Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қайрат Байбосынов

ді. Қайрат секілді жуан дауыспен әнді сырбаз салатын әншілер (табиғатында дауыстары жіңішке болса да) Оралдан, Семейден, Шымкенттен, Атыраудан, Жамбылдан, Торғайдан, Қызылордадан және бас

қа да қазақ даласының бұрыш-бұрышынан бой көрсете бастады. Тіпті жауыннан кейінгі саңы­рауқұлақтай қаптап кетті десе де болады. Мәселе еліктеуде де емес. Мәселе ұлттық өнердің қадірін түсірген, қазақылықты қалыңқылық деп түсіндірген кеңестің жымысқы идеологиясы Қайрат шашқан өнерге кедергі бола алмағанында. Сол тұста тексізденуге қарсы күресуге жараған қазақ әнінің қуаты Қайрат шығармашылығы арқылы өрнек тапқан еді десе де болады.

Қайсыбір тұста дәстүрлі классикалық қазақ әнінің принциптік бағытына бөтендеу көрінген Қайрат репертуарындағы заманауи минорлы әндер мен жаңаша мәнер замана үніне жадыланған құ­лақтарды ұлт шұрайына, домбыра үніне бейім­деген аралық рөлді атқарды десе де болғандай еді.

Ел ықыласы Қайратқа ерекше болатын. Жүрген жерінде жаңа әндерді жинай жүрді. “Гүлдер” ансамблінің құрамында қазақ даласының қойын-қонышын аралады. Үкілі бөркімен жарқ етіп сахнаға шыға келген сұлу қазақты шетелдіктер де тамсана тамашалаған еді.

Сахнада Қайрат ән салып тұр. Әбден меңгеріп алған. Аптығу жоқ. Саспайды. Бірақ салғырт емес. Сабырлы. Бірақ, қайсыбір әншідей қою аяқ та емес. Әнінің басы мен аяғы тұтас, жұмыр. Әп-әдемі бастаған әнін әрі апара алмай милығып қалу оған жат. Жүсекең айтпақшы, салған әнін “сиыр бас, қой аяқ” шата дүние етіп алатын Қайрат емес. Себебі, бес қаруы түгел. Оған ешкімде жоқ үн берген тәңір оған әдемі түр берген. Ілкімді түйсік, икемді саусақ, кең тыныстан шыққан әнінен самалы жұпар дала келеді көз алдыңызға. Самал екпіндеп желге ұласып, жусанды тербейді. Жусан иісі қолқаңды қауып, жансарайыңды ашпақ. Егіледі, екіленеді, сезіміңді қытықтайды. Есіріп, құтыратын кезі және бар. Қысқасы, Қайрат-шебер!

Әндегі биік ноталардың талабы түсінікті, әдетте сырт көзге дәстүрлі әншінің қуаты, дауысының пашы, сол биік ноталарда бой көрсетпек. Көбіне төменгі регистрдегі дыбыстар “жол-жөнекейлік” рөлге ие. Ал Қайрат орындаған әнде бұл жәйт қалпын бұзған деуге болады. Үн қуатының төменгі регистрде кемуі заңды құбылыс. Ілуде шалу әншінің әншісі болмаса, әдетте төменгі регистр біраз өнерпаздың “абыройын төгіп” кететіні болады. Осы бір заңдылыққа ере­гіскендей Қайрат үнінің бояуы әлгі сындарлы тұста тіпті қаныға түседі. Үн көлемі толығып қана қоймай, қоюы маңызданып, тыңдау­шының қыбын қандыра, қобыздай күңіренеді.

Үкілі Ыбырайдың “Толқынын” орындаға­нында бұл шеберлік шегіне жете түседі. Ауыздан ауызға жеткен Ыбырайдың әнін кезінде Уәлидің Майрасы сырнаймен шырқапты. Жалпы дыбыс шығару спецификасында сырнай қобызбен туыс. Екеуінде де үн үзілмейді. Қобызда қияқпен сызылатын үн, сырнайда желқабыздан үзілмей үдейді.

Сырнаймен ән салатын Майраның назарына түсіп, оңтайына келгендіктен “Толқынның” әуе­нінің түп-тамыры қобыз сарындарына меңзейтінін болжасақ қисынсыз емес секілді. Сол әннің Қай­раттың тынысының тыңнан ашуын кез­дей­соқ тану да орынсыз. Қобыз әуенді қоңыр әнді Қайрат салғанда “Толқын” мүлдем өзге әр, бөтен әдіп тауып ән танығанның таңдайын қақтырады.

“Толқынды айту керек жайлап қана” деп басталатын ән төменгі регистрде баяу тол­қын­дап, тұншықпай лекіп, лықсып салынуы шарт. Қайрекең солай салады. Сосын “өзінің нақы­шымен сайрап қана” деп, әуен қайталанып, дауыл алдындағы тымыр­сықтай, қуатын ішіне бүгіп қалықтатады Қайрат аға. Ортаңғы ре­гис­тр­ге өтерде жарқ етіп: “Дариядай шалқып жат­қан, аха-хау, болмаса да”, – деп демін өк­песіне толтырып алады да, “Бұлақтай-ау” деген жерінде аттың басын қоя беріп, дауыстың бар қуатын төге “көзі шыққан” деп басып қалғанда, құлақ тұндырар күшті дауысқа куәгер боласыз. “Хала-ла-ли-лилалау” деп ойнақтатып, қолды-аяққа тұрғызбай ән жалауын желбірете, дүр­сілдетіп шаба жөнеледі де, “қайнап қана әй-ги-ги-гәй-гилейтін” тұсында домбыра қағысы көз ілес­тірмей боран­датқан кезде жаныңызды ұрты­ңыз­ға тығып, әй, бір бебеулетеді дейсіз… “Тағ­рипқа тілім қысқа, аһ!” демекші, ән өрнегін суреттеуге сөз дәрменсіздік етеді. Қысқасы, тыңдау керек.

Енді бірде ел ішінен Ілағаң тауып әкелген Біржанның “Айбозым” әнін салды. Ән шерлі шертіспен басталады. Жасынан жадына Мұха­мет­жан күйшіден сіңісті болған “Тоқаның төрт толғауы” саусағына орала кетіпті. Тағы да қобыз сарынды қоңыр күй. Салдың көкейіндегі мұңға Тотанның зары қабыса қалған. Құлақкүй бітер-бітпесте “айбозым, айхай, бозым” деген жабы­ғыңқы жуан, қоңыр дауыс күңіреніп, боздап басталып күрсіне тыныстайды. “Жер шалғай жете алмадым, ей” деп жалғасқан ән “жалғыз өзі” деген тұсында кібіртіктеп, әр буыны ежеленіп барып, артынша егіле емінеді. Жаратқанынан жәр­дем сұраған, дәурені өткен дәрменсіз салдың жүрекжарды жалынышын сезіне боздатқан айбоз-әншінің шеберлігіне сүйсіне отырып, “алды-үміт, арты-өкініш алдамшы өмірдің” мә­ні­не түйсінетіндейсің. Қайрат қазағына әнмен сый тартады. Алайда “ойсыз құлақ ондай сыйды алуға дәрменсіз”. Айналып келіп тағы да Абайға жүгініппіз:

“Шырқап, қалқып, сорғалап тамылжиды.

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

Дүниенің қызығы бәрі сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды”.

Адамның дауысы жасына орай құбылатыны болады. Қайраттың бала кезіндегі альт дауысы, тенорға соқпастап баритоннан өте жуан “бас” дауысқа жете-мете бірақ тоқтады. Қазақта жиі кездесе бермейтін дауыс бояуы бұл. Көбіне биік дауысқа (тенорға) бейім қазақтың классикалық кәсіби әндерін салуға жуан дауыс қолайсыздау келеді. Гүрзі шоқпарды жеңіл қайқы қылыштың тәсілімен пайдаланғанға алапат күш, ерекше икем керек емес пе? Ендеше, сол шеберлік Қайратқа бұйырыпты. Жасында тісінің арасын ашпай өте жуан салған “Сапар” (Ж.Мұса), “Ақылбайдың әні” секілді дүниелердің әсері тыңдаушыға ғажап күй сыйлайтын. Кейін төселе келе Кәкімбек Салықовтан үйренген Үкілі Ыбырайдың “Гәккуінің” жаңа нұсқаларында үні ашаң тартып, жаңа бояумен жаныға жар­қылдайды. 80-жылдардың басында Қайрекеңнің дауысы тенордың “огородына” (бағына) бір кіріп, бір шығып тыңдаушысын тағы да тәнті қылды. Осы тұстарда “Шалқыма”, “Аңшының әні” секілді көптеген әндерді орындауы бір алабөтен кейіпке кіріп алғандай әсер береді.

Қайрекеңнің қызметі әртістік болатын. Бүгінгідей ел танып, жұрт керек етсе, қасынан табыла кететін продюсер немесе бабыңды кел­ті­ретін имиджмейкердің, импрессарионың зама­ны емес, ол кезең “Темір етікті теңгедей, темір таяқты тебеңдей ететін” жоспарлы гастрольдер, мазасыз сапар, мардымсыз жиындарға толы уа­қыт еді. Құрметтісіне жайылған жаһил заманның дастарқаны да әншіге зиянды, бабына ауыр еді. “Ел қыдырған есер шақ” есесін алмай қоя ма? Табан тоздырар гастрольдер денсаулығына әсер етіп біраз уақыт жүрегі сыр беріп қойды.

1987 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерватория қабырғасында “халық әні” бөлімі ашылып ұстаздық қызметке ауысқанда ғана Қайрекең уһ деп демін алғандай еді. Жылдар бойы жинаған тәжірибесін, ұлан-ғайыр репертуарын, жазылған үнтаспаларын сараптап, реттеп жас буынға аманаттайтын орнықты, ұлағатты кезеңі басталды.

Жоламан Күржіманов, Рамазан Стамғазиев, Айтбек Нығызбаев, Ерлан Стамғазиев, Ербол Айтбаев, Ерлан Шүкіманов сынды жүздеген шәкірттер бүгінде қазақ әнінің жалауын желбіретіп, бағын аспандатады.

Бүгінде Қайрат аға астаналық болған. Му­зыка академиясының профессоры. Кейбір шәкірттері өзімен Астанаға ере келіпті. Ұстазын қимағандықтан деп білдік. Жарылғапбердінің “Топайкөгіндегідей” “Әнді ерттеп, күйді мінген ардагер әнші” шәкірт баптап, әнін салып алашына қызмет етуде.

Жақында Қайрат ағамен “Нұр Астана” ме­шітінде кездесіп қалдым.

– Ассалаумағалейкум, аға! – деп ұстазыма құрмет көрсетіп, қос қолдап амандастым.

– Уағалейкумассалам рахматуллаһ уә бә­рә­кәтуһу, – деп әзілқой аға өзіне тән риясыз күл­кісімен қымсына күлді. Бес намазын түгел­депті. Намазымызды оқыдық. Ұстазым сәждеде. Жуан әдемі дауысымен күбірлейді. Тәңірге алғысын, шүкіршілігін айтып, дұға қылып жа­­­­тыр. Ба­қытты, құрметті, аяулы жанға неткен жа­расымды еді. “Алла қабыл еткей” дедім ішімнен.

 

Бекболат ТІЛЕУХАН.

12
скачать работу

Қайрат Байбосынов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ