Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тарихындағы көтерілістер



 Другие рефераты
Қазақ хандары XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы Шу өңірінің тарихы

СЫР БОЙЫ БАТЫРЛАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА

 

Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды.

 

Ел бiрлiгiн нығайтқан майдан

Тәуке ханның Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы аудандарды қосып алуы, қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық-саяси құрылысына ықпал жасағаны белгiлi. 

Бұл кезде Еуразияның саяси картасы өзгерiстер үстiнде болатын. Ресей шығысқа, Қытай батысқа қарай бағыт ұстана бастаған. Бiрқатар тарихшылардың айтуынша, жоңғар шапқыншылығының басталуына осы екi алып империяның жымысқы саясаттары себеп болған сияқты.

 

Әрине, қалмақтардың өз есебi бар екенi түсiнiктi. Сонымен, 1635 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында жан алып, жан берiскен өмiр үшiн күрес басталды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған осы зор майдан кең қоныш қазақтың сана-сезiмi мен рухын биiкке көтерiп, ел арасындағы бiрлiктi нығайтты.

Туған жер үшiн қасық қаны қалғанша күрестi, шынын айтқанда патриотизмдi күшейттi. Өйтпейiнше, сөзсiз жеңiлiске ұшырау қаупi тұр едi.

 

«Келте тонды Келмембет»

 

Ел қорғау мәселесi бiрiншi орынға қойылғандықтан, осы кезеңнен бастап қазақ батырларының тұлғалары дараланып, рөлi күшейе түстi. Олардың зор құрметке бөленуi де сондықтан.

 

Ел тәуелсiздiгiне қауiп төндiрген қалмақтарға қарсы соғысқан Шөмекей тайпасынан шыққан Келмембет батырдың бейнесi дара. Оның бүкiл өмiрi шайқаспен өттi. Бүгiнгi ұрпақтарының пайымдауынша, ол 1618 жылдары дүниеге келген. Малға жарлы болса да қабiлет-қарымы Келмембеттi өзгелерден оқ бойы озық етедi. Құралайды көзге атқан мерген, жауырыны жерге тимеген балуан, шабандоз болған. Жалпы қазақ батырларының жерi мен елiнiң бiрлiгi үшiн күресi, дербес өмiр сүру үшiн ғасырлар бойы табандылықпен жүргiзген күрестерiнiң тарихи тәжiрибесi мен талғамы бiздердi олардың қаһармандық ерлiкке толы күрес жолдарын ұлықтауға мiндеттейдi.

 

Бiр соғыста бекiнiп алған жау садақ оғын қарша боратып қазақтарды беттетпей қояды. Жаңбыр жауып тұрған алакеуiм шақ екен. Сол кезде сарықасқа тұлпар мiнген Келмембет алға суырылып шығып, жау бекiнiсiнен атын қарғытып өтедi де оңды-солды найза шаншып, қылыш сермеп, дұшпанды қашырады. Келмембеттiң үстiндегi терi тоны жаңбыр суымен әбден иленiп, жұмсарып ұзара берген. Сол кезде iркiлiп тұрған қазақ қолы қалмақ бекiнiсiне лап қояды, жауды жеңедi.

 

Ертеңiне түндегi шабуылда жауға жалғыз шапқан, туды жығып, қамал бұзған сарықасқа атты батырды хан iздестiредi. Сарықасқа ат мiнген жауынгерлердi шақырып, түгендей бастағанда, шетте тұрған кешегi батырды бiрден таниды. Күн шыққан соң түндегi былжыраған тоны кеуiп, құрысып, қалыбына барып шолтиып қалған екен. «Кiмсiң?» дегенде, «атым Келмембет» деп саңқ ете қалады. Сонда хан: «келте тонды Келмембет, келбетiңе рахмет» деп батырдың арқасынан қаққан екен.

 

Келмембет батыр қазақ елiн қорғау жолындағы азаматтық мiндетiн ақырына дейiн атқарып, бiр соғыста ерлiкпен қаза табады. Оның ұрпақтары Сарықасқа руы атанып, бiр тайпа елге айналды. Келмембеттiң ұрпақтары қазiр он жетi рулы ел. Осы атаудың өзi оның елi мен жерi үшiн тынымсыз шайқасына берiлген әдiл тарихи баға деп түсiнген абзал. Аталған кезеңде тұлғалардың күресi ел рухын сақтауға сеп болып, болашақтың үмiтiн үздiрмедi.

 

Сарықасқа Тайқожа батыр, Құба, Жәрiмбет билер қалмақтарға қарсы соғыста бiлек қайратымен де, ақыл-ойымен де ел қорғаны болғанын айту мақтаныш әрi құрмет.

 

XVII ғасырдың сексенiншi жылдарында жоңғарлықтардың жорықтары жиiлеп кеттi. Олар Сырдария бойындағы қалаларды, маңызды сауда жолдарын иемденуге ұмтылды. Қалдан қонтайшы 1681-1685 жылдары бiрнеше жорық жасап, Сайрам қаласын қиратып кеттi. Оның орнына келген Сыбан-Рабтан басқыншылық соғысты одан әрi жалғастырды. XVII ғасырдың басында қалмақтардың қаптаған қалың қолы Сарысу өзенiне дейiн келдi. Сол кезеңдерде қазақ халқының тағдырына қатер төндi.

 

«Ақтабан шұбырынды»

 

Iргесiне тықыр таянған қазақ 1710 жылы Қарақұмда үш жүздiң басы қосылған үлкен жиын шақырды. Қалмақ қатерiне қарсы не iстеймiз деген әңгiме қозғалды. Әркiм әр түрлi пiкiр айтты. Қопарыла көшiп қалмақтан қашып құтылайық деушiлер де болды. Батырлар мен билер, сұлтандар ақыры бiр уәжге тоқтады. Елдi бiрiктiрiп ортақ жауға қарсы тұрмаса, кешiгедi. Сондықтан, қол жию керек. Осы сөзге тоқтаған ел қолбасы Әбiлхайыр сұлтан мен Бөкенбай батырға бата бердi. Сондықтан да 1723 жылдың көктемiнде мал төлдеп жатқанда, жоңғар қалмақтары қазақ жерiне андыздап лап қойды. Мұны күтпеген қазақтар мал-жаннан күдер үзiп, босып кеттi. Тарихта бұл «Ақтабан-шұбырынды» деген атпен қалды.

 

Кенет кедейленiп қайыршыға айналған аш қазақтар Мәуренахр даласын толтырды. Сыр бойындағы егiн шаруашылығы мен қолөнер кәсiбi, сауда адыра қалды. «Қаратаудың басынан көш келедi...» деп басталатын әйгiлi «Елiм-ай» әнi (жоқтау) осы кезде дүниеге келген дейдi.

 

Әбiлхайыр хан Табын Бөкенбай батырға үш жүзге сауын айтқызады. Қарақұмға иiсi Алаштың атқа мiнiп, қару ұстай алатын азаматтары ағылды. Халық батырларға қарап, соңдарынан ердi.

 

Қарақұмның терiскей шығысындағы екi-үш көштiк Бiлеутi, Бұланты өзендерiнiң жағасында Қарасиыр (Қара серi) деген жерде үлкен соғыс болды. Әбiлхайыр, Бөкенбай, Саурық (Саңырық), Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолы қалмақтарды күйрете жеңдi. Бұл «Ақтабан-шұбырындыдан» кейiнгi алғашқы жеңiс едi. Мұның маңызы орасан зор болды.

 

Тарихта аты қалған әлемдегi iрi майдандармен дәрежелес Бұланты соғысына Сәрке батыр қатысты. Сәрке Шақшақ Жәнiбек, Есет батырлармен үзеңгiлес, елi үшiн ереуiл атқа ер салған батыр. Ол жөнiнде жазба деректерде өте сирек, зерттеу, iздестiру жағы кемшiн болып жатыр. Алайда, Сәркеге деген ескерткiш халық жадында сақталған. Бұланты өзенiнiң бойындағы алып төбе екi жүз жетпiс жылдан берi Сәркенiң төбесi аталып келедi. Батыр төбенiң үстiнде қарауыл қарап тұрғанда, бұрын қолма-қол айқаста маңына жақындай алмаған қалмақ шидi тасалап, бұғып келiп атады. «Батыр бiр оқтық» деген сол. Соғыс қызып жатқан кез болғандықтан, Сәркенi сол төбеге аманаттап қойып, келесi жылы былғарыға орап тiгiп, Қорқытқа әкелiп жерлейдi. Әкелген Жүзжасар би.

 

Сәрке батырдың Бұлантыда қаза тапқан жылы 1726 жыл деп айтуға негiз бар. Бұланты - Бiлеутi соғысы бiр күнде аяқталмаса керек. Сол соғыстан соң Бiлеутi өзенi Қалмаққырған атанды.

 

Бостандықтан - бодандыққа

 

Қазақ елiнiң сыртқы саясаттағы ахуалы таңдау жасауға мәжбүр еттi. Батыстан Ресей, шығыстан Қытай мысықтабандап жылжып, тынысты тарылтып келе жатты. Кейiнгi жылдары сан-саққа жүгiртiп, әдiл бағасы берiлмей жүрген Әбiлхайыр ханның сыртқы саясаттағы көрегендiгiне қол қоятын уақыт жеттi. Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алып, Орал тауынан асып жылжып келе жатқан Ресей шекарасы қазақ даласын үш жағынан қаусырмалады. I Петр аманат етiп кеткен тапсырма - Қазақстанды қандай жолмен болса да қолына алуға кiрiсiп жатқан. Ерте ме, кеш пе отарлық қамыты мойынға iлiнетiнi анық едi. Әбiлхайырдың Ресейге қосылу идеясына түсiнiкпен қараған жөн дейтiнiмiз де сондықтан.

 

Дегенмен де Ресейдiң жымысқы саясатының кейбiр салдарлары белгi бере бастаған. 1731 жылы кiшi жүз Ресей бодандығына өткен соң, iле-шала орта жүз бен ұлы жүз де Ресейге өттi. Мұның әрине iшкi саяси себептерi болды. Алайда, патша үкiметi қазақ хандарына берген уәделерiн орындамады. Жоңғар қалмақтарына қарсы күресте әскери көмек, әсiресе, от қару берiлмедi. Оның орнына отарлық езгi басталды. Қазақ шаруаларының жерi бiртiндеп тарыла түстi. Қазақтар мен қазақтардың бiр-бiрiне қару көтеруi жиiледi. Бұл отаршылдыққа қарсы күрес нышандары едi. 1773-1775 жылдардағы Емельян Пугачев көтерiлiсi қазақ халқының осындай ахуалына тұспа-тұс келдi. Бұл көтерiлiске қазақтар белсене қатысты.

 

Көтерiлiс басылып, Пугачевтiң басы шабылса да қазақтардың қарсылығы тоқтаған жоқ. Тек 1775 жылдың көктемiнде Жайық казактарына Дон казактары, гусар, драгун полктары, башқұрттар мен қалмақтар, жаяу әскер бөлiмдерi көмекке келiп, жаппай жазалау шаралары басталғанда, ел қопарыла көшiп, кең далаға сiңiп кеттi.

 

1775 жылдың күзiнде отаршылдыққа қарсы күрес тағы да лап ете қалды. Оны Табын руының жиырма екi жасар қызы Сапура Мәренқызы бастады. Он мыңға жуық адам атқа мiндi. Мұны Ресей отаршылдығына қарсы алғашқы ұлт-азаттық қозғалысы деп бағалаған дұрыс. Алайда, отаршыл жүйенiң жымысқы саясаты арқылы көтерiлiсшiлер арасына iрiткi түсiп, қозғалыс келесi жылы тоқтады.

 

Қоқаңдаған Қоқан

 

Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн Ташкент қаласын 1784 жылдан Жүнiс қожа билеп, қазақ хандығынан iргесiн ажыратты. XVIII ғасырдың соңына қарай Шымкент, Түркiстан қалалары Жүнiстiң билiгiне көштi. Ол 1799 жылы Қоқан ханына қарсы соғыс жариялап, жеңiлдi де, Ташкент пен Шымкент Қоқанға қарады. 1815 жылы Қоқан ханы Омар Түркiстанды алып Сырдарияны бойлай төмен жылжыды. Жаңақорған, Жөлек, Ақмешiт, Шымқорған, Қосқорған бекiнiстерi салынды. Сөйтiп Сыр бойының оң жағалауы Қарма

12
скачать работу


 Другие рефераты
Саясаттың әлеуметтік ақиқат ретіндегі атқаратын қызметі
Контроль знаний и умений учащихся по физике
Происхождение человека
Подготовка данных и движение по азимутам


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ