Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы
Другие рефераты
Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игілктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз.
Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бip жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.
Жеке ұдайы өндіріс — тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.
I сатысы П сатысы Ш сатысы
ЖК
А-Т …Ө… Т1-А1
ҚЖ
Мұнда:
А – ақша қаражаты;
Т – тауар;
ЖК – жұмысшы күші;
ҚЖ – құрал-жабдық;
Ө — өндіріс процесі;
Т1- дайын өнім;
А1 – сатылған өнімнен алынған ақша қаражаты
Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бip функцияны атқарады:
А-Т — біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;
Ө — екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; кәсіпкер сатып алған тауарларын өндірісте қолданады. Ол тауар шығарушы ретінде әрекет етеді. Оның капиталы өндіріс процесін іске асырады. Нәтижесінде оның шығарған тауары үлкен құнға айналады, өндіріс элементінің құнына қарағанда нүктелер процесінен өндіріс процесінің қозғалысын анықтайды.
Т1-А1 үшінші сатысында дайын өнім шығарылады, оны сату арқылы табыс алынды.
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы — инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.
Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.
Айналымды жүзеге асыратын — өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).
Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады.
Өздерінің натуралды — заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа — негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.
Негізгі капиталға — өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.
Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түг
| | скачать работу |
Другие рефераты
|