Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпкерлік лекция

қтап алайық. Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда «бизнес» сөзі «кәсіпкерлікті» білдіреді». Іші пысқандықтан Том Сойердің дуалды бояған кездегісі «жұмыс» болған. Ол ақшаға бояй бастағанда — бұл «кәсіпкерлік» болған. Егер осы ұғымды кең мәнінде анықтап қарасақ, онда кәсіпкерлік — заңды және жеке тұлғалардың (кәсіпорындар, ұйымдардың) жүзеге асыратын қызметі, табиғи игіліктерді алу (жер қойнауларынан өнімдерді алғашқы өндіру), тауарларды өндіру, ие болу және сатып алу немесе басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету, қызметтер немесе мүдделес адамдардың өзара пайдасына ақша болып шығады.
Алан Хоскинг өзінің «Кәсіпкерлік курсы» оқулығында мұны былай түсіндіреді:«Егер бөлек адам тауарларды өзінің қолдануы мен тұтынуы үшін алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, онда ол кәсіпкер болып табылмайды. Егер ол өзінің қолдануы мен тұтынуынан көбірек мөлшерде алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, артығын ауыстырса және сатса, онда ол кәсіпкерлікті кәсіпкерлікті жүзеге асырады деп айтуға болады.
Алан Хоскинг көмегімен кәсіпкерліктің мазмұнын терең түсіну үшін: тауарлар және қызмет көрсету, айырбас секілді басқа негіз болатын ұғымдарға қысқаша сипаттама берейік. Тауарлар — айырбасқа арналған физикалық, материалдық заттар. Қызмет көрсету сезілмейді және көрінбейді. Қызмет көрсетуге: банк ісі, сақтандыру, көлік, туризм жатады. Оларға сонымен қатар қоғамдық қоректену және ойын-сауық саласы да жатады. Оларды тауарларды сату, мысалы жеткізу, орнату, (кір жуатын машиналар сияқты өнеркәсіп жабдықтарға немесе немесе электр тұрмыстық құралдарға) сатқаннан кейінгі қызмет ету. Қызметтердің басқа түрлері тауарларды өткеруге жағдай жасай алады: жарнама сатып алушыға оған қажетті ақпаратты мүмкіндік береді, несие беру еңбегіне ақы төлеуді жеңілдетеді.
Айырбас — негізгі ұғым. Онсыз (ішкі, дүниежүзілік және т.б.) базар жоқ. Кәсіпкерлік қызм-ң барл. түрлері айырбасты қамтиды. Өндіруші тауарды өндіреді де сатушыға оны сатады, онымен белгілі бір бағамен ауысады. Өз кезегінде, саудагер бұл тауарды сатып алушыға қандай да бір бағамен сатады, жұмысшы жалақыға жұмыс күшін алмастырады, акционер капиталды дивидендтерді айырбасқа салады, банкир пайыздарға айырбасқа ақшаны қарызға береді.
Экономикалық қызмет – айырбастың жалпы және кеңінен тараған түрі — тауарлар айырбасы немесе ақша арқылы қызмет көрсету. Тауарлар немесе қызмет көрсету басқа тауарларға немесе қызметтерге алмастырылады, айырбастың мұндай түрі бартер деп аталады.
Бизнестің функциялары .
Негізінде, кәсіпкерлік төмендегідей функцияларды болжалдайды:
Қаржы мен есепке алуды жүргізу. Инвесторлар немесе несие берушілердің қаражаты есебінен капиталды жұмылдыру. Сатудан табыстарды қорландыру. Капиталды кәсіпкерлік аясында, оның сыртында қолдануды басқару.
Кадрлық. Кәсіпкерлік қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және жұмысқа қабылдау, қызметкерлерді қолдануға қатысты барлық сұрақтарды шешу.
Материалдық — техникалық қамтамасыз ету. Шаруашылық қызметке қажетті шикізат, машиналарды және жабдықтарды сатып алу.
Өндірістік. Шикізат пен басқа жеткізілімдерді кәсіпорынның клиенттеріне сатуға жарамды өнім түріне айналдыру.
Маркетинг. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын анықтау және кәсіпорын және оның контрагенттері арасындағы айырбас процесін басқару.
Кәсіпкерлікті қолдау — бастама және басқару тәжірибесі арқылы кәсіпкерлік ойларын тарату.
Ғылыми — зерттеу, яғни жаңа технологиялық процестерді немесе кәсіпкерлікті жақсартуға, жаңа өнім нарығының тиімділігін артыруға, өткеруді кеңейтуге арналған жаңа өнімді іске асыру жөніндегі қызмет.
Жұртшылықпен байланыс («паблик рилейшнз») — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпорын мен қоғамдық құрылымдар арасындағы қатынастарды жүзеге асыру және басқару13.
Әлбетте, ең алдымен:«Өз ісімді жүргізуіме қажеттінің бәріне иемін бе?» деген сауалға жауап беру керек. Ал өз кәсіпорныңызда бас қызметші болып табылатындығыңыздан сіз өзіңіздің оң және теріс сапаларыңызды объективті түрде бағалауыңыз қажет, бұл туралы жоғарыда сөз еттік.
3. Кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің барлық түріне дерлік тән: өндірістік, шаруашылық, коммерциалық, саудалық сатып алу, делдалдық, инвестициялық кеңестік, қызмет көрсету және қаржылық.
Кәсіпорын жұмыс істейтін жұмысшылар саны мен жарғылық қордың көлеміне байланысты кәсіпкерлік 4 түрге бөлінеді: шағын, орта, ірі, аса ірі кәсіпкерлік ( компаниялар)
Меншік формасына байланысты: жеке меншік, аралас меншік
Кәсіпкерлік ұйымдық – құқықтық формасына байланысты: серіктестік, акционерлік қоғам, кооперативтер
Экономиканың дамуы мен өсуі тек шағын кәсіпкерлікке негзделмейді. Бүгінгі күнде мемлекеттік экономиканың алдында тұрған негізгі мақсат. шағын кәсіпкерлікті ірілендіруі, яғни мемлекеттік экономиканың оның ішінде бизнестік өркендеуі. Ірі кәсіпорынды шағын кәсіпкершілікпен салыстырғанда олардың бір қатар артықшылықтары бар.
1. жаңа, қымбат бағалы жоғары өнімділікті жабдықты пайдалануға мүмкіндігі бар;
2. ірі кәсіпорындар толық маркетингтік зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктері бар.
3. персоналдардың біліктілік деңгейін арттыруға
4. жабдықтың толық қуатын пайдалануға мүмкіндігі бар.
Ірі кәсіпкерліктер тек ұлттық экономикада ғана емес сыртқы нарықта да өндіріс және қызмет көрсету бойынша бәсекеге түсе алады. Ол мемлекеттік жалпы экономикалық жағдайын және өзінің бизнесін, пайдасын арттырады. Қ.Р – да шағын және ірі кәсіпкерлік қызметтің реттейтін бір қатар заңдар қабылданған, оларда негізгі мынадай сұрақтар қарастырылған:
1. еркін шаруашылық қызмет
2. жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
3. шаруашылық серіктестіктерді дамыту акционерлік, өндірістік кооперативтерді, мемлекеттік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерліктерді, шаруа қожалықтарын, әлеуметтік – экономикалық заңдарды дамыту.
4. заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын қорғау

12
скачать работу

Кәсіпкерлік лекция

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ