Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері

І. Көне түркі жазба ескерткіштері - әдеби мұра ретінде

1. Ескерткіштердің түрлері, олар туралы мағлұмат
2. Орхон ескерткіштері
3. «Күлтегін» ескерткіші. Идеясы, тақырыбы, Күлтегін бейнесі.

Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері 3 топқа бөлінеді.
1. Енисей есерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштеріне Енисей өзені, Тува республикасы, Алтай, Хакас облысымен, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан 10-15 жолдар, кішілері 1-2-3 жолдардан тұрады. Енисей ескерткіштері Ү-ҮІІ ғасырды қамтиды.
Талас жазу ескерткіштеріне Талас өзені бойынан табылған 12 ескерткіш жатады. Талас өзені бойындағы Айыртам-Ой деген жерден (қазіргі Жамбыл облысы) 1896 ж. Әулие Ата уезінің бастығы Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас тапқан. Зерттеушілердің пікірінше Талас ескерткіштері ҮІІІ ғ. қамтиды.
Орхон ескерткіштеріне ҮІ ғ. аяғы мен ҮІІІ ғ. басындағы Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чор, Күллі Чор, Суджы ескерткіштері жатады.
«Онгин» ескерткіші 1891 ж. Монғолиядағы Онгин өзені бойынан Ядринцев тапқан. Бұл ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші түркі қағанатын қайтадан қалпына келтірген Елтеріс қаған мен оның әйелі Елбіге туралы әңгімеленеді. Құтлығ Күлтегін мен Білгенің әкесі.
«Білге қаған» (683-734) ескерткіші 1889 ж. Монғолиядағы Орхон өзені бойындағы Эрдени Цэу монастырының жанынан Ядринцев тапқан. Білге қаған Қапаған қаған қайтыс болған соң таққа отырған Құтлығ қағанның үлкен ұлы. Ескерткіштегі жазуды жазған қағанның туысы Иоллығ Тегін делінеді.
«Тоныкөк» ескерткішін 1897ж. Селенгі өзені бойынан Д.Клеменц тапқан. Тоныкөк- үш қағанның , 692 жылы қайтыс болған Құтлығтың, 716 жылы қайтыс болған Қапағанның және 734 жылы қайтыс болған Білгенің әскери кеңесшісі болған. Ол табғаш елінде оқып, тәлім-тәрбие, әскери білім алған. Зерттеушілердің пікірінше Тоныкөк 716 жылдан кейін қайтыс болды деп жорамалданады. Ескерткіштегі жазуды жазған Тоныкөк. Әйтсе де жыр жазылу стилі, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан «Күлтегінге» ұқсас. «Күлтегін» жырында негізгі нәрсе – Күлтегіннің ерлігі болса, «Тоныкөк» жырында автор сол шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеткендігін көрсетеді. Жырдың басты қаһарманы түркіелінің дана қарты Тоныкөк. Сондықтан жырда уағыз - өсиет, нақыл сөздер көп.
Мыс: Жұқаны бүктеу – оңай
Жіңішкені үзу – оңай
Қол қосылса күш өсер
Өлімнен ұят күшті

«Тоныкөк» 313 өлең жолынан тұрады. Жырдың жалпы оқиға желісінен зерттеушілер 14 циклын бөліп қарастырады.
1. Түркі халықтарының табғаштарға бағынышты болу тарихы
2. Аман қалған түріктердің бас қосып, бірігуі
3. Біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиындығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің ролі
4. Елтерісті қаған жариялауы
5. Оғыздардан тыңшы келіп, түркі елін шаппақ болғандығы
6. Түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі тоныкөктір ролі
7. Оғыздармен болған соғыс туралы
8. Сегізінші циклдан бастап 14 циклға дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген соғыстары баяндалады. Ал 14 циклы бүкіл жырдың қорытындысы болып келеді. Мұнда түркілердің өз елі, жері үшін соғысқандары айтылып, соның барлығында да жеңіске жеткендері, ол Тоныкөктің ақыл-кеңесінің нәтижесі екендігі баяндалады.
«Күлі Чор» ескерткішін 1912 ж. Монғолияның Ихе-Хушоту деген жерінен Котвич деген ғалым тапқан. Ескерткіш тардұш тайпасының көсемі Күлтегін мен Білге қағанның замандасы Күлі Чорға арналған. Күлі Чордың қашан, қай жерде қайтыс болғаны белгісіз, әйтсе де ескерткіште «Ұлы Күлі Чор сексен жасап қайтыс болды» делінеді.
«Мойын Чор» ескерткішін 1909 ж. Селенгі өзені бойынан Рамстедт тапқан. Ескерткіш ұйғыр мемлекетінің қағаны Мойын-Чорға арналған. Ол 745 ж. түркі қағаны Озмыш тегінді өлтіріп, түркі қағанатын құлатады. Селенгі өзені бойынан тұңғыш ұйғыр қағанатын орнатып, қалалар мен сарайлар салғызады. Оның қабырғаларына өз жорықтары туралы жазу жазып қалдырады.

ІІІ. Күлтегін жырлары

Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.
Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.
Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.
«Күлтегін» (684-731) ескерткіші «Білге қаған» ескерткішімен қатар бір жерде табылған. Күлтегін 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында қайтыс болған. «Күлтегін» жыры өз алдына дербес 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан дербес хикая болып келеді.
1. Қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі
2. Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді
3. Түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді
4. Көршілес табғач халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме
5. Табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайындағы хикая
6. Түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған
7. Түркі халқының даңқын көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған жыр
8. Ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған

Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдың өзі үш элементтен тұрады.
1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның өрістеуі
3. Оқиғаның түйіні
Мыс: «Күлтегін» жырының 2-ші циклы – Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған:

Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ.
Ілгері – күн шығысында,
Оң жақта – күн ортасында,
Кейін – күн батысында,
Сол жақта – түн ортасында,
Осының ішіндегі халықтың бәрі
Маған қарайды!
Халықты осыншама көбейттім!

Міне, осы циклдың алғашқы үш жолы – оқиғаның басталуы – қол астындағы халыққа қарата айтылған үндеу сөзі; одан кейінгі төрт жолы – оқиғаның өрістеуі – түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттеуге арналған; соңғы екі жол жыр – циклдың түйіні – түрік елінің жері кең, халқы көп екендігі айтылады. Жалпы жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етіп, байлыққа кенелткен. Жырдың идеясы – түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата –баба жолын берік ұстауға шақыру болып табылады.
«Күлтегін» жырының қазақ эпостарымен ұқсастығы туралы айтатын болсақ, қазақ эпосында әсіресе батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын суреттеуге ерекше назар аударады.
Мыс: «Қобыланды батыр» жыры:
Тобылғы меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға
Немесе
Үстіңдегі түгіңнің
Жары күміс, жары алтын
Жан серігім, Бурыл ат
Жылқыда тұлпар сен едің
Ал Күлтегін мінген аттардың сыр-сипаты осылай суреттеледі:
Күлтегін б

123
скачать работу

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ