Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы

п-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп — табынушылық , жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі — индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір- бірімен байланыста болмайды.

Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.

Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.

Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.

Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін- өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтікжағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына күресі болатын.

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) ағылшын философы, психологі, педагогі. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе»т.б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оғанқосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылықалыптасқан деді. Локктың танымтеориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1.      адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2.       адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3.       ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе — түйсік.

Психиканың қалай қалыптасқанын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз.Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі — күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі — сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.

Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі. Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.

Англияда философияда «идеалистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның ірге тасын Дж.Беркли және Д.Юм деген ойшылдар қалады.Беркли Джордж (1684-1753 жж) ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материялдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түпнегіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық — біздің санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз — құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түбірлері. Мысалы, уақыт — түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себебі, өзіндік «меннен» басқа «бөтен меннің» болуы.

Таным процесінде БЕркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол — сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шыңдықтың субъективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-білі жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.

Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711-1776 жж) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.

Юм ешқандай түпнегізді мойындамайды. Себебі, лол үшін шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелерімен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқылы қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегенділік т.б. с.с қабілеттіерді жинап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болады. Тәжірибенің өзі Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестігін «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» — өзіне себептілік инстинктінің көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әселерінен» туындаған идеяларды субъективтік себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден транценденттік идеяларға таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты — тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.

Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.

Юм осы уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист. Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт (1596-1650жж) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар»,

«Бірінші философия туралы метафизикалық олар», «Философия бастамасы» т.б.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық — «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-бірінетәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең баст

123
скачать работу

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ