Кәсіпкерлік лекция
Другие рефераты
Тақырып 1. Кәсіпкерлік: ұғымы және оның негізгі түрлері
1. Кәсіпкерліктің мәні.
2. Кәсіпкерлік және бизнес түсініктеріндегі айырмашылық
3. Кәсіпкерлік түрлері және кәсіпкерлік формалары
4. Қ.Р- ның «Жеке Кәсіпкерлік туралы» Заңы
5. Жеке кәсіпкерлік – жеке отбасының немесе азаматтардың кәсіпкерлігінің түрі
6. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
7. Кәсіпкерлік қызметтің принциптері
2 тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік
1. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні
2. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің көздері
3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері
4. Тәуекелділікті бағалау әдістері
5. Тәуекелділікті басқару әдістері
3 тақырып Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні.
2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудағы ұйымдық факторлар.
3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процессі.
4. Бизнес- жоспарды құрудың қажеттілігі
5. Бизнес-жоспар стратегиялық жоспарлау формасы ретінде: мақсаттары мен міндеттері
6. Бизнес-жоспарды бағалау құрылымы мен критериялары
4 тақырып . Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
1. Кәсіпорынның қаржы ортасы
2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
3. Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялары
4. Кәсіпкердің қаржы жоспарын құрастыру әдістемесі
5. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау жөнінде
6. Қ.Р – ғы кәсіпкерлік қызметіндегі инвестициялардың рөлі мен мәні
7. Факторинг операциялары
5 тақырып. Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару
1. Еңбек ұжымын қалыптастыру
2. Жұмысшылардың орналастыру және жалдау, олардың міндеттерін анықтау
3. Міндеттерді тапсырыс арқылы басқару
4. Еңбек мөлшерінің өзгеру тәртібі
5. Еңбек ақыны ұйымдастыру: еңбекақы нысандары
6. ҚР – ғы кәсіпкерлікті кадрлық қамтамассыз ету проблемалары
Тақырып 6. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестермен келісім – шарттық қарым – қатынасы
1. Коммерциялық мәміле жөніндегі ұғым
2. Мәміле түрлері және оның мазмұны
3. Коммерциялық мәміле жүргізудің негізгі әдістері
4. Келісім – шарт – коммерциялық мәміле жүргізудің негізгі құжаты
5. Келісім – шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны
6. Сату және сатып алу келісім – шарттың жасауға қойылған талаптар
Тақырып 7. Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау
1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау әдістемесі
2. Өндіріс шығындарын талдау – бәсекелестердің өндіріс шығындармен салыстыру
3. Кәсіпкерлік өнім өткізу нарығындағы өнімдерді талдау
4. Қызмет қорытындысын талдау
5. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау
6. нақты және жоспар көрсеткіштерін салыстыру
1. Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)
Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:
1. өндіріс ресурстары
2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту
3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.
4. нәтижесінде пайда табу.
Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:
1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу;
жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.
2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.
3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.
4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліклік жауапкершілігі негізінде жузсгс асыратын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады,
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысаныи бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады
Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек.
Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық
1. Өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.
2. Коммерциялық – тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады.
3. қаржылық — бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
4. серіктестік кәсіпкерлік – тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
5. сақтандырушылық – кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны ( компенсация) кепіл етеді. (гарантирует).
Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады:
1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады. 2. ұжымдық ( колективтік) меншік иелері болып бір уақытта бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік – екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады. Серіктестілік басымдылығы – қосымша капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде бір неше серіктестердің білімдері мен ілімдеріне негізделе отырып мамандарды жүзеге арттыр
Серіктестіктің кемшілігі. Әр бір қатысушы тең материалды жауапкершілікті атқарады ( салымына байланысты емес). Бір серіктестің әрекеті қалған барлығына міндетті болады.
Серіктестің келесідей топтары бар: толық серіктестік, коммандитті серіктестік
Коммандитті серіктестік – серіктестердің бір бөлігі шектелінбеген, ал екінші бір бөлігі шектелінген болады. Ол ЖШС бір түрі болып саналады.
Қоғам – келісім б-ша екі азаматтан кем емес немесе заңды тұлғ-рң бірігу мақс-нда жү.ас-тын шар. қызметі.
Жауапкершілігі шектеулі қоғ-ң қатысушылары міндеті б-ша жауап бермейді, салым салған көлеміне ғана жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар- қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктері бойынша жауапты. Бағалы қағаздар шығару жолымен қосымша қажетті құралдарды тартушы қоғам акционерлер болып табылады.
Акционерлік қоғамның қатысушылары қорларында бар акция көлемінде ғана жауапты.
Кооперативтер — пайлық салым негізінде өндірістік немесе басқа да шаруашылық қызметін біріге отырып құрылған топ немесе кәсіпорын. Басты мақсаты: бір біріне өзара көмек көрсету.
2. Ең алдымен «кәсіпкерлік» ұғымын аны
| | скачать работу |
Другие рефераты
|