Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жалға беру есебі

р талаптарына сәйкес келеді.
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы – мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.
Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін – тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.
Түсініктеме хат.
БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік хат та кіргізілген.
Оның құрылымы экономика саласының ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылуы қажет. Түсінік хаттың бір басты мақсаты – бүкіл бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылар алдында кәсіпорын қызметінде орын алған проблемаларды анықтау, айналыс құралдарының айналысының кеміп кетуін айту, рентабельділіктің тмендеуі мен жоспардың орындалмау себептерін «негіздеу».

1.2 Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.

Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың , өкілдіктердің , бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоас алғанда , мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалад. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарның қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің батырмасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар , мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең , ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар : көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны /мекеменің/ басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі мен жыл ұстасуы;
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары :
1. Түсініктілік — қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс.
2. Орындылық — пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.
3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы көрсету – сенімділікті қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы және тағы басқа операцияларды шынайы көрсетуі тиіс.
5. Мәннің формадан артықшылығы – операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес есептеп ұсынуы қажет.
6. Бейтараптық — қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.
7. Байқампаздық — активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық деңгейін ұстау.
8. Толықтылық — сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық — ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған жағдайда өзінің орындалғандығын жоғалтуы мүмкін.
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс – ақпараттан алынатын пайда, оны алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс — қаржылық есеп беру тепе – теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы маңыздлығын анықтайды.
12. Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.

ІІ Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау .

«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланлатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрлтайшылары /меншік иелері/ жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойнша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің /жұмыстың, қызметтің/ өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың «Материалдық емес активтер» деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101 – “ Лицензиялық ккелісімдер “, 102 – “Бағдарламалық қамтамасыз ету” , 103 – “ Патенттер “, 104 — “Ұйымдастыру шығындары “, 105 – “ Гудвилл “, 106 – “ Басқалар “ және 112 – “ Материалдық емес активтердің амортизациясы – бағдарламалық қамтамасыз ету “, 115 – “ Материалдық емес активтердің амортизациясы – гудвилл “, 116 – “ Материалдық емес активтердің амортизациясы – басқалар “ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .
“ Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы , консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі . Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі . Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке – жеке көрініс табады . Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі . Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады . Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады . Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырыла

12345След.
скачать работу

Қаржылық жалға беру есебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ