Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қан және қан айналу жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері



 Другие рефераты
Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Жеке бас гигиенасы. Киім және аяқ киім гигиенасы Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Оқу бөлмелерінің ауасына қойылатын гигиеналық талаптар Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы Ас қорыту жүйесі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері

Мақсаты: Қан және қан айналу жүйесінің жастық ерекшеліктерімен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Қан және оның маңызы.

2 Қанның физикалық-химиялық қасиеттері

3 Қан жасушалары

4 Қанайналым шеңбері.

5 Қанның қан тамырларымен қозғалуы.

6 Қанайналуды реттеу және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Қанның құрамы өте күрделі. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына қызыл қан клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер, қызыл қан пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның клеткалары бүкіл қанның 55-60%, плазма 40-45% құрайды. Қан ағзада қоректік заттар мен оттегіні және зат алмасу процесінің өнімдерін тасымалдайды, дененің тұрақты  температурасын сақтауға қатысады. Қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Оның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында. Денедегі қан үлкен және кіші қан айналу шеңберлерімен тасымалданады. Қан айналу шеңберлері қоректiк заттарды ұлпаларға, клетка­ларға тасиды;  ал қажетсiз заттарды зәр шығару мүшелерiне тасымалдайды;  заттардың тотығуына қажеттi oттeгiнi өкпеден клеткаларға жеткізіп, клеткада пайда болған көмiрқышқыл газын өкпеге алып келедi; гормондарды, ферменттердi, антиденелердi тасымалдайды. Жүрек тынымсыз жиырылып тұрғандықтын қан қан тамырларына үздіксіз өтіп тұрады. Бұл құбылыс тамырлардың икемділігі, майысқақтығымен, жүректің жиырылып қанды айдауымен, тамырлардағы  қысымның әр түрлілігімен, қан сұйықтығының қалыпты мөлшерде болуымен жүзеге асады. Өсіп, дами келе балалардың жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктемеге деген реакциясы өзгереді. Оны арнаулы сынақтар жүргізу арқылы анықтауға болады. Динамикалық физикалық жүктемеге балалардың жүрек соғысы жиілеп, максималдық қан қысымы жоғарылайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ағзаның ішкі ортасы.
  2. Қан, оның құрамы, маңызы, жалпы қасиеттері.
  3. Қан жасушалары.
  4. Қан тобы.
  5. Балалар мен жасөспірімдер қанының ерекшелігі.
  6. Қанның иммундық қасиеті.
  7. Донорлық және оның түрлері.
  8.  Қан айналым жүйесінің жалпы схемасы.
  9. Жүрек циклы.
  10. Қан қысымы.
  11. Лимфа.
скачать работу


 Другие рефераты
Новые информационные технологии в образовании
Проблема человека в эпоху раннего итальянского гуманизма
Сартр: Проблема свободы в экзистенциализме
Титан


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ