Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ

ы), бөлімше меңгерушісі және емдеуші дәрігер болады.  ДКК-ның негізгі міндеттеріне  еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптаудың күрделі және конфликттік сұрақтарын шешу, әдістемелік басқару мен еңбекке жарамсыздық сырқат қағаздарын дұрыс беруді қадағалау жатады. ДКК қажет кезінде  әртүрлі мамандарды кеңес беруге шақыруы мүмкін.

Еңбекке тұрақты жарамсыздық мәселесін МӘСК шешеді және олар әлеуметтік қорғау саласы (социальная защита) органдарына жатады.

Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.

МӘСК мүгедектікті  немесе ДКК жолдамасы бойынша науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейін бекітеді.

Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1,2,3.

1-ші топтағы мүгедектік функциялық бұзылыстардың өте айқындығына байланысты адам өзін-өзі күте алмаса және басқа адамның күтімін қажет етсе немесе масыл болса ғана беріледі.

2-ші топтағы мүгедектік адамның еңбекке жарамдылығының толықтай және тұрақты түрде дамуын тудыратын функциялық бұзылыстардың өте айқын кездері мен аурудың тез үдемелі ағымында және дерттік процестің ауыр дәрежедегі өршулерінде беріледі. Мұндай адамдар  басқа адамның үнемі күтімін қажет етпейді.

3-ші топтағы мүгедектік организм функциясының бұзылыстарына байланысты еңбекке жарамдылығының өте айқын төмендеуіне әкелетін сүлелі аурулары бар  немесе анатомиялық кемістігі бар адамдарға беріледі.

3-ші топтағы мүгедектік науқас адам денсаулығына байланысты  ұзақ мерзімге өзінің мамандығына байланысты жұмыс істеуге болмайтын болса, ал еңбекке тиімді орналасуы оның квалификациялық деңгейінің төмендететін болса ғана бекітіледі.

КА-да  науқас адамды әлеуметтік-еңбектік және медициналық сауықтыру өте маңызды болып саналады және оның мақсатына ауырған адам денсаулығын қалпына келтіру болып табылады.

Науқас адамды сауықтыру комплексіне мына шаралар жатады:

  1. КА мен кәсіптік емес аурулардың бастапқы түрлерін ерте және уақытында анықтау;
  2. Аурудың патогенезіне негізделген емді тағайындау;
  3. Науқас адамды тиімді еңбекке уақытша немесе тұрақты түрде орналастыру немесе бойындағы ауруына сәйкес медициналық және еңбектіе болжамдарын ескере отырып белгілі мерзімге оны еңбектен толық босату.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Алғашқы медициналық тексерулердің мақсаттары?

  1. кәсіптік аурулардың алғашқы белгілерін анықтау
  2. кәсіпке жарамдылығын және оған қарсы көрсеткіштерін анықтау
  3. кәсіптік емес аурулардың алғашқы белгілерін анықтау
  4. онкологиялық, жүрек-тамыр ауруларына мақсаттық тексерулер
  5. осының барлығы

2. Кәсіптік аурулар диагнозын қоюға қайсысы қажет?

  1. еңбек кітапшасының көшірмесі
  2. еңбек орнының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
  3. сырқатнамасының көшірмесі
  4. кәсіптік аурулар орталығына жолдама
  5. осының барлығы

3. Қосымша ақылы сырқат қағазы қандай жағдайда беріледі?

  1. дерттің қысқа мерзімінде және емнен эффект болар кезде
  2. дерттің жеңіл және орташа дәрежесі және болжамы қолайлы кезінде
  3. болжамы қолайлы кәсіптік аурудың нақты анықталуында
  4. кәсіптік зияндылығы жоқ басқа жұмысқа уақытша ауыстырылғанда
  5. осының барлығында
  1. Қандай науқас адамға қосымша ақылы (еңбектік) сырқат қағазы беріледі?
    1. жұмысшыдағы аппендэктомиядан кейінгі жағдай
    2. 1-ші дәрежелі силикозға шалдыққан металл құюшы
    3. 2-ші дәрежелі силикозы бар құм үгітуші
    4. 1-ші дәрежелі тербеліс ауруы анықталған клепальщик
    5. 2-ші дәрежедегі тербеліс ауруына шалдыққан сұйық металл кесуші

6.Кәсіптік ауруларды анықтаудағы негізгі шарт?

  1. еңбектік жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
  2. химиялық агенттің биологиялық орталарда анықталуы
  3. еңбек стажы, кезеңдік және алғашқы мед. тексерулер нәтижелері
  4. клиникалық-функциялық, рентгендік зерттеулер нәтижелері
  5. осының барлығы

6. Кәсіптік ауру диагнозын кім қоя алады?

  1. жұмыс орнындағы цех дәрігері
  2. участкелік дәрігер
  3. дәрігерлік кеңес комиссиясы (ВКК)
  4. медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы (МӘСК)
  5. кәсіптік аурулар орталығы

7. Машина құрастырушы заводтың дәрігері металл құятын цехтың тесушісінде силикоз ауруы бар екенін жорамалдайды. Терең медициналық тексеруден өткізу мақсатында бұл адамды қайда жолдауға болады?

  1. кәсіптік аурулар орталығы
  2. жалпы терапиялық бөлімшеге
  3. тұрғылықты жердегі поликлиникаға
  4. медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (МӘСК)
  5. дәрігерлік кеңес комиссиясына (ВКК)

8. Қашан қосымша ақылы (еңбектік) сырқат қағазы беріледі?

  1. жақсы емдік нәтиже күткенде ғана
  2. ауру ауырлығының жеңіл дәрежесінде ғана
  3. кәсіптік ауруға байланысты басқа жұмысқа ауыстырылса ғана
  4. кәсіптік аурудың нақты анықталуында ғана
  5. осы аталғанның барлығында

9. Кәсіптік ауру диагнозын кімнің қоюға құқысы бар?

  1. цех дәрігері
  2. емханадағы участкелік дәрігер
  3. дәрігерлік кеңес комиссиясы (ВКК)
  4. медициналық-әлеуметтік сар

5. кәсіптік аурулар орталығы

10. Кәсіптік анамнезін жинау кезінде қайсысы ескерілуі тиіс?

  1. кәсіби мамандығы
  2. еңбектік жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
  3. қауіпсіздік техникасының жабдықтары
  4. кәсіптік зияндылықпен қатынастың ұзақтығы мен көлемі
  5. осының барлығы
12
скачать работу

КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ