Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі

жайында не айтуды, кімдер туралы және қалай айтудың үлгілерін тапсырып қойған. Міне, осындай «саясаттың» негізінде діни тақырыптық айтыс түрі туған.
Айтыстың бұл түрі екі ақынның сөз жарысынан гөрі бір-біріне берген сұрау-жауабына көбірек келеді. Айтыстың аты айтып тұрғандай, оның негізгі тақырыбы - дін жайындағы әңгімелер, үгіттер болады. Жиналған барша халықты дін жолына түсіру, діни ұғымдарға иландыру, діни наным –сенімдерді ұстануға жетелеу, үйрету сияқты мақсаттарды көздеген. Бәріне тек бір ғана жаратушы ие «Алла тағаланың» күшіне сену, намаз оқу, ораза ұстау, құран жолымен жүру, пітір-садақа беріп тұру керектігі және тек осыны ұстанған адамдар ғана «жұмақ төрінен» орын алатынын, ал бұған қарсылық білдіріп, сенімсіздік артқан «дінбезерлерді» «тозақ» оты күтіп тұратындығын сөз ететін болған. Қарапайым халыққа жай сөзбен үгіт жүргізгеннен гөрі, олардың сүйікті поэзиясын қолдану қожа-молдалар үшін дін насихатының құралы ретіндегі бірден-бір таптырмас жол екендігі байқалады.
Қазақтың айтыс өлеңдеріне дін айтысы елеулі үлес қосып, оның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізе қоймаған. Бұл тек айтыс жанрының алғашқы үлгілерінің қатарындағы бірі болып табылады. Өлеңдік құрылысына келер болсақ, дін айтысы айтыстардың үздік шыққан тобына жатпайтын, тіпті айтыскерлердің аса қызығушылығын тудырып, жандандырар тақырып болып табылмайтын, тек дін тақырыбының аясында ғана сөз қозғалатын бірыңғай, қара дүрсінді өлең түрінде кездеседі.
Халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған айтыс өлеңдерінің тағы бір түрі – жұмбақ айтысы.
Ақынның тапқырлығы мен білгірлігіне тікелей байланысты айтыстың бұл түрі айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең күрделі, қиындау түрі десе болады. Осы себепке байланысты ақынның тек суырып салма болуы ғана емес, оның үстіне ол өте тапқыр, көп нәрселерден хабардар, білімді, тез ойлап, табан асты жауап беруге дайын болуы шарт.
«Жұмбақ айтысының» қатысушылары жұмбақ қылып жасыратын нәрселерін адамзатқа таныс, деректі заттардан алып, сондай-ақ екі затты бір-бірімен салыстыра білу арқылы жұмбақ шығарған. Дәлірек айтқанда, жұмбақ қылып жасыру аясына кіретін тақырыптар көлемі – жаратылыс дүниесі, аспан әлемі, жан-жануарлар, хайуанаттар, адам және адамның еңбегі мен кәсіп құралы, өнер, табиғат, ілім-білім болған.
Жоғарыда айтып өткен айтыстың қиындығының салдарынан ба, айтыстың басқа түрінен гөрі «жұмбақ айтысына» қатысушы ақындар аз болса керек. Мұның өзі «жұмбақ айтысындағы» айтыскердің аса тапқыр, білімді болуын талап ететіндігінің тағы бір айғағы.
Қалай болғанда да қазақ халқы мұндай айтыскерлерден де кенде емес. Олардың қатарында Нұржан, Рысжан, Әсет, Шөкей, Сапарғали, Күңбала т.б. сынды айтыскерлеріміздің аттарын атауға болады. Бұлар айтыстың талабына сай – білгір ұшқыр ойлы, суырып салма, тапқыр айтыскерлер.
«Жұмбақ айтысы» өз дәуіріндегі айтыстардың ішінде мәні зор, салмақты айтыс болған.Оның басқа айтыстан ерекшелігі, ол өз айтыскерін көп білуге, ізденуге, жан-жақтылыққа талпындырған. Ал бұл жастардың (тек айтыскерлер емес) білімге деген құштарлығын оятуға, білімді болуға жетелеген.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты туған айтыс өлеңдерінің қай-қайсы болмасын, олар кейінгі туған үлкен айтыстардың, нақтырек, ақындар айтысының бастамасы, негізгі тірегі, ұйытқысы болып табылатыны хақ.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. М. Әуезов.Абай Құнанбаев.- Алматы,1967.
2. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы.- Алматы,1991.- 288б
3. Мәдібаева Қ.Қ. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі. Автореферат. Докторлық диссертация.
4. Сыдиқов Қ. Ақын жыраулар. – Алматы,1974.- 240б
5. Т.Тебегенов. Халық аңыздары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы, 2001. – 332б.
6. «Айтыс » жинағы, 1941.
7. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 1974.

12
скачать работу

Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ