Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы

ы атрибуты — кеңістікте көсілуі.

Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.

Спиноза Бенедикт (1632-1677 жж) нидерланд философы. Негізгі еңбектері: «Діни- саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «этика» т.б.

Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол — субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім құдай да, табиғат та жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер (саша зиі). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте көсілу атрибутынан — қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан — ақыл-ой және жігер модустары, болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер — модустар. әлемтүпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар — түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылыкөрінуі. әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.

Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустер емес, сонымен бірге идеялар да — модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасызіс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінугежақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға дегенсүйіспеншілік те — біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.

Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда діннің шығуына екі турлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзнен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.

Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.

123
скачать работу

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ