Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жалға беру есебі

ды / яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады / . Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі . Сонымен , баланстық “Негізгі құралдар “ деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет :
121 – “ Жер” , 112 — “ Үйлер мен ғимараттар” , 123 – “ Машиналар мен жабдықтар , беріліс құрылғылар” , 124 – “ Көлік құралдары” , 125 – “Басқалар “, 126 – “ Аяқталмаған құрылыс” , 131 — “ Үйлер мен ғимараттардың тозуы” , 132 – “ Машиналар мен жабдықтардың , беріліс құрылғылардың тозуы “, 133 – “ Көлік құралдарының тозуы “, 134 – “Басқалардың тозуы “.
Ұзақ мерзімді инестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының ұзақ мерзімді инвестициялары , басқа кәсіпорындардың активтеріне ( бағалы қағаздар – акцилар , облигациялар ) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдар , сондай – ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады . Баланстың “ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады : 141 – “Еншілес серіктестіктерге инвестициялар” , 142 – “ Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар” , 143 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар” , 144 – “Басқалар “.
“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” бөлімінде есеп беретін адамдарға берешектер көрссетіледі .
Бұл бапты толтыру үшін 301 – “Алуға арналған шоттар” , 302 – “Алынған вексельдер” , 321 – “ Еншілес серіктестіктердің берешегі” , 322 – “Тәуелді серіктестіктердің берешегі” , 323 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі” деген жинақтамалы шоттардың және 33 — “Өзге де дебиторлық берешек” бөлімшесі шоттарының деректері қолданылады .
Есеп берудің “Тауарлы – материалдық қорлар (ТМҚ)” бабын толтырған кезде ІІ бөлімдегі 20 – “ Материалдар” , 21 – “Аяқталмаған өндіріс” , 22 – “Тауарлар” деген бөлімшелердің ақпараттары қолданылады .
“Алдағы кезеңдердің шығыстары” бабын толтыру үшін 34 – “Алдағы кезеңдердің шығыстары” деген бөлімшенің ақпараты қолданылады .
Баланстың пассивіндегі “Бөлінбеген кіріс” бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі .Бұл бап бойынша көрсеткіштер 561 – “ Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян )” , 562 – “Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі ( жабылмаған зиян )”, 571 – “ Жиынтық кіріс (зиян )” жинақтамалы шоттарның деректері негізінде толтырылады .

2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі.
Шаруашылық субъектілері тоқсандқ және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші
банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар , кредиторлар , жеткізушілер , қызметкерлер , сондай – ақ министрліктер , ведомстволар және жұртшылық жатады .
Кәсіпорынның , ұйымның , мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар , сатып алушылар , жеткізушілер , инвесторлар , биржалар , банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады .
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар , банктер , сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде , журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті . Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс .
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда , сондай – ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен бірінің басиамасы бойынша жүргізіледі .

2.2 Қаржылық — шаруашылық қызметінің есебін беру .

Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі .Бұл стандарт бағалау әдісі , есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді :
-негізгі қызметтен ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан ) алынған табыс ;
- сатылған өнімнің , жұмыстың , қызметтің өзіндік құны ;
-жалпы кіріс ;
-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;
-негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
-салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
- табыс салығы ;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян – төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян ;
- таза кіріс немесе зиян (№1 – кесте ).
Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру ( №1 – кесте).

Баптардың атауы Сомасы
Кірістер
Таза сату 14000000
Процент түріндегі кіріс 500000
Кірістердің жиыны 14500000
Шығындар мен шығыстар :
Сатудың өзіндік құны 9000000
Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары 250000
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар 500000
Өндірістік үстеме шығындар 250000
Сатудың өзіндік құнының жиыны 10000000
Жалпы кіріс 4500000
Сату жөніндегі шығындар 1000000
Жалпы және әкімшілік шығындар 500000
Процент төлеу шығындары 500000
Өзге шығындар 0
Шығындардың жиыны 2000000
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі 2500000
Табыс салығы бойынша шығындар 750000
Төтенше табыс немесе зиян 0
Таза кіріс 1750000

Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .
Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .
Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .
Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :
* есепті кезеңге , егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе ;
* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге , егер өзгеріс оларға да әсер етсе .
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады . Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық , тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .

2.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну .

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңға , 24 “Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
- субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;
- материалды – жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау – тапсыру күні);
- талан – тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай – ақ құндылықтар бүлдірілгенде – мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;
- негізгі құралдарды және тауарлы – материалдық қорларын қайта бағалауда – субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақст

12345След.
скачать работу

Қаржылық жалға беру есебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ