Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ фольклористикасы

н ашуланады. Зевс  айтады: егер адамзаттың қолына от тисе, олар құдайларды мойындамайды, сондықтан отты адамзатқа апарған Прометейді жартасқа таңып жазалау керек деп үкім етеді. Прометейдің бауырын бүркіт күнде келіп шоқиды. Осындай азаптан Прометейді Геракл құтқарады. Прометейдің адамзат үшін жасаған жақсылығын бейнелеу үшін ХҮШ ғасырдағы Италия суретшісі Пьетро Стаджи мрамордан оның суретін ойып жасаған. Осы тектес от әкелу оқиғасы қазақстанға қалай келеді, оған кім қай жерден, қандай қиындықтармен әкеледі деген аңыз-ертегілердің бірнешеуі екенін ескере кеткеніміз келеді.

         Қазақ ертегілерінде отбасылық салттардың кейбір әлсіз жақтары да сыналады, оған көбінесе әйелдердің қанғыштығы аңқаулығы себеп болды деп түсіндіреді. Соның барлығын білдіретін жалмауыз кемпірлер. Ол сұлуларды арбайды, жолдан тайдырады. Бұқара халық осындай мінездерді сынай отырып, отбасы бірлігін, тұтастығын сақтауға ерлі-зайыптардың сақ, сергек болуына үндеп отыр. Ұсқынсыз, тұрпайы кейіпкерлерге жататын образдардың бірі- бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шал. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен  тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар, ол ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Мәселен, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс дегенде адамның азған, әлсіреген түрін елестетеді. Бұлар күнделікті қарым – қатынасына іштарлықтың ролін ойнайды. Олар нендей іске араласпасы да рәсуасын кетіреді, бүтінді бөлшектейді, әрі ыдыратады. Ендігі бір пікір дегеніміз не?. Бақыт пен байлық туралы армандағанда, іздеп-іздепп шаршаған халық оны қолы жетпейтұғын, әуеде ілініп тұрған тылсым секілді елестейді, ол кейде жүзік түрінде, кейде аттың қылы, құстың қауырсыны ретінде кездеседі. Сол бір бақыт іздеген адамға аттаған қадамын ілгері бастырмайтұғын айдаһар, жезтырнақтар тағы бар. Бақыттың, байлықтың жатқан жері жеті қабат жер астында, оған жолаушы жігіт кездейсоқ кездеседі: түн, енді не істеу керек, көрге паналайды. Шұқылап отырса, ар жағынан жанып тұрған гауһарды көреді, арғы жағын ашса, үйдің төрт қабырғасы толған алтын. Соны алмақ болады, бірақ жеті басты жылан ысқырып алдынан шығады, ақыры адам жеңіп, бақ дәулетті күреп қайтады. Әркім де бақытты болғысы келеді, ал бақыт ағып жатқан судың бетімен қалқып жүрмейді, ол еңбекпен, қайратпен келмек, оны іздемек керек.

 

Мақал мен мәтелдер. Мақал мен мәтелге бай халықтардың бірі – қазақ халқы. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда–ақ европа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. “Мақалды тудырушы – еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазынасы”, - дейді  атақты қазақ фольклористика ғылымының білгірі профессор Мәлік Ғабдуллин. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш.Уалиханов, В. Радлов, А.В. Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә. Дибаев, Ө.Тұрманжанов, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор. Белгілі бір жүйемен берілген, өте көлемді еңбек деп 1899 жылы Орынборда басылып шыққан В. Катаринскийдің  “Сборник Киргизских пословиц” деген кітабын санаймыз. В. Катаринский жинағына мың жарымнан артық мақал-мәтелдер енгізілген. Олар бірнеше тақырыптарға жіктелген. Түркі тектес халықтар мақал мен мәтелді былайша атайды. Өзбекше-мақал, қырғызша мақал мен лақаптар, татарша – мәкаль һәм әйтем, әзірбайжанша – аталар сөзі, ұйғырша – мақал вә тәтсил, түркіменше – нақылдар ве аталар сөзи, чуваштар- ватнисем калани.

         Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің тақырыптары әр алуан: туған жер, ел-отан, еңбек, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік кәсібі, ынтымақ, достық ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал мен мәтел құстың екі қанаты секілді бір-бірімен байланысты, бірақ олардың араларында аздаған өзгешеліктері мен айырмашылықтары болды. Мәселен, мақал сөзде адамның нәзік сезімдері мен терең ойлары ашық айтылады, дәлме-дәл көрсетіп, бейнелейді. Мысалы: “Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар”, “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, “Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты”.

         Ал, мәтел сөздің сыры: белгілі бір құбылысты астарлап, жұмбақтап, бейнелеп айтады. Мәтел сөзге бір мысал: “Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты”. Сөз сауысқан туралы емес; сауысқан тектес, әсіре қызыл, еліктегіш, әсершіл адамдарды сынаған. Біреулер бар: өзінің дербес қасиеттерін жоғалтып, ықпалды адамдардың әуеніне төңкеріліп, соның көлеңкесіне тасаланады, өмірдің ағысынан өзін-өзі  таба алмай әуре болады. Аталған мәтел сол образды бейнелеген.

         Қазақ фольклорында “шыбынның басына бақ қонса, самұрық құс сәлемге келер”деген мәтел бар. Өмір қызық қой! Біреулер бар: тым жылпос, әккі, қу өмірдің бос жерлерін білгіш-ақ. Көз ұшында мұнарланып көрінген бақ пен дәулетті жазбай таниды, соған жету жолында айламен өзін “алтын ыдысқа салып”көрсетуге тырысады. Ретін тауып жағымпазданады, жарамсақтанады. Ары мен ұжданын сатып, әйтеуір бір биліктің балақ бауынан ұстайды айналасына шыбын-шіркейді жинайды. Өзінен ақылы асқан адамды жек көреді, ығыстыруға шеберлік көрсетеді, мүсәпірлік пен бағыныштылықты, өтірік пен өсекті дәріптейді, қорлау мен намысқа тиюдің тәсілдерін ойлап табады, ел арасына жік салады, тозу мен құлдырауды ұйымдастырады.

Ондайлардан салмақты, зерек адамдардың өздері сескенеді, ішкі салмағын жоғалтады, оның айтқанына өз еркінен тыс бағынуына мәжбүр болады. Самұрық құс сауысқанға сәлемге келіпті деген мәтел осы жайларды тұспалдап баяндайды.” Дүние - ақсақ елік жеткізбейді ” деген мәтел де қиюы қашқан дүниені жалғаймын деп, тепеңдеп тозығы жеткен кедейдің күйін көрсетеді.

Фольклорист М. Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Соған бір мысал келтірелік:

Туған елдің қадірін,

       Шетте жүрсең білерсің.

Тепкі көріп тентіреп,

Текке жүрсең білерсің.

Сол сияқты: “тозған қазды – топтанған қарға алады”, “Сұлу сұлу емес, сүйген – сұлу”. Аталған мақал-мәтелдердің көркемдік құны олардың ұйқастары мен ырғақтарында.

Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушілер ертеден назар аударып келеді. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгілерін Ә. Диваев, М.Ф. Гаврилов жазбаларынан кезіктіреміз. Кейінгі кезеңде жаңылтпаштар балаларға арналған мерзімді басылымдарда да жиі жарияланып, жеке кітап та болып басылып шықты.

«Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады», - деп дәйектейді алғаш рет оның ғылыми анықтамасын А. Байтұрсынов.

Жаңылтпаштардың ғылыми маңызына алғаш назар аударған адамның бірі – С. Сейфуллин еді. «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі “дүкенін” құрған орында айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың, балалардың тілге ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын – деп жазады ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеуінде. Кітапта зерттеуші жаңылтпаштың тәрбиелік мәні мен атқаратын қызметін айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегі емес, ол – көбінесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуіне дағдылануына үйрететін өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бір-бірімен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тіл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейді, жаңылтпаштағы сөздері дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естіліп, күлкі де туғызады. 

Мәселен:

                              Ақ тай ақ па?

                             Қара тай ақ па?

деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса,

                             Ақ таяқ па?

                            Қара таяқ па?

болып мағыналық жағынан мүлде өзгеріп кетеді.

Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердің де ермегі болған. Бірақ үлкендер арасында ол басқашалау қызмет атқарған.

«Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған» деп жазады белгілі фольклорист ғалым М. Ғабдуллин, жаңылтпаштың үлкендар арасындағы қолданысы жөнінде.

Жаңылтпаш мазұнында халық өмірінің түрлі қырларын таныстыратын тан

12345След.
скачать работу

Қазақ фольклористикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ