Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржының мәні, функциясы және ролі

етақы, еңбекпен қамту және медициналық сақтандыру қорларында  шоғаырланады;

-           Бюдже, негізінен салықтық түсімдер арқылы толықтырылады.  Салықты көбейтуге бағытталу өндірістің құлдырауына әкеледі. Сол себептен салық жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындайды;

-          Экономикаға мемлекетттің араласпауының нәтижесінде халық шаруашылығын бюджеттен қаржыландыру көлемі –60% -12%-ға дейін төмендейтіндігі.

4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
«Қаржы» (санатын) категориясы басқа құндылықты категориялардан ерекшеленеді. Қаржылардың айрықша ерекшеліктеріне келесілер жатады:

- Қаржының қор түрінде пайдаланылуы. Қаржылар ақшалай қорлардың қозғалысында қалыптасады. Ал ақшалай қорлар қаржылық қатынастардың объектісіне жатады.

- Қаржының бір мақсатқа пайдаланылуы.   Олардың нақты бір шығындарға жұмсалуы.

- Қаржылардың міндеттілігі. Бұл қаржы ресурстары мен экономиканың  қажеттіліктерімен байланысты.

- Қаржылар эквивалентсіз болып табылады. Қаржылық кірістер құнның біржақтылық қозғалысының негізінде қалыптасады.

Қаржылардың  құнның басқа да категорияларымен қарастырғанда  (баға, еңбекақы, несие) бірге жалпы ерекшеліктері бар:

- қаржы ақшалай нысанда болады

- қаржылық қатынастардың бөлістірушілік қатынастардың жатуы

Осыған орай кез-келген қаржылық қатынастар  бұл ақша қатынастары болып табылады.

Азаматтар арасындағы саудадағы ақшалай қатынастар қаржыға жатпайды.  Қаржылар ақшалардан мазмұны бойынша да, атқаратын функциялары  бойынша да ерекшеледі. Қаржылық қатынастар ақшалай нысанда болғанымен барлық ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарға жатпайды.

      5. Қаржылардың функциялары

Қаржының мәні оларды функцияларында айқын байқалады. Функция дегеніміздің өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі таңда шет елдерде қаржылардың функцияларының саны мен мазмұны бойынша көптеген пікірлер туындауда. .

Қәзіргі уақытта қаржылардың 2  тұжырымдамасы (концепциясы) кең қолданысқа келуде. Оның бірі-бөлістірушілік, екіншісі- ұлғалмалы өндірістік концепция.

Бірінші бөлістірушілік тұжырымдамасын  ұстанушылардың ойынша:  қаржылар қоғамдық ұлғалмалы ұдайы өндірістің екінші кезеңінде яғни ақшалай түрде қоғамдық өнімді бөлістіру үрдісінде қалыптасады.  Осы тұжырымдама  негізінде қаржылар екі функцияны атқарады: бөлістірушілік және бақылаушылық функция.

Бөлістірушілк функция арқылы қоғамдық өнім мен оның маңызды бөлігі-ұлттық табыс бөлістіріліп, қайта бөлістіріледі. Қоғамдық өнімді бөлістірудің екі түрін бөліп көрсетуге болады: алғашқыбөлістіру және қайта бөлістіру.      Алғашқы бөлістіру жағдайында қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар)  шығарып тасталынады және жаңадан жасалынған құн –ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттік, өндірістік аяның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары негізінде қалыптасады.  Қайта бөлу  – бұл салалық сондай-ақ аумақтық тұрғыда шаруашылық жүргізуші субъектлер бойынша қоғамдық өніммен, тұтынуды үлестірудің  сан алуан процестерін (үрдістерін) қамтиды.

Өндірісті ұлғайтуға жұмсалатын мемлекеттің ақшалай қорларының бір бөлігі жинақтау қоры деп аталады. Осыған сәйкес  бөлістірушілік функциясы арқылы қаржылар қоғамдық өнімді қанағаттандырады, ал бөлістірушілк функция арқылы қаржылардың мәні мен мазмұны ашылады. Қаржылардың бөлістірілуі ұдайы өндірістің басқа да кезеңдерінде -өндіріске, айырбасқа, тұтынуға әсер етеді.

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар қаржыны –бір кезеңді емес, толығымен ұдайы өндірістің категориясы деп есептейді. Өйткені, олардың пікірінше: қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысты яғни қаржы өндірістік қорлардың (капиталдың айналымын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар қаржыны айырбас категориясы ретінде де қарастырады яғни қоғамдық өнімді бөлістіру айырбас үрдісінде де жүзеге асады деп есептейді. Ақша қаражаттарының қозғалысындағы қаржылардың мәнін анықтайтын бөлістірушілік функциямен салыстырғанда ұдайы өндірістік тұжырымдаманы ұстанушылар қаржының мәнін ақшалай нысандағы құнның қозғалысында анықтайды. Қаржылардың мәнін тереңірек түсіну үшін ұдайы өндірістік тұжырымдаманы жақтаушылар қаржыларды келесідей функцияларын бөліп көрсетеді.

1) ақшалай кірістер мен  шығыстарды қалыптасуын ұйымдастыру

2) ақшалай кірістер мен қорларды пайдалану

3) бақылаушылық функциясы

Айта кететін жайт, қаржының бақылаушылық функциясын барлық тұжырымдаманы қолдаушылар қолданады.

   6. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қаржы баға, несие, еңбек ақы  сияқты категориялармен өзара байланыста болады. Аталған категориялар бөлістіру үрдісінде де қатынасады, бірақ олардың қатынасуы әр түрлі нысанда орын алады.

Бөлістіру үрдісінде қоғамға қажетті шығындармен анықталатын бағаның құннан ауытқуы орын алады. Бұл жағдайда қайта бөлу үрдісіне қаржылар қатынасып, олар құнның белгілі бір бөлігін бөліп алады(мысалы, акциздер, экспортқа және импортқа салынатын салықтар немесе кедендік төлемдер) және жетпеген құнды дотациялар арқылы толықтырады       Бағаның құннан ауытқу жағдайы мемлекет тарапынан баға саясатын жүргізу барысында (реттеушілік бағалар, әлеуметтік-төмен баға қою жағдайында) жүзеге асырылады.

Қаржылар еңбекақымен тығыз байланысты. Бюджеттік аяның жұмысшыларының еңбек ақысы бюджет қаржаттарының қалыптасуымен (бюджеттің мүмкіндіктерімен) тығыз байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында бағалардың еңбек ақыға әсер етуі жиі орын алып отырады.

Қаржының несиемен өзара байланысы. Қаржылық және несие қатынастарында да, ұзақ және қысқа мерзімді несиелеу мақсатында ақшалай қорлар(ссудалық капитал) қалыптасып, пайдаланылады. Қаржы және несие капиталдық салымдар мен айналым қорларының қалыптасуының негізгі көзі болып табылады. Қаржылар арқылы банктердің қаржылары қалыптасады ал несие арқылы қаржылық ресурстар қалыптасады. Олардың айырмашылығы   мынада; қаржылар қоғамдық өнімді  бөлістіріп, қайта бөлетін болса, ал несие қаржы бастаған бөлістіруді жалғастыра отырып, тек қайта бөлуге ғана қатынасады.  Қаржыландыру бұл қайтарымсыз және жедел емес тәртіп бойынша қаражаттардың жұмсалуы болатын болса, ал несие- қайтарымдылық, жеделділік, төлемділік, берілген қарыз ақшалардың  материалдық қамтамасыз етілуіне бағытталады.

7. Қаржылық қатынастар объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

Қаржылар тек қана экономикалық категория яғни ақша қаражаттарының жиынтығы ғана емес, ақша қорлары түрінде де қарастырылады. Бұл жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлуде қалыптасатын ақша қорлары немесе ақша жинақтары болып табылады..

Бірақ қаржы қорлары (жинақтар мен қосалқы бөлшектер) мен қаржы ресурстары арасында айырмашылық бар. Қаржы қорлары   –  бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары ал қаржы ресурстары болса, ол ақшалай қаражаттардың көзі. Қаржы ресурстарының бір бөлігі мақсатты қорлармен байланысты болса, екінші бір бөлігі мақсатты сипатта қалыптаспайды(үстеме төлем, айыппұл, және т.б.).

«Қаржы ресурстары» ұғымынының екі түсінігін  бөліп қарастыруға болады:

1.Шаруашылық жүргізу тәжірибесіндегі «қаржы ресурстары» ұғымы   мемлекеттің, кәсіпорындардың қармағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдарының жиынтығы түрінде қалыптасады.

2. Жиынтық өнімнің құндық құрылымында  (С+V+m) қаржы ресурстары-  жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі болып табылады. Қаржы ресурстарының негізгі көзіне барлық 3 элементте кіреді:  С – материалдық шығындар, V – қажетті өнім (еңбек ақы), m – қосалық өнім (кіріс). C –V –өзіндік құн.

Мысалы,  (С) элементінен амортизациялық төлемдер қалыптасатын болса,  (V) элеменеті – салықтардың  көзі болып табылады,  (m)элементі –сыртық экономикалық қызметтен түскен түсімдер, кірістер және салықтар  (кедендік төлемдержәне т.б.).

Мемлекеттің қаржы ресурстарының негізгі көздеріне тартылған қаражаттар-несиелер де жатады.

Қаржы ресурстарының арттырудың негізгі факторына – қоғамдық еңбектің өнімділігін арттыру жатады яғни оның нәтижесінде өнімді өткізуден түскен түсімдер, пайда және қор қайтарымы көрсеткіштері орын алады.

Екінші фактор –жиынтық өнімді теңдей бөлінуі (С+V+m) яғни қоғамдық өнімді материалдық шығындардың орнын толтыру қорына бөлістіру. Бұл фактор қаржы ресурстарының негізгі көзі ұлттық табысты бөлістірудің басты көзі болып табылады. Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрде қалыптасады. Орталықтандырылған түрде мемлекеттік бюджеттің қаржылары зейнетақы қорлары және бюджеттен тыс қорлар негізінде қалыптасады. Ал орталықтандырылмаған негіздегі қорларға: жинақтау, тұтыну, амортизациялық аударымдар қорлары жатады.

Бақылау сұрақтары
1.    Қаржының қалыптасуының қандай себептерін білесіз ?
2.    Қаржы ғылымының субъектісі мен объектісі дегеніміз не?
3.    Қаржының субъектісі дегеніміз не?
4.    Қаржыға анықтама беріңіз
5.    Қаржылар қандай аяларды қамтиды
6.    Қаржылардың даму кезеңдерін сипаттаңыздар

123
скачать работу

Қаржының мәні, функциясы және ролі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ