Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
Другие рефераты
Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында.
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.
Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.
Осы орайда А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін - айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік арна екендігін айғақтай түсетін түйін.
Мысалыға Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне қатысын көрсетеді.
Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі. Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он төрт түрі бар деп көрсетілгенін ескертіп айтады.
М.Жармұхамедов айтыстағы ақындық тәсілге, айтыстың дәстүрлі сипаттарына кең тоқталады. Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың қайта жырлануда өсіп, түсіндірме қосыла отыратындығын айта отырып, оған «Бақтыбай мен Мәйкө қыздың айтысын» мысалыға келтіреді. Сондай-ақ ғалым айтыстың мұндай түрлері «Мансұр мен Дәме», «Түбек пен Қарқабат», «Біржан мен Сара», «Ыбырай мен Доскей», «Әсет пен Ырысжан» айтыстарында көп кездесетіндігін айтады.
Ал, Сыдиқов болса, XIX ғасырдағы ақындардың дәстүрлі айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегіне тоқтала отырып, айтыстың жанрлық, даралық сипаттарын айқындай түсер толғамдар жасады. Оған сөз жүйріктері Абыл, Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті.
Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар айтысын үш түрге бөліп қарастырады: 1) Мұсылмандық ағартушылық айтыстар; 2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар; 3) Жазбаша айтыстар.
Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау қисындарын әлі де жан-жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін айтады.
Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілі зерттеулер жасағап, еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Исмайылов сынды зерттеушілеріміздің айтуынша, айтыс – екі адамның өзара сөз қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер салыстыруы сияқты ұғымдардың жиынтығын қамтиды. Айтыс екі түрде, яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі болып табылады.
Айтыс өлеңдерін, әдебиеттік жағынан қарастырғанда, мазмұны мен тақырыбына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына қарай бөлінеді. Ал, екіншісі – ақындардың шын мәніндегі өзара айтысы. Қазақ айтысының күрделі де қомақты бөлігін осы айтыс түрі құрайды.
Алғашқы үлгідегі айтыс өлеңдері халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған.Ол міндетті түрде халықтың жиналған жерінде, яғни той-тамаша, ойын-сауық үстінде шығарылатын болған және оны шығарушы ақындар болған. Бұл айтыстардың өзіндік ерекшелігі болған, себебі, ол жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы, бастапқы үлгісі болып табылады. Бастапқыда ол ойын-сауық ретінде жиналған халықтың көңілін көтеру, күлдірту мақсатынан туындаған. Өлең құрылысы жұрттың жаттап алып айта беруіне ыңғайлы болған. Айтыстың мұндай түрінде, нағыз ақындар айтысының үлгісіндегідей, тың тақырып, күрделі де көкейкесті әңгімелер, көкіректі жарып шыққан ой түйіндері мүлдем кездеспейді, керісінше, жеңіл-желпі сөз, әзіл-оспақ, ойын түрінде болып келеді. Тағы бір ерекшелігі – бұл айтыста халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты туған әртүрлі ұғымдар мен түсініктері біте қайнасқан.
Әрине, бұны сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты туған айтыстың кемшілігі деп қарастырмау керек. Керісінше, ол – айтыс өлеңдерінің дүниеге қалай келіп, өзінің алғашқы қалыптасу барысында нендей тақырыпқа тоқталып, нені сөз еткендігі жайында аңғартып, мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың дәп осы түрін - жалпы айтыс өнерінің әдебиеттен алар орнын көрсетіп, ақындар айтысының өніп, өрбіп шығуына себеп болған, үлкен жанр ретінде танылудың негізін қалаушысы, бастамасы болған түйткі ретінде бағалау қажет!
Айтыстың бұл түрін мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Олар: «жар-жар», «бәдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» деген бастапқы тақырыптарға бөлінеді. Мұндағы «жар-жар»мен «бәдік айтысы» айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең көне, ескі үлгілері қатарында болып саналады.
Қалған «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» болып саналатын айтыс түрлері халықтың жиналған жерінде жұртты көңілдендіру, сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында көбірек қолданылған айтыс түрлері болса керек.
«Қыз бен жігіт айтысы» ақын жігіт пен ақын қыздың арасындағы сөз жарысы болып, оны шығарушы да, айтушы да сол қыздар мен жігіттер болғандықтан, халық оны осылай атап кеткен. Бұл айтыс әдеттегідей амандасудан басталып, әдемі қалжың, жарасымды әзіл-оспақ, елді күлдіруге тұрарлықтай күлдіргі жайттарға ұласып отырған. Айтыс барысында қыз бен жігіттің бір-біріне айтылған міні неғұрлым көңілді, құлаққа қонымды болғандықтан, қарсыласының намысына тиіп, ашу-ызасын шақырмаған. Қарсыласын жеңу үшін оның мінін көбірек тауып, сынауға тырысқанмен, ол мін мұқату, әшкере ету, бетін қайырып тастау мақсатымен айтылмаған. Ол керемет әзіл өрнегімен көмкерілген «мін айту» болған. Мысалы, қыз қарсыласының өсіп кеткен сақалына мін тағу арқылы оны ұялтуды емес, дәйім жұртты қыран күлкіге кенеп, жігіттің осы әзілге жөнді жауап қайтара алмай, тосылып қалар-ау деген мақсатпен:
Қызға барған ел білсін атағыңды,
Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.
Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек,
Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды...
Сақалыңды айнаға көрші қарап,
Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ.
Ауылыңдағы бақалға күзеп сатсаң,
Алты сабын береді, жеті тарақ, -
деп келтірсе, жігіт оған лайықты жауап ретінде халықтың «Сөздің көркі – мақал, адамның көркі - сақал» деген мақалын қолданады және өз тарапынан қыз бойындағы титтей де мінін іздеп табуға тырысады.
Айтыс - кейде осындай сөз сайысына түскен қыз бен жігіттің бір-біріне деген ықыластары болса, сол лебіздерін, іштегі көңіл сырларын айтып қалуға да үлкен мүмкіндік берген (түсінбегендері әзіл түрінде қарап, түсіне білгендері астарлап болса да жауап қайыра білген). Ерте заман айтысына үңіле қарасақ, ондағы ақындар тек өз ойларынан шығарған шумақтарды ғана емес, сол тұстағы халық өлеңдерін де пайдаланып, әнге қосып отырған. Кейде ол қайырма түрінде келсе, кейде тіпті екі ақын да (қыз бен жігіт) өлең шумақтарының алдынғы екі жолын қайталап, ал өздерінің негізгі ойларын кейінгі екі шумаққа сидырып отырған. Олар көбінесе жатталуға жеңіл, тілге орамды, құрылысы он бір буынды өлең түрінде кездеседі.
Жинақтай айтсақ, «қыз бен жігіт айтысы» халықтың ойын-сауық, салтанатына байланысты туындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі «айтыс» жанрының бастапқы үлгілерінің бірін құрап, кейінгі үлкен «айтыстың» негізін салуға себепші болған қомақты жанрдың бірі.
Қазақ даласына ислам діні таралғаннан бастап, (тарихтағы келтірілген деректер бойынша XVII ғ. бері) қожа – молдалар, басқа да дін иелері ислам дінін уағыздап, үгіт-насихат жасау үшін поэзияның қосар үлесі мол екендігін біліп, оны тікелей пайдалануға кіріскен. Осы мақсатпен әсіресе айтысты көбірек пайдаланған. Міне осылай «дін айтысы» пайда болған. Әрине ол қайсы бір ақынға келіп «дін» туралы айтысасыңдар деп қолқа салу емес, ол үшін алдын-ала өздері жалдамалы ақындарға уағыз айтып, көпшілікке ақын тілі арқылы діни үгіт – насихат жүргізіп отырған. Олар жұрттың жиналған жеріне үгіт-насихатты тереңірек жүргізу үшін екі ақынға да алдын-ала дін
| | скачать работу |
Другие рефераты
|