Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қасым Аманжолов (1911-1955)

азу нағыз жүрек жұтқан ерлік болатын. Ал Қасым бір бұл емес, мұндай бірнеше өлең жазған. Оның «Біз кім?», «Ақынның мінезі», «Күлемін де жылаймын» секілді өлеңдері сондай дүниелер.

 

Жылама сен, күл, – дейді,

Күлсем және сенбейді.

Қара тер боп тергейді:

Неге күлдің сен? – дейді.

 

Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу, пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы қайнай айыптау да Қасым сияқты ілуде біреудің ғана қолынан келгені шындық.

Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлы лебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан да көруге болады.

Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оның жырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты.

40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды.

Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған «Байкал», «Сарыарқа», «Ертіс», «Орал» атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді. «Оралға» өлеңін:

 

Оралым, шықтың алдымнан,

Оралым, менің Оралым.

Қол созып қызыл вагоннан

Үстіңнен өтіп барамын, –

 

деп бастап, онда өткізген жастық дәурен қызықты шағын ризалықпен еске түсіреді.

 

Оралым, сенің қойныңда,

Ойнақтап өткен жылдарым.

Жарқылдап Жайық бойында

Достармен сайран құрғамын.

Шағанның бойы көк шалғын,

Шалқамнан жатқам шаңқай түс.

Гүл болып менің құшағым,

Кеудеме қонған бұлбұл құс.

 

Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.

 

Сонау бір шетте, сонау үй,

Кетер ме, сірә, көңілден.

Алушы ед тартып мені ылғи,

Махаббат, жастық лебімен.

Терезе алды – жас терек,

Тұр екен кімдер сүйеніп?

Жүр екен кімдер еркіндеп,

Жүрегін ұстап, үйге еніп?..

 

Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға, тіпті күрсіне қарағандаймыз…

 

Қош болшы енді, Оралым,

Күле бер шалқып, сайранда

Айтпақшы, қайда бораның

Кетейін алып майданға, –

 

деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп ала кеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді. Ғажап емес пе?!

«Байкал» өлеңінде Байкалдың торғын тұман жамылған көлі, таң сәріден кернейлете құйған  өзендері, көлге ғашық боп ерте оянған таң – бәрі де ақын қиялын тербетіп, сұлу суретке айналады. Жастық шағын өткізген ыстық қала – Оралға тоқтап, Ертіс, Сарыарқа тұсынан өтіп бара жатқан ақын туған жерге деген мол махаббатын, ел сағынышын төгілте жырлайды.

Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жаумен бетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері – кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның «ажалдың дегеніне көнбей», «сескену, қорқу дегенді» білмей, соғыстың ауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнын құрайды.

 

Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі,

Жоқсың деп жала жабар қудың бірі.

Түссем де отқа, суға тозар емен,

Солдаттың етігіндей жаньм сірі.

 

Соңғы бір жолда қаншама тарих, терең мағына бар. Бұл – поэзиядағы бұрын айтылмаған жаңа сөз, тың образ. Онда кайғы да, қайсарлық та, сабыр мен даналық та бар. Бүкпесіз, шыншыл, сыршыл, кемеңгер ақынның:

 

Мен емес сыртын сылар, іштен іріп,

Кимеймін тұмылдырық, көзілдірік.

Өткізіп өз көзімнен бар өмірді,

Аралап жерде жаяу келем жүріп, –

 

деген сөздерін тебірене оқып, тереңіне ойлана үңілеміз. Ақтарыла сыр ашқан атақты «Ғалиға жауаптан» алынған бұл шумақтан әлдекімнің жат, суық, сұрқай сұлбасы да елес береді.

Ол өз аяғынан жүруді, өз көзімен көруді, өз қолымен істеуді ұнатады. Ол жалтармақ емес, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмек емес. Ол өмірдің қайнаған ортасында жүріп, көптің жүгіне өз иығын тосады, бой тасалауды ар көреді, ауыр жүкті арқалаушылардың сапында болу – ол үшін адамгершілік борыш, мерей, мақтанып. Қасымның ақындық көзқарасының, философиясының, эстетикалық принциптерінің түп қазығы – осы. Бұл – алып кайратты, сарқылмас жігерлі, туған еліне қызметші болуды абыройлы үлесім деп білген үлкен дарынның, үлкен қайраткердің өмір мұраты.

Қасымның майданда жазылған, оның ішінде елдегі ақын аға, қаламдас құрбыларына жазған шыншыл, сыршыл өлеңдерінен, хаттарынан ақынның өз бейнесін, Отан үшін жанын отқа салып жүрген солдаттың образын көреміз.

 

Елдегі ақын досы Ғабдолға:

Білмеймін, қайда жоғалттым

Сескену, қорқу дегенді?

Есігін қақтым тозақтың

Өлеңмен келіп мен енді, –

 

деп сыр ағытса, Ғали ақынға жазған ұзақ жауап хатында:

 

Ажалдың мен бе көнер дегеніне,

Келермін, күтші, достар, мен еліме, –

 

деп болашағына нық сенім артады.

Майдан жауынгерінің ер жүрек бейнесін танытар осы тәріздес жолдар Қасымның әскери лирикасында тіптен мол. Ақын өліммен бетпе-бет кездескен шақта пайда болған солдат мінезіндегі мұндай сипаттарды туған елінің тәуелсіздігін қорғау кезінде туған жаңа сапа, ерліктің үлгісі ретінде көрсетеді. Осымен қатар, Қасымда соғыстың ауыр шындығы жағдайындағы солдаттың адамдық сырлары, мұңы, шаттығы, бойын ел, жар сағынышы билеген кезі, сонымен бірге жауға деген кекке толы сезім күйі мол, әсерлі суреттеледі. Ақын соғыстың қиындығын да, үрейлілігін де жасырмайды.

 

Жылдап бір жүріп, қан жұтқан,

Адамды қылғып тірідей.

Түскендей жерге «тамұқтан»

Қап-қара алып бір дүлей.

Ырсиып темір тістерін,

Жалақтап, жалмап, жұтынып,

Істеп бір алып істерін,

Тұр әлі тоймай құтырып.

 

Соғыстың үрейлі кейпін ақын осылай бейнелейді. Ол мұндай жағдайда өлімнің де бір-ақ оқ екенін түсінеді. Сонымен бірге мәселе өлуде емес, өмір сүруде, өмір сүрудің тетігі – ерлікте деп біледі. Ақынның:

 

Өлім – жауым, өмір – дос,

Неге өлейін бостан бос, –

немесе:

Қорықпаймын жұтар деп оқ,

Қаршыға жаз жүрегім.

Қорықпаймын бір есерсоқ,

Салар деп қан шеңгелін.

Қорықпаймын жұрт сөзінен

«Тым арзан өлді» деген, –

 

деуі де сондықтан.

Мұңая күрсінген, көңілденген шақта да ол өмірлік мұратын, азаматтық парызын естен шығармайды.

 

Қан қақтаған жалпақ дала

Жалындай боп жатты өртеніп

Кешкі аспан қызыл ала

Төмен түсіп тұрды төніп.

Оралғандай тұмша бұлтқа

Отырдым мен бейне кұз тас.

Ішкі толқын теуіп сыртқа

Шашырады көзімнен жас.

 

«Қапанға» деген өлеңнен алынған осы үзіндіде өмір, өлім жағаласқан соғыс даласындағы солдаттың жан сезімі, күйзелісі өткір, бірақ нанымды берілген. Майдан даласының құбылмалы мінезі де солдат жанын неше түрлі күйге түсіреді. Ақын осы сезімді сол күйінде бүкпесіз суреттейді.

Ой, сезім еркіндігін Қасым өзінің туған даласының табиғатынан іздейді. Ғалиға жауабында»:

 

Табиғат – анама мен туғам тартып,

Күн болып күлемін мен балқып, шалқып,

Кек дауыл көкірегімде күрсінгенде,

Бұлт болып арпалысам, жалын шарпып, –

 

дейді.

Осы тәрізді сезім арпалысының талай кезеңін басынан кешіре отыра, Қасым кейіпкерлері қайсар, ер кейпінен танбайды, жеңіске берік сенеді, оны «қасарыса» күтеді.

 

Күтудеміз тұрсақ та әзілдесіп,

Арпалысып жүрсек те қан-сөл көшіп

Күтудеміз сонау сұр окоптарда,

Өліп бара жатсақ та талып, өшіп.

Мейлі күтіп шыдамай темір сынсын,

Мейлі көлдер суалсын, тас үгілсін.

Қасарысып біз күттік! Шыда, жүрек,

Бұл ақырғы, ең ауыр болсын бір сын.

 

Жеңісті осылай күтудің өзінде қаншама қайсар рух пен ерік жатыр.

Ақын өмірдің әр алуан жайттарын, адам күйінің сан қилы мезеттерін алып жырлайды. Ол: «мен – солдат», «мен – батыр» немесе «Сен фашиссің, мен қазақпын» дегенде, елінің атынан сөйлейді. Өзі арқылы басқа адамдардың, отандастарының сезімін, ой-арманын бейнелеуге тырысады.

Мәселен, фашистерге жалғыз ол ғана емес, бүкіл халық, соның ішінде мыңдаған қазақтар да қарсы соғысты. Ақын осының бәрі үшін поэзия дәстүріне сәйкес бірінші жақта өз атынан сөйлейді. Оны, әдетте, лирикалық қаһарман дейді. Сондықтан әрдайым өз ісін, өз ойын ғана емес, өз ой-сезімі арқылы көпке ортақ, жалпыға тән күй-сырды айтады. Мәселен, фашистерді келекелеп, табалайтын жоғарыда аталған өлеңіндегі: «сен аспанда жұлдыз қақтың, мен далада түйе бақтым» деген жолдар Қасым жас кезінде түйеші болған екен дегенді білдірмейді. Ақын «түйе бақтым» деп ежелгі қазақ тұрмысына тән шаруашылық тү

1234
скачать работу

Қасым Аманжолов (1911-1955)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ