Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қайрат Байбосынов



 Другие рефераты
60 жылдарда қазақ би сахнасы 17 ғасырдың музыкалық мәдениеті Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр Қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі

АЛАШТЫҢ АЙБОЗЫ

 

Әдетте тұлға де­­­ген сөз – әркімге тели беруге кел­мей­тін, талабы зор, айқындай түсер анықтамаға айрықша зәру, ірі атау. Бүгінде оңды-солды пайдаланып, әрін қашырып алғанмен, сөз таныған жанның назарына салмақ болатын айшықты баға!

Қазақтың дәстүрлі профессионалдық ән өнеріне азды-көпті қатысымыз болғандықтан, нық сеніммен осынау атауға лайық заманы­мыз­дың аса көрнекті өнерпазы, әнші-орындаушы, виртуоз-музыкант Қайрат Байбосыновтың шығармашылық келбетіне байланысты шәкірттік шынайы ықыластан туған ризашылығымызбен қатар әріптес қауымның лебізін қағазға түсіріп отырмыз.

Сөз қадірін білетін қазақ әнді орындау, айту дегеннен гөрі әнге салу етістігін пайдалануға бейім. Кәдімгі кірпіші, лайы, ағашы, терезесі, есігі мен едені секілді әрқилы заттарды түзіп, реттеп, жонып, септеп, құрап басқа пана болатын үй салғандай, ән де салынады. Мұң мен сағыныш, іңкәрлік пен аңсау, шалқу мен сүйіну, күйініш пен зар, екілену мен егілу бәрін-бәрін өнерпаз сезініп, сезінгенін артық алмай, я кем салмай түзіп, реттеп, жонып, септеп әнді салады. Салынған ән – жанға сая, рухқа пана болуы шарт. Жүректер бәһәр тапса, салған ән сол көңілге көлеңке болмақ.

Сол ән салуда құдайдың ғана беретін дауыс қуатына дүниені түйсінетін түйсік пен талғам, ішкі өлшем мен өрісті өре қосылмаса, оны шың­дай­тын жойқын еңбекке өлермен құштарлық қозғау болмаса, осы айтқандардың біреуі олқы қал­са, тұлғалық деңгейге жету құр қиял ғана бо­лып қала бермек. Бұл талапқа төтеп берер өнер­паз өте аз болады. Бізде бар. Ол – Қайрат аға!

Шертісін, шумақ арасындағы қағыстарын бейнелеп, дауыс әуезіндегі динамикасын, орындау барысындағы сахна шеберлігін қолыңа домбыраңды ұстап өнер иесінің көрсетудей емес, қағаз бен қаламға ғана жүгініп ән жайында әңгіме өру, айрықша әншінің тұлғасын сомдау қиынның қиыны. Қаратау шертпесін суреттеп отырып Тәкен (Әлімқұлов) сынды тамаша прозаиктің “төри-төри төй-төйлеп” өзімен өзі болып кеткені секілді кәсібі бөлек оқырманға “оғаш” орамдарға ұрынуға да сөз арасында мәжбүрлік туындап жатса, айып көрмегейсіздер.

Сонымен, бүгінде алпыстың асқарына жетіп отырған ардақты аға, аяулы ұстаз “алаштан ән оздырған”, алқоңыр әнші, қазақтың айбозы Қайрат Байбосынов жайлы әңгімелемекпіз.

Қайрат Байбосынов – Сегіз Сері, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Ес­тайлар негізін салған Арқадағы әншілік дәс­түр­дің өкілі. Өкілі болғанда да өзгеше өреге кө­тер­ген, өзіндік айшық, ерекше сипат пен ән өне­рін әрлей түскен, ән күмбезінен кетік тауып қаланған алтын кірпіш, асқақ әнші, адуын өнерпаз.

XІX ғасырда дамудың шыңына беттеген Арқадағы әншілік өнер қарашекпеннен шегініп, Көкшеден күнгейге таман пана іздегендей XX ғасырдың ортасына таман Қорғалжындағы Қосымжандарға (Бабақов), Баянауылдағы Қа­­лиларға (Байжанов), Қарқаралыдағы Жүсіп­бектерге (Елебеков), Ақтоғайдағы Манарбектерге (Ержанов) таман ойысқандай еді. Ығысқан әннің бағы Шыңғыстың бауырындағы Жәні­бек­ті (Кәрменов) тапты. Өткен ғасырдың қақ ор­тасында Орталық Қазақстанның Жаңаарқасында қобызшы Әукен ақсақалдың шаңырағында туған тұңғыш ұл Қайратқа қонды. Кейін жіліктеп жүрген өзіміз болмасақ, ән мен күйдің еншісі ортақ болатын. Тоқа мен Сүгір, Тәттімбет пен Дайрабай, Қыздарбек пен Сембектерден қалған сұлу да сырлы, сылқым да терең ойлы күйлерге тербелген бозжусанды кұба белді құнарлы өлке құймақұлақ Қайраттың болмысын жаулаған бесігі еді. Бұйымтақтың Төлеутайы, соқыр Тоқ­пан­дар шалған күй шалымына қозғау, құла­шы­на өре болатұғын. Мұхаметжанның оспа шертісі де еліктетпей қоймады. Игілік салған сырбаз ән Қайраттың сыршылдығына негіз еді. “Жынды” Әбеннің қуақылығы да ізгі жүрегіне із тастаған.

Қайрат қалыптасқан тұс – кеңес импе­риясының кемелденген социализмге беттеген шағы. Ленинсіз көшесі, Ленинсіз мектебі, Ленинсіз мекені жоқ бөтенді ұлықтаған менмен кезең. Тұңғыш тұғыры – Ленин атындағы мектептің жұпыны ғана сахнасы. Алайда, салған әні Жарылғапберлінің “Ардағы”. Бала түгілі бағланға бой бермейтін Біржанның “Адасқағын” салды. Дауысы шырқырап Арқаның аспанын тіліп ащы шыққан. Тұлпардан хабар берген тай­дың аяқ алысы талайды тамсандырып, ән таны­ғанның үмітін маздатты. Әнқұмар ауыл алақа­нына салып “Бала Біржан” атап, қошеметке кенелді де қалды. Дабылдап атақ-даңқын облыс­қа жайды. Одан дабысы Жүсекеңе (Ж.Елебеков) жетті. Кезінде Ілияс Омаровтай абзалдың пәрменімен “Қазақконцерт” бірлестігі жанынан ашылған эстрада студиясы шын мәнінде қазақ әнінің құтқарушысы сынды өнер ошағы еді. Ғарекең (Ғарифолла Құманғалиев), Жүсекең сынды саңлақтар ән үйретіп, сабақ берген сол студия мектеп бітірген Қайратты құшақ жая қарсы алды. Жүсекең сынды ғаламат өнерпаздың жетекшілігімен кәсіби өнер жолына келді.

Он жеті жасар талдырмаш, нәзік бала Ал­матыға келісімен тарамыс тартып, бойы ұзарып күрт өсе бастады. Өтпелі кезең (переходной возраст) өнер адамы, оның ішінде әнші үшін – аса жауапты кезең. Тұнық та ащы, биік дауысы құмығып, ән айтуға келмей барлығып, көз алдында сөніп бара жатқандай. Студия ұстаздарының біразы Қайратты кәсіби жарамсыз (профессиональный негодный) есептеп, домбы­раға қолы жүйрік бозбаланың күйге ауысқанын жөн көріп, әншілігінен күдер үзе бастаған. Студияда оқып жүрген барлық шәкірттерге ортақ қарайтын ақниет ұстаз Ғарекең ғана үмітін үзбей: “Құдай бергенін алатындай бейкүнә жет­кін­шекте не жазық бар” деген болатын. Ғаре­кеңнің сөзі қамшы болды ма, жарты жылдан астам уақыт Жүсекең Қайраттың дауысына салмақ салмай, ән мәтіндеріне ғана салып, саяқ шалдырып, қамшы салмай баяу баптады. Дом­бырасына көбірек көңіл бөліп, бөлекше қараған. Қатты қобалжып, қоңырайып жүрген таби­ғатында момын, біртоға Қайрат үшін осы бір кезең аса азапты еді. Есту қабілеті өте күшті, қабылдауы жылдам, музыкалық дарыны, ырғақ­ты сезінуі аса жоғары Қайраттың әнді үйрену қарқыны курстастарынан оқ бойы алда болатын. Алайда дауысы қалып таппай әбден зарықтырды.

Күндердің күнінде Қайраттың дауысы ән айтуға жарап қалған сыңай берді. Бірақ бұрынғыдай ашық, ащы емес, қоңыр, күмбірлі, кеудесінен гүрілі араласқан әуезі бөлек дауыс боп шықты. Жүсекең болса: “Қалиым мен Қосым­жаным тірілетін болды”, – деп мәз. Сөйтті де Қалидың репертуарындағы әндерге Қайратты баули бастады. Әнсүйер қауым тосын да тың, әуені бөлек, бітімі басқа әншіні тапты. “Бүркіт­бай”, “Ақылбайдың әні”, Жаяу Мұсаның “Сапа­рын”, Мәдидің “Қаракесегін” тыңдаған жұрт ерекше әншіні көріп айрықша тамсанысты.

Келер жылы жазда Жаңаарқаға жазғы демалысқа келгенінде Қайратты жас дәрігер ағасы Әбдікәкім (Ақмурзин) әкесі Ақмағамбет әншіге ертіп барды. Ән жинаудың қызығына түсіп алған Қайрекең шалғай ауылдағы өнерпаз ақсақалдың алдында айрықша шабытпен ән салған. Сол жолы Ақмағамбет ескіден келе жатқан бір әнді үйрету үстінде Қайраттың қоңыр да қуатты дауысына тамсанып, өз жанынан бір шумақ сөз қосып:

“Қайратжан, осы ән дұрыс дауысыңа,

Қарағым, үйреніп ал, ауырсынба!

Ұмытпай елу бес жыл алып келген,

Қарай гөр, кәрібоздың шабысына”, – деп сілтеп еді.

Қазақ кино өнеріндегі тамаша туынды Сұлтан Қожықовтың “Қыз Жібек” фильмінің музыкасын жазу барысында өнер тарланы қадірлі Нұрағаңның (Н.Тілендиев) сұңғыла көзі Қайратқа бірден түскен болатын. Негізінен фильмге “Қыз Жібек” опе­расындағы музыкалық шығармаларды пайдаланған Нұрағаң, сондай-ақ Тоқаның “Саржайлауын” “Көш керуенге” арқау етіп, Тілендінің “Аққу” күйін, өзінше түрлендіріп, Көшеней Рүстем­бе­ков­тің көмей сарынын, Кеңес Бақтаевтың орын­дауындағы “Шегені”, т.б. жауһарлар жиынтығын шебер пайдалана келе, фильмнің ең бір өзекті тұс­тарында “Ақылбайдың әнін”, Ахмет Бай­тұр­сыновтан “Қаракөзін”, қысқа да болса ұтымды, Игілік Омаровтың термесінің әуені мен “Гәкку” әндерін Қайрат орындауында фильмде қолдануы ерекше табысты шықты. “Қыз Жібек” фильмі Қазақстанды дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Жаңа кинодағы жаңа әншінің ерекше үні де елді елең еткізген. Сонымен алаш даласын әнге бөлеген жас Қайратты бүкіл қазақ баласы таныды.

Қайрат шығармашылығындағы тағы бір кезең – 70 жылдар ортасында Қазақ радиосында редакторлық қызмет атқарған тамаша сазгер, қазақ әнінің жоқтаушысы, музыка зерттеушісі, жазушы Ілия Жақановпен шығармашылық одақ құруы еді. Бұл одақтың қазаққа бергені ересен десе болғандай. Көмескі тарта бастаған әндерді тауып, қайта жандандыруға Қазақ радиосындағы лауазымын, өз басының абырой-беделін жұмсап, айрықша қажыр салған Ілағаңның Қайрекеңе арқа сүйеуі өте жемісті болды. “Алтын қордағы” Игібай Әлібаев, Байғабыл Жылқыбаев секілді дәстүрлі дәулескер­лердің мұрасына Қайраттың қолын қақпай бойлатқан да Ілағаң. Қайраттың таңертең салған әні кешке қазақ даласына тарап, бөгетсіз салтанат құрды. Қайрекең Игілік Омаров сынды ұстазы салған “Арқа аруы”, “Жайлаукөл кештері” секілді бұрын айтқан әндерін енді әрі қарай “Әселім”, “Асылым”, “Еділ мен Жайық” сынды әндерге ұластырды. Домбыра сүйемелінде жаңа ырғақ, то­сын тәсілдер тауып, ойнақы өрнек, озың­­қы кейіп жасап тыңдаушысын тәнті етті. К.Са­лықов, Ж.Әл­ім­ханов, М.Егінбаев, М.Жанболатов және т.б. әуесқой сазгерлердің әні Қайраттың дауысымен алаштың рухани азығына айналды. Жүректерге жол тапты. Жалпы, қазақта тап Қайраттай өзіне еліктіріп, тұлғасына тартқан әнші кемде кем. Олай дейтініміз, сол тұста домбыра ұстап ән салған­дардың ішінде Қайратқа еліктемеген әнші аз е

12
скачать работу


 Другие рефераты
Главные историко-культурные центры мира
Өсімдіктер экологиясы және қорықтар ұйымдастыру
Причины появления лирики и ее родовые особенности
Победа троянцев


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ