Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тарихындағы көтерілістер

қшыға дейiн Қоқан хандығының иелiгiне өттi.

 

Қоқанмен қатар Хиуа хандығы да Сыр бойына қарай ұмтылып, ХIХ ғасырдың отызыншы жылдарында қазiргi Аққыр ауылының терiскей батысында қозы көш жерде Қожанияз қамалы салынды. Сыртқа қаратылған екi зеңбiрек, жиырма бес мылтықтың орны бар, iшiне екi жүз жауынгер орналасқан қамал қазақтардан зекет салығын жинайтын орталық болды.

 

Қоқан және Хиуа хандықтарының қазақтар арасындағы барлық саясаты да, жұмысы да тонау мен зорлық-зомбылық едi. Қоқан бекiнiстерiнiң төңiрегiнде тұратын қазақтардың әр шаңырағы жылына алты қой, төрт өгiз сексеуiл, мың бау қамыс беруi тиiс болатын. Одан да басқа қызмет түрлерi, мойындарына артылған жүктерi көп болды. Сондай бекiнiс орны қазiргi Ақсу ауылының түстiгiнде бiр-екi шақырымдай жерде дария жағасында жатыр.

 

Қоқан бектерi Сыр бойы қазақтарын өздерiмен бiрге жорыққа шығуға мәжбүр етiп, олар қашан қайтып оралғанша отбасыларын кепiлге ұстап, тұтқындап отыратын.

 

Хандықтар арасындағы өзара мүдде қайшылығы, iштарлық, жаулық, қысастық қарапайым халықты күйзелттi. ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қоқандықтар Ақмешiт бекiнiсiн салғаннан кейiн Сырдарияның бұрынғы арнасы Жаңадарияны Сандыққорған түбiнен байлап тастады. Сөйтiп Жаңадарияның төменгi жағында отырған егiншi халықты судан қысты.

 

1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы устав» қаралып, қабылданды. Кiшi жүзде хандықты жою ұйғарылып, кiшi жүз билеушi-сұлтандар басқарған үш бөлiкке бөлiндi. Әр бөлiк дистанцияларға бөлiндi. Бұл жүйе кiшi жүзде 1831 жылдан 1868 жылға дейiн сақталды. Алайда, бұл жүйе ХIХ ғасырдың екiншi жартысына дейiн Сыр бойына iс жүзiнде келген жоқ. Өздерiн патша үкiметiнен де, Хиуа, Қоқаннан да тәуелсiзбiз деп есептеп, тек ру батырларын, билерiн ғана тыңдап үйренген Сыр өңiрi қазақтарын үш жақты қысым жан-жағынан құрсай бастады.

 

Қазақстанды отарға айналдырып, құлдық қамытын кигiзу үшiн Ресей әкiмшiлiгi жаңа бекiнiстер салып, әкiмгершiлiк шаралар арқылы қазақтардың құқықтарын шектеп, олардың жерiн тартып алып, салық түрлерiн көбейтiп кең ауқымды шабуылға шықты.

 

Азаттық үшiн күрес

 

Орталық езгiге қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерiлiстер басталды. XVIII ғасырда Әбiлхайыр ханмен бiрге Қарақұмда қол бастаған, 1726 жылы Сәрке батырмен бiрге Бiлеутi, Бұланты бойындағы қалмақтарды жеңген Бөкенбай батырдың немересi Жоламан батыр Тiленiшұлы 1823 жылы Ресейге қарсы көтерiлiске шықты. Осы кезде Орта жүзде Саржан Қасымұлы да отаршыларға қарсы көтерiлдi. Сыр бойында Байқадам, Бұқарбай батырлар Қоқан бектерiмен қақтығысып қалды. Бөкей ордасында Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерiлдi.

 

1837 жылдың жазында осы аталған бас көтерулердiң бәрiнен де қуатты Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi бұрқ ете қалды.

 

1840 жылдың соңында патша өкiметi орындарымен жасалған келiсiм бойынша шабуыл жасау, жазалау шаралары тоқтатылып, бейбiт кезең туды. Мұның Кенесары қозғалысының дамуында үлкен маңызы болды. Қозғалыс аймағы кеңiп, оған орта жүз бен кiшi жүз қатысты. 1841 жылы қыркүйекте халық Кенесарыны ақ киiзге көтерiп, хан сайлады.

 

Сыр бойындағы қазақтардың тәуелсiздiгiне елеулi қауiп төндiрген қоқандықтармен күрессiз бiртұтас тәуелсiз мемлекет құру қиын едi. Кенесарының Сыр бойына келгенiне дау жоқ. Бiрақ ол қай жерге келдi, осы жөнiнде нақты мұрағат деректерi кездеспейдi. Дегенмен, ел аузындағы әңгiмелер бойынша Кенесары Дәуiмбайда, Жалаңаш төбеде болған сияқты. Кейiн «Кенесары-Наурызбай» жырын шығарған Нысанбай ақын осы Жалаңаш төбеде алпыс ақынмен айтысып, жеңiп шығыпты деген сөз бар.

 

Орта Азиядағы Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтары арасындағы алауыздықтарды Кенесары психолог, саясатшы ретiнде шеберлiкпен пайдалана бiлдi. 1841 жылы Кенесары Шөмекей, Төртқара, Табын руларынан жасақталған төрт мың адамдық қолмен Ақмешiт, Жөлек, Жаңақорған бекiнiстерiн қоршады.

 

Созақты және басқа да бекiнiстердi бұзып, Қоқанға бағынышты қазақтарды Торғайға көшiрдi. Ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң басылып, Кенесарының қаза табуы Ресей патшалығының Қазақ даласын, қала бердi бүкiл Орта Азияны отарлауына кең жол ашты. Жанқожа, Есет, Бұқарбай және басқа батырлардың жеке-жеке бас көтерулерi қалың өртке қарлығаштың қанатымен су сепкендей ғана болды.

 

1847 жылы Райым, 1848 жылы Қазалы бекiнiстерi салынып, орыс әскерi Сырдария өзенiн өрлеп келе жатты. 1852 жылы шiлде айының басында орыс отряды Қосқорған түбiнен Қараөзектен өттi. Жорық тәртiбiмен Көктондының жанынан өтiп Ақмешiт қаласын қамады, алайда бiраз шығынданып, қаланы ала алмаған соң керi оралды. Қайтар жолда тамыз айында Шымқорғанды қоршап, тiке шабуылдап басып алды. Түн қараңғысында өртенген Шымқорғанның отын көрген дарияның арғы бетiндегi, қазiргi Көкжиде ауылының шығысындағы Қоқан бекiнiсi - Күмiсқорғандағылар үрейленiп отырды.

 

1852 жылдың күзiнде Бұқарбай батыр Сырдарияның сол жағалауына өтiп, Қоқанға қарсы соғыс ашты. Батырдың бұл әрекетi сол кездегi мұрағат деректерiнде «Хиуаға өтiп кеттi» деп бағаланды. Осы тұста айта кету керек, Сырдарияның сол жағалауы Тянь-Шаньнан бастап Қармақшы-Қосқорғанға дейiн Қоқан хандығының иелiгiнде болатын.

 

Бұқарбай батыр қазiргi Бұқарбай ауылы тұрған жерге екi жүз үй табынды көшiрiп әкелiп, Қожанияз қамалымен байланыс жасады. Сол жылы күзде батыр Ақмешiттiң түбiндегi Қарабөгеттi бұзды. Бұл Қоқан хандығын дүр еткiзген тосын оқиға едi. Түркiстаннан берi қарай қозғалысқа түсiп Ақмешiт қамалының бекiнiсiн, әскери күшiн нығайтуға тырысты.

 

Отарлық кезең

 

1852 жылдың күзi мен 1853 жылдың көктемi аралығында Қыпшақ, Табын, Шөмекей рулары орыс иелiгiндегi жерлерге көштi. 1853 жылдың шiлдесiнде орыс әскерлерi Ақмешiт қамалын шабуыл жасап алды, қоқандықтарды Жөлектен асырып тастады. Сонымен, Сырдың төменгi ағысы орыс отаршыларының иелiгiне қарады. Арал, Қазалы, Қармақшы, Перовск порттары жүйесiнде Сырдария әскери желiсi (линиясы) құрылды. Ұзақ жылдарға созылған отарлық кезең басталды.

 

Қазақ ауылдарын орыс өкiметiне құлақ қақтырмай бағындыру мақсатында түрлi әкiмшiлiк реформалары жүргiзiлдi. 1867 жылы Түркiстан генерал-губернаторлығы құрылды. Перовск уезi осы губернаторлықтың Сырдария облысына қарады.

 

Қазақ даласын басқару туралы уақытша Ережелер қабылданып, отар аймақтар, орыс капиталының дамуына барынша қолайлы жағдай жасайтын шикiзат аймақтарына айналдырылды. Жергiлiктi тұрғындардың құқықтары шектелдi. Уездер болыстарға бөлiнiп, қазақ пен қазақты бақталас ететiн болыс сайлауы осы кезде шықты. Жер реформасы бойынша қазақ даласы мемлекеттiк меншiкке алынды. Түтiн салық әр шаңырақтан бұрынғы 1,5 сомның орнына 3 сомға дейiн көбейтiлдi.

 

1867-1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформасы бойынша ауыл, болыс, рулық жанындағы есепке алынбай құрылды. Мал шаруашылығы қазақтардың басты тiршiлiк көзi болып қала бердi. Сонымен қатар, егiншiлiк бiршама кең өрiс алды. Нәлiбай, Бұқарбай батырлар, Мырзабай ахундар, Сәтбай сияқты ел қамын ойлайтын адамдардың ұйымдастыруымен арықтар қазылды. Суды бөгет салып көтеру тәжiрибесi кең тарады. Жаңадария бойындағы, тiптi Қарақұм бағытындағы көшкен қар, жаңбыр суын бөгеп егiн егу соның дәлелi.

 

Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысы нығая бастады. Бұрындары не қажетiн өзi өндiрiп, өзi жасап алатын болса, ендi тұтыну бұйымдарына Ресей фабрикалары өнiмдерi араласты. ХIХ ғасырдың аяқ шенiнде сауданы кәсiп еткен қазақтар көрiндi.

 

Оқу-бiлiм, мәдениет жағынан жекелеген азаматтардың бастамасымен жасалған жұмыстар болды. Мырзабай ахун, Шаймағанбет ишан, тағы да басқа дiни сауатты ғұлама кiсiлер мешiттерде бала оқытып, елдi сауаттандыруда, имандылық тәрбиесiн беруде елеулi iстер тындырды. Қазақ әдебиетiндегi өзiндiк орны бар Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбай» тарихи жыры ел арасына кешегi тәуелсiздiк үшiн күрескен ерлердiң бейнесiн насихаттады. Ақын Жарылқасын қожа осы ХIХ ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрдi. Машай күйшi, Қоқыбай, Еспан, Құжымбай сияқты елге белгiлi кiсiлер болды.

 

...Ғасырлар бойы тәуелсiздiк үшiн күрескен бабалар арманы бүгiн орындалған. Қазақстанның желбiреген көк байрағы жасампаздық жаңа iстерге жiгерлендiре түсуде. Ел бостандығы үшiн қан төккен қаһармандарға арналып қала орталығынан Сыр бойы батырлары деген алып монумент тұрғызылу үстiнде. Жастарымыз сол ескерткiш арқылы бабалар ерлiгiне тағзым ететiн болады.

12
скачать работу

Қазақ тарихындағы көтерілістер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ