Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қасым Аманжолов (1911-1955)

рін айтып отыр. Әйтпесе, қазақтар қазіргі заманда ғылым, білімге, мәдениетке жетілген, инженер де, шахтер де, ғалымы да жетерлік халық. Бірақ басқыншылар оларды «тағы», «азиат» деп басынады. Ақын осы психологияны ұғады да, жауын өткір кекесінмен мысқылдайды.

 

Егер мен де түссем қолға,

Қамар ең-ау, темір торға.

Олай болмай, бұлай болды,

Біздің бақыт, сіздің сорға.

Сен фашиссің, мен қазақпын,

Өзің айтқан «азиатпын».

Таң қаларсын «философым»

Ғажабына табиғаттың.

 

Көкірегін ұрып, әлемді аяғымның астында таптаймын деген гитлершілдер 1945 жылы өз жерінде күл талқан етілді. Лирикалық қаһарман осыған қуанады, масаттанады.

Ақынның өжет те өршіл рухы, жалынды жүрек, жайсаң жаны туған елінің ер мінез, ерен тұлға перзенттеріне ерекше кішіпейіл, айрықша ілтипатты. Сондықтан да қазақтың қаһарман батыр, қайсар перзенті, кемеңгер азаматына арналған «Бауыржан» атты өлеңінде:

 

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар

Алқындым, бір көруге болып кұмар

Көктемде күркіреген күн дауысын,

Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар, –

 

деп, ағынан жарыла ақтарыла жырлайды.

Мұндай буырқанған бұла күшке, шат еркелікке толы, бірде шиыршық атып, тағы бірде қуатты серпіліспен шалқыған сезім драматизмі Қ.Аманжоловтың көптеген өлеңдеріне тән. «Сәбитке» деген өлеңінен автордың ақындық кредосы да, өз мінезі, табиғаты да жақсы аңғарылады.

Ақын қадірлі аға, үлкен суреткерге сырын-шынын бүкпестен, жан дүниесін баурап алған отты шабыт, арынды күйді ақтарыла айтып тастайды.

 

Ішімде жанартаудай жатыр жырым,

Ұшқындап, іште қайнап сұрапылым.

Көрерсіз соның бұрқап атылғанын;

Жаңғыртып жан түкпірін, ойдың шыңын.

Өлеңнің қаптатармын отты селін,

Толассыз топанындай ертегінің.

Білерсіз кім екенін сонда, Секе,

Бұл күнде от шайнаған тентек інің.

 

Сәбит Мұқановқа арналған осы өлеңнен ақынның асау өрлігін, алғыр зейінін, қырағы да сергек қиялын, отты екпінін, арынды тегеурінін сезінеміз.

Майданнан ақын өлмес өмір өлеңін айтып қайтты. Өзінің туған елі – Қазақстанды, туған халқы – қазағын мақтан тұтты. Жүрегін өз Отанына деген шаттық сезім билеген ол «елім бар, Қазақстан» деген сөздерді бар дауыспен жар сала айтады:

 

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

Соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіру ұранына Қасым «Соғыстан соңғы бесжылдық» атты өлеңмен үн қосты. Бұл өлеңнің лирикалық кейіпкеріне де қайсарлық мінез, іскерлік, сертке беріктік тән.

 

Қасқара шықты майданға,

Қасақы жауды мерт кылдық.

Халқымыз анттан тайған ба,

Құлшына түстік, серт қылдық.

Қираған сәнді қаламыз,

Қаусаған алып заводтар.

Құлпыртып қайта саламыз,

Жағамыз, – дедік, – жаңа оттар!

Өртенген орман, күйінбе,

Сені де қайта егеміз.

Баяғы балғын күйіңе

Келесің қайта дегеміз!

Қайғырма, туған жеріміз,

Жиренген жауың жеңілді.

Бөлейміз нуға сені біз,

Жайқалтып алтын егінді.

 

Ақынның туған жерге деген жалынды перзенттік сүйіспеншілігі оның «Туған жер» атты ғажайып өлеңінде шалқыған шабытпен суреттелген.

 

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің!

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем, –

Арманым жоқ бұл дүниеде, – дер едім.

 

Бұл – ақын жүрегін жарып шыққан, зор азаматтық сезімнен туған, патриоттық жыр.

Қасымның кейінгі шығармашылығында да соғыс тақырыбы едәуір орын алады.

«Дариға, сол қыз» өлеңі өмір шындығын, лирикалық кейіпкердің тебіренісін бейнелеу ерекшелігімен де, түр жағымен де айрықша жаңалық ретінде сүйіндіреді. Әр тармағы он буыннан тұратын өлең Қасымға дейінгі және кейінгі қазақ поэзиясында онша қолданыла қойған жоқ. «Дариға, сол қызда» майдан арпалысы, тарихи шындық, жеке адамның басындағы трагедия және соның бәрінен аман алып шыққан өмірге деген құштарлық оптимистік рухта өрнектелген. Кейіпкердің жан дүниесіндегі бұлқыныстар белгілі тарихи кезеңдегі жеке адам мен қоғам өміріндегі әлеуметтік драматизмді бейнелейтін образдылыққа айналған. Көркемдік-философиялық жинақтаушылық мәнге ие жыр жолдары ақынның тағы бір биікке көтерілгенін танытты. «Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін, қаһарын төгіп тұр долы соғыс», «сапырды дауыл, тебіренді теңіз, тулады толқын, шайқалды шың-құз» деген жолдардан замана трагедиясын, «арманым бар ма өлсем бір көріп, қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?» дегеннен лирикалық қаһарманның өмірге деген құштарлығын, махаббат құдіретін, «дедім де тұрдым, жүгіре бердім, қолымда найза, шағылып айға» дегеннен  әрі қайсар рухын сезінеміз.

Ақынның бұлайша өзіндік түр іздеуі отызыншы жылдары-ақ, белгі берген болатын. Мәселен, Пушкиннің қайтыс болуына жүз жыл толуына арналған «Ақынның ескерткішіне» (1937), «Отан үшін жан пида!» (1941) өлеңдері 15 буынмен жазылса, «Руставели Шотаға» (1937) өлеңі 16 буынмен жазылған. Мұндай көп буынды өлеңдер ол кезеңде некен-саяқ ұшырасатын. Кейінгі жылдары Қасым көркем аудармамен көп шұғылданды. Т.Шевченко өлеңдерін, Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүнін», А.Пушкиннің «Полтавасын», М.Лермонтовтың «Маскарадын», А.Твардовскийдің «Василий Теркинін», т.б. шығармаларын аударуы, ақын ойының тереңдей түсуіне, шеберлігінің өсуіне көп пайдасы тигізді.

Өмірінің соңғы кездерінде Қ.Аманжолов өлім, өмір, өмірдің мәні, азаматтық парыз, ақындық борыш жайында көп ойланып, көп толғанды. Ондай өлеңдері – елін, жұртын емірене сүйген азамат акынның жан сыры, ой-сезімі.

Ақын қарызды өтеу, борыштан құтылу жайында жиі айтады. Бойындағы табиғат сыйы – үлкен дарынын сарқа жұмсап, халық игілігіне жарайтын өнер жасасам, кейінгінің кәдесіне асатын мұра қалдырсам деп армандайды. Жеткен биігін місе тұтпай, одан әріге шарықтағысы келеді. Ішінде жанар таудай атылар жыр қазынасы жатқанын сезінеді. Сонау қанды майданда жүргенде: «Қорқамын жұрт сөзінен, тым арзан өлді деген», – деп толғанса, енді «өнерім өзіммен бірге өлмесе екен» деп мазасызданады. «Поэзия асыл жар, тек өзіңе тең болсам», «Көкіректегі күйіңдей жырыңды жаз ерінбей», «Бәрін де беріп ел-жұртқа, қарыздар болмай өлейік», «Көп борыш мойнымызда өтелмеген, ойым жоқ қарыздар боп кетем деген» сияқты өлең жолдарынан соны аңғарамыз. Ұзақ жазып, ақыры 1954 жылы бітірген «Өзім туралы» деген өлеңі акынның іштей ойлану, толғануы, жан сыры әрі кейінге қалдырған аманат сөзі іспетті. Қазір көпшілік жұрт жаттап алған осы өлеңде мынадай жан тербетер шумақтар бар:

 

Ризамын туғаныма адам болып,

Өкінбен қаламын деп бір күн солып.

Адамзат сапарының мейманымыз

Бір мезет жер бетіне кетер соғып.

 

Бір күні от өмірім қалса өшіп,

Қайран ел туған жерден кетпес көшіп.

Торқадай жамылып ап топырағын,

Жатармын өз жерімде бір төмпешік.

 

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

 

Қандай адалдық, шыншылдық, қандай терең ой, отты сезім! Бар ғұмырын еліне, өлеңіне ғана арнаған, «барым да, бақытым да өлеңім» деп білген ақынның одан өткен куанышы мен уайымы жоқ.

Барын да, бақытын да өлең деп білген Қасым бар өмірін әдебиетке арнады. Оның қиындығын да жасырмады. «Нар тәуекел» деп «қиынға кұлаш ұрды». Өмірді шексіз сүйген ақын ауру шағында да рухани күйзеліске берілмей:

 

Нұрлы дүние – думанды елім,

Жарқылдайсың жас айбынмен.

Бір сен үшін туған едім,

Бір сен үшін жасаймын мен, –

 

деп жазды. Қандай өр рух, қандай сәулетті сезім!

Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан.

«Ақын Өлімі туралы аңыз» поэмасы. Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмаға

1234
скачать работу

Қасым Аманжолов (1911-1955)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ