата–аналар түсініксіз дене қозғалыстарымен айғай, ойыннан кейінгі тынымсыз ұйқыны байқайды[18]. Бұл жағдайда виртуалды шындық баланың бойын билеп, басқаруды жоғалтады. Ойын тәуелділігі осыған негізделеді: компьютер адамды басқара бастайды. Кішкентай адамның басқа адамдармен қарым–қатынас дағдылары, эмоционалды сферасы ең алдмен ата–ана және құрдастарымен қарым–қатынас, ертегі оқу, қоршаған ортамен тікелей қарым–қатынас жасау барысында қалыптасады. Виртуалды реалдылық қоршаған орта туралы шынайы түсінік бермейтіні жайлы әркім де біледі. Бұл баланы компьютерге «тәрбиелеуге» бергенде болатын құбылыс.
Егер де бала компьютер алдында күні бойғы уақытын өткізсе, бұған кім кінәлі деген орынсыз сұрақ туындайды. Әрине, ата-ананың балаға көңіл аудармауы, осының нәтижесі. Өкінішке орай ата–аналар кінәсіз бола тұра кінәлі болып қабылданады.
Біздің қазіргі өмір қарқыны, жанұя үшін өмір сүру мен қоректенудің керекті деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі бүкіл жанұя мүшелерін еңбек етуге мәжбүрлейді[21]. Осыдан келесі заңдылық туындайды: «қараусыз бала» сабақтарынан қайтқаннан кейін пәтерде оны жалғыз досы – компьютер күтеді. Ал ата–ана бала компьютер алдында немен айналысатыны жайлы қызықпаған кезде, процесс толығымен бақылаудан шығады. Балалар ата–анасы жұмыста болған кезде компьютер алдында отырады, достарымен диск алмасады, музыка суреттер жүктейді, интернеттен үй тапсырмасын, баяндамаларды көшіреді.
Психолог М.Гриффитс тәуелді ойыншыларды екі категорияға бөліп қарастырады. Алғашқылары желіде топтасып ойнауды ұнатады. Бұл рольдік ойындар. Олар үшін бастысы жеңіс алған жағдайда топтың оны мақтауы болып табылады. Екіншілері компьютерді белгілі бір проблемалардан қашу мақсатында пайдаланады. Басқаша айтқанда, компьютерлік тәуелділіктің қалыптасуына психоактивті заттарға тәуелділік қалыптасуындағы сияқты психологиялық факторлар қатысады[5].
Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді. Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
1.Жеңіл қызығушылық кезеңі.
Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды, өзін басты кейіпкермен ұқсата бастайды, графика, сурет, музыкасы ұнайды. Бала реалды және виртуалды әлемді салыстыра бастайды да, таңдауын ақырғысына тоқтатады. Компьютерлік реалдылық балаға өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл кезеңнің спецификасы бар: ойын компьютерге жүйелік сипат емес, ситуациялық сипат береді. Ойынға тұрақты қажеттілік әлі де қалыптаспаған, ойын процесі адам үшін мәнді құндылыққа ие емес.
2.Қызығушылық кезеңі.
Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады – компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі. Бұл жерде ойын жүйелік сипатқа ие. Бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмаса, бала белсенді әрекеттерге көшеді.
3.Тәуелділік кезеңі.
Мұнда баланың құндылықтық–мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады. Өзіндік сана және өзін–өзі бағалау өзгерісіне ұшырайды. Ойын реалды әлемді толық ығыстырып тастайды. Тәуелділік өз көрінісін екі формада табады: әлеуметтенген және индивидуалданған. Интернет–тәуелділіктің әлеуметтенген формасында бала өзі сияқты тәуелді балалармен болса да, қоғаммен әлеуметтік байланысты ұстайды. Мұндай жасөспірімдер бірлесіп ойнағанды ұнатады. Берілген жағдайда ойындық мотивация негізінде жарыстық сипат жатыр. Тәуелділіктің бұл формасы келесі формаға қарағанда әсері әлдеқайда жағымсыз. Индивидуалданған формасында адамның тек дүниетанымы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта, социуммен өзара әрекеттестігі бұзылады. Мұндай балалар үшін интернет наркотикпен теңдес болады. Егер де біраз уақыт бұл құмарлықтың орнын басқа бірдеңе баспаса, онда ол табиғаты бойынша «ломкаға» жақын күйге (жағымсыз эмоциялар сезеді, қозулы және агрессивті болады, прострацияға ұшырайды) көшеді. Мұндай құбылыстар клиникалық тілмен психопатология немесе берілген патологияны тудыратын өмір сүрудің стилі деп атайды.
4.Құштарлық кезеңі.
Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі. Ол адамның ойындық белсенділігінің сөнуімен, индивидтің сауығуға психологиясының өзгеруімен сипатталады. Мұнда бала компьютерден дистанция ұстайды, алайда орныққан тәуелділіктен толық босай алмайды. Берілген кезең ұзақ, кейде тіпті өмір бойы сақталады. Ол құштарлықтың сөну жылдамдығына тәуелді[26].
Міне, жоғарыда көрсетілгендей, интернет–тәуелділігінің қалыптасуы осылайша біртіндеп жүреді.
| | скачать работу |
Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері |