Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

p>

      -  келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту;

      - интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

                     - өндірістік бағдарламалар жасау;

     - өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

     - Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

     -   сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
     -  кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

     -   кәсіпорын иесінін атынан кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

       Кәсіпкер тұтынушынын ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет.

      Мәселен, бұлар

     - ғимарат және құрал-жабдықтар;

      - үй-жай, мүлік;

                      - өндіріс және тұтыну тауарлары;

                      - ақпарат;

    интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент);

                      - ақша, валюта, құнды қағаздар;

                     - басқа да тауарлар, жұмыстар мен кызметтер болуымүмкін.       

       Кәсіпкерлік қызмет:

       - өндірістік;

                        - коммерциялық;                  

                        - қаржылық;

                       - кеңестер беру болып бөлінеді.

 

         Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.

        Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

        - өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

                        - ақпараттарды өңдеу және жинау;

                        - рухани құндылықтарды игеру;

                        - тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

       Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

                       -өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

                      - коммерциялық сауда мекемелері;

                       - тауар-қор биржалары;               

                      - банктер мен халықтар.

        Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

        Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

       Коммерциялық кәсіпкерліктіңмазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

     Мұндағы ең басты мәселер:

                     - "нені сатып алу керек";

                     - "нені сату керек";

      - "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу.
       Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.

       Міне, осылардың қорытындысында:

                       - сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;

      - тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп

         айырысулар;

             

                      - шығын мен ақырғы нәтижелер;

                      - жұмысшылардың саны;

                      - көлік жұмысының ауқымы;

                       - жарнама;

      - коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.

      Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:

      - тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;

      - ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға       төлем жасау;

      - тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;

                       - тауарларды өткізу нысандары;

        - несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;

мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.

 

1234
скачать работу

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ