Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

е аламыз. Көне түркілерде әйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен бастап әйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады. Ілкіде қару – жарақтың адам мәртебесін айқындайтынына байланысты қарусыз адам топ-жиынға қатыстырылмайтын болған болса, осы ретте қамшы да ер адамның жанынан тастамайтын негізгі құралының бірі болған. Қамшы да ерекше сәнделетін-ді, өйткені ол иесін пәле-жаладан сақтап, қорғайды. Ал қазақтың ұлттық киімінде киім өңірін ұстап тұратын тікелей өз қызметінен гөрі күмістеліп, тас қондырылып жасалған сәндік мақсаты көбірек, үлкенді-кішілі түйме де негізгі атрибут болып келеді. Белдік — әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі — өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары Батыс Қазақстанның әшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар сияқты, осы тәсілдермен жасалады, оларда даралық мәнер сирек кездеседі. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған. Ақық (сердолик) – қазақ зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі қазақтарда әрдайым сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақақ тасы құнды әшекейлердің дәл ортасына орнатылса, ол ұсақ моншақтар көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді. Адамды залалды әсерлерден қорғайтын сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Көне наным-сенімнің сарқыншағы болып табылатын бойтұмарлар мен басқа бұйымдар — салтанат киімдерінің біртұтас кешенінің эстетикалық, тұрмыстық және қорғаушылық қызметіне ие құрамдас бөлігі. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік — әр түрлі сәнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан мен шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі. Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі.

 

Әдебиеттер

  1. А.Маргулан. Декоративно-прикладное искусство Казахстана. Том. 1-2, Алматы, 1986
  2. Сейт Кенжеахметұлы. Қазақтың мәдени салт дәстүрі, Алматы, 2006

 

Малгаздарова Любовь Искаковна

Астана қаласы   № 61 орта  мектеп

Еңбек пәнінің мұғалімі

123
скачать работу

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ