Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

;     Қаржылық кәсіпкерліккесату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:

     -  коммерциялық банктер;

     - қор биржалары;

                     - кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

                    - кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

       Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

           Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:

         - құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да);

         - оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы(Дв);  

         - Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.
         Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатынақшасы жоқ болса,

онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк).

        Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.

        Кеңес беруқызметіне;

                     - жалпы басқару;

                     - әкімшіліктік басқару;

                      - қаржылық қолдау;

                     - маркетинг;

                     - ақпаратты технология;

      - арнайы қызметтер жатады.

        Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-қықтық нысандары

        Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жэне қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

                        - мемлекеттік кәсіпорын;

       - серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті);

         -акционерлік қогам, бірлестіктер.
          Кәсіпкерлік қызметке
атысушылар мен олардыңәріптестерінің бірігуі    "серіктестік" депаталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.

        Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:

                        - басқару істеріне қатысуға;

        - серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;

                        - оның құжаттарымен танысуына;

 

        - несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге;

        - тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.

          Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:

       - негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар);

       - айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс,    басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар);

                       - ақша қаражаты;

                      - басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері:

                      - құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге;     .

      -алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;

                      - коммерциялық құпияларды сақтауға;

      -құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.
                       Толық серіктестіктөмендегі негізгі екі белгісіменерекшеленеді:

       1.Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлщқ мүлкімен жауап береді.

       2.Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік  басқа қатысушыға жүктеледі.Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйым-
дастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса,
белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен
банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттар-
ды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда:
көлік, саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік
бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.

      Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.                                                                            Аралас (командитті) серіктестікте  бірнемесе бірнеше кағысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің н

1234
скачать работу

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ