Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қарахан әулетіне 2800 жыл

ігілтайпасы, ал бура атағын ягмалар иеленді. Біз бұрынғы бір мақаламызда жазғанымыздай, «ягма» деген сөз парсыша көшпелі деген мағынаны білдіреді, шынтуайтына келгенде академик В. В. Бартольд көрсеткеніндей, яғмалардың мұрагерлері кейін жалайырлар атанғанын (Қазақ совет энциклопедиясы, 12 -том «ягма» деген сөзді   қараңыз).

Қазіргі ұйғыр, өзбек ұлттары түркі тілінің қарлық тобында сөйлейді. Қазақ халқы құрамындағы жалайырлар да сол қарлықтардан...

Қазақ халқыәртүрлі той болып, жол-жораға кешкенде жалайырларға тек ұлы жүз ғана емес, бүкіл қазақ халқы ноқта ағасы ретінде ең бірінші үлесті, сыйды беретіндігі әуелі осы Афрасияб - Қарахан әулетін құрметтегендіктен болуы әбден мүмкін. Жалайыр Мұхали, кейбір деректер бойынша Майқы уәли - атақты Майқы би Шыңғыс ханның Қытайды, оның астанасы Пекинді жаулап апып берген бас қолбасшысы болғандығы тарихтан  белгілі.   Майқы  бидіңқолбасшы ұлы Бақтыяр есімі ұлы жүздің жауынгерлік ұранына айналғаны мағлұм. Жалайырлар Шыңғыс хан ұрпақтары 1258 жылы Бағдатқа дейінгі мұсылман елдерін күшпен бағындырғанда Иран да осы билеушілердің қол астына көшкен еді. Міне, сол кезден бастап Иранда жаугершілікпен барған Қарахан әулетінің адамдары Жалайыр мемлекетін құрғаны да мәлім. Қазір солжалайырлардың саны миллионғажетіп, өздерін бақтыяр тайпасы деп атайды. Аятолла Хомейни тақтан құлатқан соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлевидің жұбайы Сурея патшайым осы бақтыяр тайпасы көсемінің қызы еді. Алайда екіарада бала болмаған соң шаһ бұл жұбайынан ажырасып, Сурея Европада басқа ерге шыққан соң ұл-қыз көргені, өзі киноактриса болып кеткенін де айта кетуге болады. Сол Қарахан яғмалардың Ирандағы ұрпақтары жалайырлар ғасырлар өте келе өздерінің баяғы ана түркі тілін ұмытып, парсыша сөйлеп кетті. Осы арада Иран шаһы Кейқысырау улап өлтірген Мадай - Алып Ер Тоңа - Афрасияб бабамыз туралы жоқтау жырының үзінділері әуел баста түркі тілінде шығарылғандығын өзінің тегі жөнінен Қарахан әулетінен шыққан яғни жалайыр қашқарлық Махмұд ғұлама «Түрік сөздігінде» келтірген еді. Көне түрік тілінен қазіргі қазақшаға филология ғыпымдарының докторы, ақын Асқар Егеубаев аударған солжоқтау жырындағы:

Тырнақтай меңі солған соң,

Тарлан тартып оңған соң,

Түгіне кір қонған соң,

Мінсіз, жеңсіз, кіршіксіз

Шаңқан болмай қылаң ба?

Ту ұстап тұлпар жаратпай,

Алдыңнан топ таратпай,

Елді аузына қаратпай,

Жай оғындай оқ атпай,

Анадаң тудым дегенмен,

Бастамаса ел ұлан ба? - деген сөздері қазақ халқының ежелгі жоқтау және батырлар жырларындай қазір де құлаққа жылы  естіледі.

Осыған байланысты Қарахан қожалар ұрпақтарының Тараздың қақ ортасында тұрған Әулиеата Қараханның мазарын өз бабамыздікі деген ниеті осындай тарихи деректерге сәйкес келе қояр ма екен? Орта Азия жеріне 714-715, ал Талас алқабына751 жылдары ғана келген мұсылман араб әскерлерінен кемінде 1300 жыл бұрын өмір сүрген Афридун, Дад Нишин, Пиш, Мадай, яғни Афрасияб бабаларымызды қалайша қожа деп айта аламыз? Рас, Талас қаласының Тараз аталуына жол ашқан, түркі халқының мұсылмандықты жаппай  қабылдауына  себепболған бұқаралық тажік шаһы Исмаил бен Ахмед 893 жылғы наурыз, сәуір айларында біздің көне қаламызды қамап, бура қаған Ұғылшақтың 15 мың адамын тұтқындап, мыңдаған адамын қырып, мал-мүлкін талан-таражға салғаны мәлім. Ұғылшақ Тараздан айырылған соң өз мемлекетінің астанасын Қашқарға көшіреді. Сол Ұғылшақ қағанның інісінің ұлы Сатук көп ұзамай билік басына келіп, бурахан лауазымымен мәлім болады. Ол өзіне бағынышты түріктерді ислам дініне кіргізеді. Тіпті мұсылманша Әбдіпкәрім атанып, түрік халқының батыстағы бөлігін де ислам дініне енгізеді. Оның ұрпақтары ислам дінін ту етіп Самарқанд, Бұқараға дейін билік жүргізеді. Әбділкәрім атанған Сатук бурахан 955 жылы қайтыс болған соң сүйегі Қашқар қаласының солтүстік іргесіндегі Атуш мекеніне қойылады. Тараздың ортасындағы Әулие ата атанған қараханның мазарындай мазар Атуш қыстағында әлі күнге дейін қалың жұрт зиярат ететін қасиетті орын болып  келеді.

Осы орайда Әулие ата атанған қарахан кім деген сауал өзінен өзі туындайды. Қытай ғалымы ГынШымин Қарахандар әулеті шамамен 1041/42 жылдары бақталастық салдарынан екіге бөлініп, шығыс, батыс тараптардағы түріктерге билік жүргізе бастады дейді. Шығыс Қарахан әулеті Қашқарды Ордакент деп атап, Баласағұнды астана еткен. Қашқарлық Махмұд ғұлама да, атақты «Құтты білік» дастанын жазған баласағұндық Жүсіп хас хажиб те осы шығыс қарахан әулетінен шыққандығы белгілі. Ал, батыс қарахандар әулетінің орталығы    Самарқанд болды.

Біздің Тараз қаласы шығыс қарахандар әулетінің билігінде еді. Сатук бураханның ұрпағы Махмұд бен Жүсіп қытай деректеріне қарағанда 1059 жылдан 1075 жылдар аралығында бипік жүргізген. Ол Тоғрул қарахан деп аталынған. Оның бір лақап аты - мемлекеттің заң түзілімі. Дәл осы Махмұдтың Ша-Махмұд деген есіммен 1059 жылдан бастап күміс теңге шығарғандығын австриялық ғалым Отто Прицак жазса, ресейлік ғұлама В. В. Бартольд оның отқа табынушы қара қытайларға қарсы соғыста үлкен жеңістерге жеткендігін, бірде өзі қырған сол моңғол тұқымдас қара қытайлардың өліктері Талас өзенінде қойша тоғытылғанын көргенде, жүрегі айныған соң тағын тастап, сопылық жолға түскендігін, жер астынан үңгір қазып алып, мінәжет етумен өмірден өткендігін жазған еді. Сондықтан да ол Әулиеата атанған.   Он алты жыл бойы Таразды астанаетіп, калын елді билеген Ша-Махмұд бабамыз қайтыс болған соң оның ұлы Омар екі айдай ғана билік жүргізеді. Өйткені хан тағын осы Омардан қарахан әулетінен Сүлейменнің баласы Хасан тартып алған еді. Баласағұндық Жүсіп ақын өзінің әйгілі дастаны «Құтты білікті» осы Хасан қараханға тарту еткендігі тарихтан белгілі. Міне, осы қараханның ұрпағы Мұхаммед бен Жүсіптің түбіне сайып келгенде жоғарыда айтылған қара қытайлардың гөрханы жетті. Қытайлық ғалымдардың Жамал Қаршидің тарихына сүйене отырып келтірген мәліметтеріне қарағанда соңғы Қарахан Мұхаммедтің әкесі Жүсіп 1205 жылы Қашқарда қайтыс болған көрінеді.

«Осы аралықта, оның баласы Мұхаммед б. Жүсіпті гөрхан барымтаға ұстап тұрады. Чуй Шупуй соңғы герханды тұтқындағанда, оп Мұхаммед б. Жүсіпті босатып, оны Қашқарға апарып, соның билеушісі етіп қояды. Осының алдында қашқарлық ақсүйектер көтеріліс жасап, олар соңғы шығыс қара қағанын өлтірген болатын. Осыған байланысты Чуй Шупуй Қашқарға жазалау жорығын жасап, бұл қаланы басып алып, ақсүйектерді қырғынға ұшыратады. Осымен шығыс қарахандар әулеті жойылады», деп жазады қытай ғалымы Гың Шымин. Бұған қоса айтарымыз - қара қытайлықтарды найман ханы Күшлік, ал батыс қарахандар әулетін Хорезм шаһ Мұхаммед    қырып салған.

Міне, ең соңғы қарахан Мұхаммед бен Жүсіп атақты Айша бибінің жұбайы болғандығын басқа деректер арқылы дәлелдеуге болады. Қазақстан сәулетшілері атақты архитектор Н. Бәсеновтың бастауымен Айша бибі күмбезін зерттегенде осы кесенені соққызған Мұхаммед деген жазуды тапқан. Ал, Айша бибінің өмір сүрген кезеңі шамамен 1185 жылдан кейінгі уақыт екендігін ескерсек, қарахандар әулеті ішінде Жүсіптің ұлы Мұхаммедтен басқа Таразды билеген дәл осы аттас ешкім болмағандығы тағы мәлім.

Сонымен, парсы, түркі және қытай деректерін өзіміздің ата-бабаларымыз Дулат Мұхаммед Хайдар мырзаның, қашқарлық Махмұд ғұламаның, баласағұндық ақын Жүсіптің қазір қазақша аударылған еңбектерімен салыстыра пайымдағанда қазақ халқының тарихы оның құрамындағы жалайыр қарахандар әулеті арқылы тарихтың кемінде 2800 жыл тереңіне кететіндігіне кез жеткіземіз. Биыл негізі қаланғанына - 2000 жыл, ал, шындығында 2044 жып толып отырған Қазақстанның ең байырғы қаласы Тараздың тарихы -халқымыздың тарихының темірқазығы деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың уәлі сөзі ақиқат екендігін сөзсіз    мойындаймыз.

12
скачать работу

Қарахан әулетіне 2800 жыл

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ