Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

ірімен астасады, сәнді шеңбер жасай отырып «табақ» тектес күрделі ою құрайды. «Табақ» ою түрі – жиегіне су жүргізіп ішіне алуан түрлі ою салу. Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнектері сан алуан. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет өнеріне, тұрмыстық заттарға кең қолданылады. Ою-өрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпытастарға да салымды. Ер адамға құлпытас тұрғызылса, найза, айбалта, ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпытас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да басқа заттар бейнеленген.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді:

1.Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).

2.Зооморфтық(жан-жануарлар).

3.Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).

Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы
шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.

Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер
жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен «Құстұмсық жүзік», «Құдағи жүзік», алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға, тоқым әбзелдері мен үй мүліктерінің сирек кездесетін үлгілері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл әрине, ертеде өз жазу-сызуы болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды.
Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі зор. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи-өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихы, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелері бар. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де күн тәртібінен түспей жүрген мәселенің бірі.           ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталған бірқатар жұмыстар негізінде методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ қолөнерінің творчестволық даму мүмкіншілігін дұрыс бағаламады. Мәселен, қазақ            ою-өрнектерінің құрылысын, заңдылықтарын алаш рет байқауға ат салысқан С.М.Дудин, күнделікті сауда орындарына, фабрикаларда жасалып түсуіне байланысты қазақ өнері жақын уақыттың ішінде мүлде жойылады-мыс, қажетсіз болады-мыс деді.

Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын жоққа шығарды. Мәселен, С.МДудин, Е.Р.Шнейдер: «Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды», — деп топшылады.

Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.
Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.

Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т.б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп,безендірілген»,-деп жазады. Сол дәуірдегі халық шеберлерінің қалыптасқан ою-өрнек үлгілері скифтердің мал шаруашылық мәдениеті жайында болғандықтан Алтайдағы Келес даласынан қазылып алынған заттар.

Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады.

Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде сақталды.

Егер бұрыңғы замандарда жүген, белдік, пышақ сабы және осы сияқты заттардың кейбір бөлшектері хайуанаттардың дене бітімдерімен бейнеленетін болса, ІХ-ХІІ ғасырлардан, ислам дінінің үстемдік құрған кезеңінен бастап, тірі жәндікті бейнелеу тәсілі қолөнер кәсібі саласынан мүлде алысталып тасталды. Бәлкім заттарды әшекейлеуде бірден бір белгілі тәсілмен салынған ою-өрнектер ғана қалуы мүмкін.

Халық шеберлері ою-өрнек салу тәсілін белгілі бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композициясына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырды. Қазақстанда моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.) салдарынан елдің мәдениеті мен өндіргіш күштің дамуы тежеліп, тұтас бір ғасыр артқа шегеріліп тасталды. Қолөнері тек дін басылары мен дәулетті адамдарға ғана қызмет етіп, жекелеген дәулеттілердің байлығын көрсетуге, семья мүшелерінің киім-кешегін әшекейлеуге бағытталды. Жоқшылықта өмір сүрген көпшілік халық өзінің күнделікті үй тұрмымысындағы заттарын әшекейлей де алмады.
Тек қана ХІХ ғасыр ортасында қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ мәдениетінің орыс мәдениетіне қоян-қолтық араласуы, қазақ қолөнерін қайта өрлетіп, жаңа элементтермен байытты. Түрі жағынан қолөнерінің бейнелеу амалы байыды. Кестелеуге алтын, күміс түсті жіптер мен өрнектеу тәсілі еңгізілді. Күнделікті тұрмыста өндірістік бұйымдар пайда болды. Халық творчествосын шабыттандырып, кестелеудің әр түрлі әшекейлі әдістеріне көңіл аударыла бастады. Жасампаз халқымыздың архитектуралық сәндік, күнделікті тұтынатын жасау жиһаздары мен алуан түрлі әшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық шеберлерінің ою, өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне, асқан зейінділік, сезімтал творчестволық тәсілмен тамаша пайдаланғанына көзіміз жетеді. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына бойласақ, ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа

Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған. Белдбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас бөлігін атайды. Кісе белдікке дәндәку, пышақ қылымен және керек-жарақтар іліп тағып жүретін болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден көр

123
скачать работу

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ