Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды реттеу

ариат куәландырған көшірмесі;
  • Ø өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
  • Ø еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банктерді қоспағанда);
  • Ø жүк-кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің және тараптардың өтініш беру сәтіне осы Шарт бойынша міндетгемелерін орындауын растайтын басқа да құжат-тардың көшірмелері;
  • Ø бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берген лицензияның көшірмесі;
  • Ø инвестициялар жүзеге асыры-латын бағалы қағаздардың эми-тенттері үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган берген бағалы қағаздар эмиссия-сын мемлекеттік тіркеу немесе акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін) беру туралы куә-лігінің көшірмесі;
  • Ø салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
  • Ø жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • 19. Портфельдік инвестицияларды (резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алудан басқа) тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды  ұсынады:

    • Ø Шартгы тіркеуге өтініш (осы Ереженің 5, 7-қосымшалары);
    • Ø Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
    • Ø өтініш берушінің статистика-карточкасының көшірмесі;
    • Ø еркін нысанда жасалған тиісті
    • Ø Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банк-терді қоспағанда);
    • Ø бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берген лицензияның көшірмесі;
    • Ø инвестициялар жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың эми-тенттері үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетгі орган берген бағалы қағаздар эмиссия-сын мемлекеттік тіркеу немесе акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін) беру туралы куә-лігінің көшірмесі;
    • Ø салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
    • Ø жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін.

    20.  Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының резидент еместердің акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекетгің салымдарын) сатып алуымен байланысты операциялары Ұлттық Банкте тіркеледі.

    Тіркелу үшін уәкілетті мемлекеттік орган – Шарттың тарабы Ұлттық Банкке өтініш (осы Ереженің 5, 6, 7-қосымшалары) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

    21. Резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі операциялары капиталдың халыкаралық рыноктарында бастапқы орналастырылуы кезінде Ұлтгық Банкте тіркеледі.

    Тіркелу үшін эмитент Ұлттық Банкке өтінішті (осы Ереженің 5, 7-қосымшалары) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

    22. Резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі операциялары филиалда (Ұлтгык Банкте) тіркелуге тиіс емес. Орталық депозитарий ай сайын Ұлттық Банкке бағалы қағаздардың бастапқы жене қайталама рыноктарында жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялары бойынша ақпарат ұсынады.

    23.  Инвестициялау объектісі болып табылатын резидент (банктерден басқа) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 8-қосымшасы) ұсынады.

    Сонымен бірге көрсетілген мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк немесе оның филиалы кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің және Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап ету-ге құқылы.

    24.  Инвестициялау объектісі болып табылмайтын резидент (бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шартқа қызмет көрсету туралы мәлі-меттерді белгіленген нысанда (осы Ереженің 9-қосымшасы) ұсынады.

    25.  Уәкілетті мемлекеттік ор-ган тоқсан сайын есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекеттің салымдарын) сатуға арналған Шарттың тіркелу орны бойынша осы Шарт женінде бюджетке түсімдер тура-лы мәліметтерді белгіленген нысанда (осы Ереженің 10-қосымшасы) ұсынады.

    26.  Резидент еместердің қайта инвестициялары осы Ережеге сәйкес тіркелуге тиіс емес.

    27.  Кәсіпорынды жалға алу. жылжымайтын мүлікке меншік құқығын төлеу шарттары (кәсіпорындарды тұтастай мүліктік кешен ретінде қоса алғанда) негізінде, Сатып алу-сату шарттары негізінде резиденттердің резидент еместерге интеллектуалдық мен-шік объектілеріне ерекше құқық берумен, уақытша иелену құқығын  төлеу және тұтастай алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ре-тінде пайдаланумен байланысты операцияларды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжат-тарды ұсынады:

    • Ø өтініш (осы Ереженің 11-қо-сымшасы);
    • Ø Шарттың нотариат куәлан-дырған көшірмесі;
    • Ø өтініш берушінің статистика-лық карточкасының көшірмесі;
    • Ø еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетгі банктің растауы (банк-терді қоспағанда);
    • Ø салық органының өтініш бе-рушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
    • Ø жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін.

    28. Тараптардың бірі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатын резидент еместердің кәсіпорынды жалдау және жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары Ұлттық Банкте тіркеледі.

    Тіркелу үшін уәкілеггі мемле-кетгік орган – Шарттың тарабы Ұлттық Банкке өтініш (осы Ере-женің 11-қосымшасы) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін береді.

    29.   Резиденттер есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін Шарттың тіркелу орны бойынша тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 12-қосымшасы) ұсынады.

    Сонымен бірге ұсынылған есеп беру нысаны бойынша мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк (филиал) клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің немесе Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап етуге құқылы.

    30.  Мүліктік жалдау шарттары негізінде резидент еместердің жылжымайтын мүлікті уақытша иелену мен пайдалану құқығын төлеуі (мүліктік кешен ретіндегі тұтастай кәсіпорыннан басқа) резидент емес резиденттің міндеттемелерді орындауына дейін 120 күндей бұрын жалдау ақысын төлеген жағдайда тіркелуі тиіс.

    Шартты тіркеу және тіркелген шарт бойынша мәліметтер ұсыну осы Ереженің 14-16-тармақтары-на сәйкес жүзеге асырылады.

    31.   Қатысушылар (тараптар және үшінші тұлғалар) бірнеше резидент болып табылатын Шарттарды тіркеу кезінде тіркеу куәлігінде барлық қатысушылар (кредитор заемшы – төлем жасаушы, кредитор – заемшы– кепіл, инвестор – сатушы инвестициялау объектісі, инвестор – қаржы дел-далы – инвестициялау объектісі, сатып алушы – сатушы – алушы, сондай-ақ Шартгардың басқа да қатысушылары) көрсетіледі.

    32.  Бірнеше резидент қатыса-тын Шарттар бойынша осы Ере-женің 4, 7-тармақгарында көзделген міндеттер резидентке  – Шарттың тарабына –қаражат алушыға жүктеледі. Резидент еместен Шарт бойынша қаражатты алушы болып табылатын бірнеше резидент Шарттың тараптары болған жағдайда үлесіне Шарт сомасының басым бөлігі келетін резидентке Шартты тіркеу міндеті жүктеледі.

    Резидентгер Шартқа тең үлесте қатысқан жағдайда Шартты тіркеуге қатысушы резиденттің бірі өтініш беруі мүмкін. Осыған орай барлық резиденттер-Шарттың қатысушыларына тіркеу жөніндегі міндет жүктеледі және олар осы талаптың орындалмауына бірдей жауап береді.

    Қатысушы-резидентке, филиалға тіркеу туралы бірінші өтінген адамға тіркеу куәлігі беріледі. Резидент еместің пайдасына төлем жасаған кезде және/немесе баска да қатысушы-резиденттер осындай Шарт бойынша резидент еместен қаражат алған кезде уәкілетті банкке төлем негізділігін және/немесе қаражаттың алынуын растайтын құжаттардың көшірмелері (оның ішінде нотариат куәландырған Шарттардың, Ұлттық Банктің тіркеу куәлігінің көшірмелері) ұсынылады.

    Шартты тіркеген қатысушы-резиденттен тіркеу куәлігінің көшірмесін алу мүмкін болмаған жағдайда басқа да қатысушы-резиденттер өздерінің заңды мекен-жайы бойынша тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсыну туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш бере алады.

    Осы Ереженің 4, 8, 9, 10 неме-се 12-қосымшаларында көрсетіл-ген мәліметтерді ұсыну міндеті

    тіркеу куәлігінің түпнұсқасын алған резидентке жүктеледі. Тіркеу куәлігінің түпнұскасын алған резиденттің жазбаша келісімімен үшінші тарап-резидент (төлем жасаушы) тиісті нысандағы тоқсан сайынғы мәліметтерді ұсынуға жауапкершілікті өзіне алуы мүмкін, бұл туралы ол жазбаша нысанда өзінің заңды мекен-жайы бойынша филиалға хабар береді.

    33. Тіркелген Шарттар бойынша шынайы және толық статистикалық есепке алуды қам

    12345
    скачать работу

    Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды реттеу

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ