Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ



 Другие рефераты
АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ ТЕРБЕЛІС АУРУЫ МУТАЦИЯНЫ ТОПТАСТЫРУ МУТАГЕНЕЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ

Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек КА ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі.  Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.

КА жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және  көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір КА түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни КА тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.

КА этиологиялық себебіне сәйкес топтары:

  1. Физикалық себептер туындаған КА; өндіріс шаңдары (пневмо-кониоздар, шаңды бронхит, т.б.)
  2. Өндірістік ортаның физикалық әсерлерінен туындаған КА (тербеліс ауруы; қарқынды шудан, әртүрлі сәулеленуден, сыртқы ортаданың жоғарғы және төменгі температурасынан болған зақымданулар)
  3. Өндірістік ортаның химиялық әсерлерінен болған КА (әртүрлі жіті және сүлелі уланулар)
  4. Биологиялық әсерлерден болған КА (инфекциялық материалдармен не жануарлармен қатынаста болатын еңбеккерлерде, сол секілді туберку-лезге қарсы және инфекциялық емдеу мен профилактикалық медицина-лық мекемлердегі қызметкерлер дамыған әртүрлі жұқпалы инфекция-лық және паразитарлық аурулар;  антибиотиктерден, грибоктар мензат түзетін қабілеті бар саңырауқұлақтар және т.б. туындаған аурулар)
  5. Кейбір ағзалар мен жүйелерге шамадан тыс күш түсуден дамыған КА (тірек-қимыл аппаратының, шеткілік нервтер мен бұлшықеттердің аурулары)

КА диагнозын қою кезінде  анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.

Еңбектік анамнезінде  КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады:  кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның  нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.

Еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның (СЭС) еңбек гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері толтырады. Адам еңбек ететін кәсіпорынды қадағалайтын СЭС-на жіті немесе сүлелі КА диагнозын қойған дәрігер арнайы хабарлама (извещение) жіберуі тиіс.

Емдеу мекемелері анықтаған нақты диагноздардың негізінде КА-ға есеп жүргізіледі:

  • жіті КА — барлық типтердегі емханалық-амбулаториялық  мекемелерде (қаралуға келгенде немесе үйіне шақырғанда), әртүрлі профильдегі ауруханаларда;
  •  сүлелі КА – ғылыми-зерттеу және медициналық институттардың клини-каларында, дәрігерлердің біліктілігін жетілдіретін институттарда, аурудың кәсіптік сипатын анықтау мен аурудың еңбек жағдайымен байланысын анықтауға құқысы бар емдік-профилактикалық мекемелерде.

Өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдары мен транспорттың жұмысшыларына емдік-профилактикалық көмекті медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың дәрігерлері көрсетеді. Медициналық-санитарлық бөлімдердің құрамына  денсаулық пунктері де енуі мүмкін.

Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған  шараларды жобалау мен өткізу.

Участкелік цехтік дәрігерлік аумақтың терапевт-дәрігер орнына  ПП маманы бойынша дайындықтан өткен терапевт-дәрігер тағайындалады.     Оның жұмысының негізгі түріне мыналар жатады:

  • өндірістік кәсіпорындардың жұмысшыларына квалификациялық медици-налық жәрдем көрсету,
  • жұмысшыларды жұмысқа қабылданар алдындағы профтексеруден және периодтық медициналық тексерулерден өткізу,
  • диспансерлік қадағалау жұмысы,
  • санитарлық ағарту жұмысы,
  • сауықтыру шараларын комплексті түрде жүргізу.

Цех дәрігері алғашқы және периодтық  медициналық тексерулерді өткізуде негізгі роль атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты  уақытында емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіптік жарамдылығы мен профилактикалық шараларды  шешу үшін КА ерте анықтау болып табылады.

КА диспаенсеризациясын участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік қадағалауға пневмокониоздар, сүлелі шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы, сүлелі уланулар, т.б. секілді КА-дың сүлелі түрлері жатады.  Осындай науқас адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да жүргізілуі тиіс.

Диспаенсерлік қадағалау кезінде емдік-профилактикалық шаралар жүзеге асырылады: емханалық мамандандырылған емдер, ауруханаға жатқызу, санаторлық-курорттық емдеу, диетотерапия,  санаторий-профилакторийлерде сауықтыру, еңбекке орналастыру.

КА-дағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі.

Техникалық және санитарлық-гииеналық шаралармен қатар дәрігерлік-еңбектік сараптау (ДЕС) КА мен кәсіптік емес үдемелі аурулардың айқын түрлерінің дамуларын тежеуде, сол секілді науқас адамдардыңеңбекке жарамдылығын сақтау мен қалпына келтіруде  профилактикалық тұрғыдан өте маңызды орын алады.

КА клиникасында ДЕС-дың негізгі міндеттері:

  1. Жұмыскер организміне өндірістік орта мен өндірістік процестердің  жағымсыз факторларының мүмкін болатын әсеріне байланысты еңбекке кәсіптік жарамдылығын анықтау;
  2. Науқас адамдағы КА анықтау және оның еңбекке жарамдылығын бағалауды тұжырымдау;
  3. Еңбекке жарамсыздығының дәрежесін анықтау және жұмыс істеу қабілетін бағдарлау;
  4. Денсаулығына зиянсыз және қоғамға пайдалы іске араласуына мүмкіндік беретін еңбекке тиімді орналастыруды бекіту және тұжырымдау;
  5. Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылық жағдайын үнемі қадағалау;
  6. Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылығын және денсаулығын қалпына келтіру шараларын анықтау;
  7. Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі немесе оны жоғалтуына әкелетін себептерді анықтау мен жою.

КА науқас адамдар қосымша жеңілдіктер ала алады. Еңбекке уақытша жарамсыз кезінде  сырқат қағазы жалақысының 100% көлемінде төленеді. КА-дың салдарынан мүгедектігіне байланысты пенсиялық жәрдем жалпы еңбектік стажы мен осы КА тудырған өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерімен қатынастағы жұмыс стажына байланыссыз тағайындалады.  Кәсіптік мүгедектік кезіндегі пенсияның көлемі жалпылай мүгедектіктегі пенсияның көлемінен көп. Сонымен қатар,  КА науқас адамға қажет кезінде мамандандырылған санаторий бөлімдеріне ақысыз жолдамалар беріледі.

КА және кәсіптік улану бар кезде науқас адам, егер ауруы кәсіпорынның кесірінен дамыған болса, онда оның денсаулығына келген зияндық есесін қайтару үшін, пенсиядан басқа, осы кәсіпорыннан қосымша материалдық компенсация ала алады. Еңбекке жарамдылықтың жоғалту дәрежесін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы (МӘСК) анықтайды.

Еңбекке орналасу алдындағы алғашқы медициналық тексерулердің мақсатына кәсіптік жарамдылық анықтау жатады. Осындай медициналық тексерулер еңбекке орналасушы адамда өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсері жағдайында жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар ауруларды анықтауға мүмкіндік береді.

Периодтық медициналық тексерулердің мақсатына  КА-дың алғашқы белгілерін анықтау және өндірістік ортаның жағымсыз әсері кезінде жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштері бар кәсіптік емес аурулардың ерте дамитын түрлерін уақытында анықтау жатады.

Периодтық медициналық тексерулерді өткізу мерзымдері  өндірістің түрі мен адамның кәсібіне байланысты болады.

Алғашқы және периодтық медициналық тексерулерді қамтамасыз ету жауапкершілігі денсаулық сақтау органдары мен ведомствалық  медициналық-санитарлық қызмет орындарына жүктеледі. Медициналық тексерулердің тікелей өткізілуі өндірістік кәсіпорындардың емханалары немесе медициналық-санитарлық бөлімдерінің дәрігерлеріне, ал егер олар жоқ болса, онда — өндірістік кәсіпорын орналасқан аудандағы емдеу-профилактикалық мекемелердің манмандарына жүктеледі.

Аурудың кәсіптік екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы  жатады. Сондықтан МӘСК-ға науқас адамның еңбектік кітапшасының көшірмесі мен, еңбек гииенасы  бөлімінің дәрігері толтыратын, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы берілуі тиіс.КА-дағы еңбекке жарамдылық, кәсіптік емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.

Еңбекке уақытша жарамсыздық мәселесі емдік-профилактикалық мекемелерде (медициналық-санитарлық бөлім, емхана) дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) шешеді. ДКК-ның құрамында бас дәрігер және оның эксперттік сұрақтар бойынша орынбасары (ДКК төрағас

12
скачать работу


 Другие рефераты
Пафнутий Львович Чебышев
Свободолюбивая лирика А.С. Пушкина
Міндеттеменің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері
Жизнь и творчество Н.С. Гумилёва


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ