Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы

елімен ауыстырады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын — амортизация (өтелім) деп атайды.

Амортизациялық мерзім — өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор — негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio — орнын толтыру) — негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты -шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі — негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің негізгі қорлары — өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу — еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп — құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:

1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,

2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды  айтады.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.

Амортизация нормасы — деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

Айналым қаражаты — өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналыс қорлары — өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

Олардың құны өндірілген өнімге толығымен ауысады. Айналым қорларының негізгі элементтері — еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.

Айналым уақыты — өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = O/t

Мұнда:

n — бip жылдағы айналым саны;

о — қабылдаған уақыт өлшемі (бip жыл);

t — белгілі ресурстардың айналым уақыты.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық  түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық қорға айналуын — амортизация деп атайды.

Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп- оның тұтыну құнының жойылуын айтады.

Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қайтарым қоры болып табылады.

 

ФО = П/Фнегізгі

Мұнда:

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ