Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды реттеу

тамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк апта сайын уәкілетті банктерге және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне (қаражаттың тауар түрінде ауысуын көздейтін мәмі-лелер бөлігінде) тіркеу нөмірін, күнін, резидент-мәміле қатысушысының атауын, Шарттың сомасын, өтініш беру күніне Шарт бойынша түсімдер сомасын, өтініш беру күніне резидент борышы негізгі сомасының қалдығын көрсете оты-рып (кредиттер және экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуі бойынша) жаңадан берілген және күші жойылған тіркеу куәліктері туралы акпаратты ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктер Ұлтгық Банкке тіркелген Шарттар бойынша қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады (осы Ереженің 13-қо-сымшасы).

34.  Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу тіркелген операциялар бойынша қатысушылардың міндеттемелеріне қатысты Ұлттық Банк тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады.

Ұлтгық Банктің тіркеу куәлігінің бар болуы Қазақстан Республика-сының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын бұзуға жауапкершіліктен босату үшін негіздеме болып табылмайды.

35.  Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Респуб-ликасының зандарына сәйкес қолданылады.

36.  Осы Ережеде ретгелмеген мәселелер Қазақстан республикасының зандарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
 

ІІІ  ТАРАУ. Қазақстан  Республикасында  валюта

нарығын  реттеу

3.1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге

асыратын резиденттер мен резидент еместердің  құқықтары  мен

міндеттері

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

ü валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен танысуға;

ü Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;

ü Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік қүқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы  бар.

 

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

ü валюта  бақылауы  органдары  мен   агенттеріне  барлық  сүраған  қүжаттар  мен   валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарды беруге;

ü валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;

ü валюта  бақылауы  органдары  мен  агенттері  жүргізген  тексеру  актілерінде   баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;

ü өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеи жүргізіп және есеп беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;

ü валюта  бақылауы  органдарының  анықталған  тәртіп   бүзушылықтарды   жою   жөніндегі талаптарын (нүсқауын) орындауға;

ü Қазақстан Реслубликасының вапюта заңдарында белгіленген басқа талаптарды орындауға  міндетті.

 

3.2. Қазақстан  Республикасында  валюта  операцияларын  жүргізу

ережесі

 

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

ҚР-да валюта  операцияларын  жүргізу  ережесі  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі          № 115 қаулысымеп бекітілген.

Осы Ереже «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жасалды, ол валюта операцияларын жүргізу тәртібін айқындайды және валюталық бақылауды жүзеге асырудың негізгі принциптерін белгілейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция , облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталық  операциялар   да жасалады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

Валюталық   жүйенің   басты   элементі  –   валюталық бағам.   Валюталық   бағамның   қалыптасуына   ықпал   ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағам-дарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

Валюталық қатынастар – бүл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық   нарықтарды    валюталық   операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген   қызметтер   және   капиталдар   мен   несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату   операциялары   жүргізілетін   ресми   орталықты   біл-діреді. Валюталық операцяилардың көлеміне байланысты ва-люталық   нарықтар   халықаралық,    аймақтық   және   ұлттық болып бөлінеді.

Валюталық  нарықтардың  қатысушыларын  екі   басты топқа бөледі: пассивті – валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті – баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы  банктік  және   неиелік  айналыс  құралдары  –  телеграфтық және пошталық аударымдар,  чектер,  тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде калыптасатын оъективті кұндык катынастарына негізделеді.

Валюталық бағам — басқа елдің ақша бірлігіне қатыс-ты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталык паритет шеңберінде ауытқып отырады.

Валюталардың   баға   белгіленімі   айырбас   үшін  ұсы-нылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүм-кіндік  жасайды.   Валюталық  баға   белгілеу  түрі   валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.

Сауда-өнеркәсіптік   клиенттер   үшін   валюталар   баға белгілеу кросс-бағам негізінде  бекітіледі,  ол екі  валютаның өзара   қатынасының   үшінші   валютаға   қатысты   анықталуын сипаттайды.

Валюта  нарығы – қаржы  нарығындағы  ең  үлкен  нарық.  Валюта  нарығы  кез  келген  елдің  экономикасында  қан  айналымының  ролін  атқарады.  Валюта  нарығын  реттеу  –  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.ҚР “Бағалы қағаздар нарығы”туралы Заңы. Егемен қазақстан 3 шілде 2003ж.

2.ҚР “Валюталық реттеу туралы” Заңы. 24 желтоқсан 1996ж.

3.У.М.Искаков,  Д.Т. Бохаев, Э.А.Рузиева. Финансовые  рынки  и  посредники.  А., 2005.

4. Стайнер Б.  Клчевые  рыночные  концепции.  М., 2004.

5. К. Ж. Бертаева.  Казахстанский  валютный  рынок.  А.,  2005.

6. Г.С.  Маргацский.  Валютный  дилинг.А., 2004.

7. Таран  В.А. FOREX:  фундаментальный анализ  валютных  рынков.  М.,  2005.

8. Ғ.С.Сейтқасымов.  Ақша,  несие,  банктер.  А,  2001.

9. Мақыш С.Б.  Ақша  айналысы  және  несие.  А.,2004.

10. К.Ж.Бертаева. Валютный  рынок  и  валютные  операции.            А.,  2000.

11. Бюллеттень  нормативных  правовых  актов.  №26.  А., 2001

12345
скачать работу

Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды реттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ