Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері

оз ат мініп шапты,
Ол ат сонда лді
Ерттеулі торы атын мініп шапты
Ол ат сонда өлді
Күлтегін алып шамшы ақбоз мініп
Жауға қарсы ұмтылды
Сонымен бірге батыр өлгенде бүкіл елдің жоқтау айтуы эпостық жырларымен сарындас. Сонымен қатар Күлтегіннің 16 жасынан 47 жасқа дейінгі өмірін суреттеу, Алпамыс батыр секілді Күлтегін де суға салса батпайды, отқа салса күймейді. Оны төмендегі жолдардан байқаймыз.
Жүзден артық оқ тиді
Бірі де дарыған жоқ
Күлтегін жырлары. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында болмақ.
Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (Сібірдегі) бойынан (мұндай жазбалар Қазақстан жерінен де көптеп табылған, солардың ең көлемдісі Талас ескерткіші) табылған. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері – хандар, бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің авторлары сол жазуларда есімдері аталатын Йоллығ-тегін мен Тоныкөк деген болжам бар. Оларды елдің тарихын, тағдырын толғап айтушы ежелгі ақын-жыраулар өкілдері деуге болады.
Орхон жырларында "Алпамыс", "Қобыланды" жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан-бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында қара сөздер де араласып отырады. Сондықтан, оны эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады. Онда шешендік сөз нұсқалары да мол. Оларда өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы көрінеді. Ерлік, батырлық дәріптеледі. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ерлік істері, ел басқаруы баяндалады.

Бастыны еңкейтті,
Тізеліні бүктірді,
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды, –

деп суреттеледі Күлтегін ерлігі. Күлтегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының: "Кедейі бай болды", "азы көп болды", – деген сияқты жолдардан жырдың түпкі мұраты ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екенін аңғару қиын емес.
Бұдан шығатын қорытынды – қазақ халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланған. Орхон ескерткіштері – алғашқы ерлік жырларының бірі. Бұған тағы бір дәлел – жырда Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан-жақты суреттелген. Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі, ол халықты жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді. Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол дұшпандар салған іріткіге еріп, қырылып-жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады.
Жырда Күлтегін бейнесі үнемі өсу үстінде болады. Күлтегін – түркі халқының ерлік сипаттарын бойына дарытқан жиынтық образ. Оның тұлғасында бір кездерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Жырда батыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпандарының да қосыла жылауының кең суреттелуі халықтық бұлжымас ерлік дәстүрлерді қасиеттейтінін дәйектей түседі.
Жырдағы Тоныкөк көптеген қағандарға кемеңгер ақылгөй болумен бірге небір жорықтардың куәгері, ізінше сол жорықтар жайында жырлар тудырып, тасқа қашатып жазғызған автор екені де байқалады. Сөйтіп, Тоныкөк әрі батыр, әрі ақылгөй, әрі жырау бейнесінде сомдалады.
Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.

123
скачать работу

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ