Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау

, этностық топтардың тілдерін дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы барлық ұлттардың дамуын көздеген ұстанымына негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық мүдделерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын берік бағамдауға және ең бастысы, тіл болашағына деген халық сенімін нығайта отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет міндеттер мейлінше нақтыланып керсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік кұқықтық қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы», «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже», «Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы», «Мемлекеттік тілде кұжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік қызметшілерді көтермелеу туралы» қаулылары қабылданды. Тіл заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту «Қазақстан Республикасы Әкімшілік бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 81, 82-баптарында көрсетілді. Сондай-ақ 1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 3-бабы 2 тармағына «…мемлекеттік тілдегі берілімдердің көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі берілімдердің жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс» деген толықтыру енгізілді.
Осыған сәйкес қазіргі кезде аталған заң талаптарын 92%-дан астам телерадиокомпаниялар орындап отыр.
Дегенмен, бұл талаптың телерадиокомпаниялар тарапынан әлі де болса үстірт орындалу жәйттері жиі кездесетіні құпия емес. Әсіресе, мемлекеттік тілде берілетін хабарлардың басым бөлігінің тек түнгі уақытта және негізінен бейнеқордағы концерттік бағдарламалардан тұрып, қайта-қайта көрсетіле беруі дүйім жұртшылықтың орынды ренішін туғызуда. Баспасөзде, сондай-ақ мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан шағымдарда бұл жағдай көпшілік тарапынан қоғамдық санада мемлекеттік тілді өгейсітуге жасалған әрекет ретінде, тіпті оны мазақ қылу есебінде қабылдануда.
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар мен көрермендер де, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп келеді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан мемлекеттік тіл мәселесін үзбей алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша Мәжілісте арнайы депутаттық топтың кұрылып жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың бастамасымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы қаралған тұста біздің министрлік оны толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша мүдделілік танытылып отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.
Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік тіл саясатын электронды БАҚ арқылы жүргізу мақсатында ақпарат саясатын жүргізу мәселесі бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді. Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде хабар шығарудың көлемі 3308 сағат деңгейінде көзделіп отыр. Оған республикалық телерадиокомпаниялармен қатар, өңірлік БАҚ-тар да кеңінен тартылып келеді.
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайы көлемі жағынан да, сапалық тұрғыдан да төмен екеңдігі жасырын емес. Мемлекеттік емес телерадиокомпаниялардың басым көпшілігінде, әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда, қазақ тіліндегі мазмұны мен шығармашылық деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар мен хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс аясында ғана, мемлекет қаржысы есебінен шығарылады. Ал компаниялар болса өз қаражатын мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға шығындауға мүдделі емес, яғни, қазақ тілін өркендету тек мемлекеттің күзырындағы мәселе деген көзқарас қалыптасқан.
Мұның өзі мемлекеттік тіл үшін де, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін де алаңдатарлық жағдай. Қоғамдық пікірді, жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда айрықша орын алатын бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің тағдырына немқұрайлы қарауы қалың көпшілікті де аландатып отырғаны сөзсіз. Ата Занда атап көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғам тұтастығының бірден бір факторына айналуы тиіс және оған барлық қазақстандықтар азамат ретінде атсалысуы керек. Соңдықтан, заң тұрғысынан БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын шаралар қарастыру өте орынды болар еді. Атап өтерлік бір жәйт, үстіміздегі жылғы 18 сәуірде өткен Қазақстан Журналистері конгресінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заң жобасының түсаукесері жасалды. Онда қазақ тілін қолдау бағытында «мемлекеттік тілде дайындалған хабарлардың эфирдегі таралу уақыты тәулік бойында біркелкі болуы шарт» деген арнайы қағидат қарастырылған. Аталмыш заң жобасын бір топ депутат арқылы Мәжілістің қарауына енгізу көзделіп отыр.
Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады деп есептеймін. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы. Олар тіл мүддесін қорғап, тіл зәрулігін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек. «Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып бара жатыр», деп көздің жасын төге бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және басқа да тиісті органдар тарапынан ойластырылып, көп кешікпей бір шешімін табары анық. Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, нығайту бағытындағы жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның көрінісі ретінде үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында жаңа белеске қадам басқандығын атап көрсетті. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі болып отырған мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш-жігерін салу — әрбір азаматтың парызы екендігі тағы бір рет қайталанып, халқына ой салды. Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық, жоспарының 21-тармақшасына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді дамыту бөлігіне өзгерістер енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мемлекеттік тілді инновациялық технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын қазақ диаспорасын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау, қолдау жүйесін жасау мақсатында «Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының» жобасы әзірленуде.
Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге көмектесетін компьютерлік оқулықтар шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту, шетелдерде тұратын отандастарға арналған арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін халықаралық деңгейде ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу қажеттігі қазақстандық қоғамдастық мүшелері арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды. Бұл орайдағы басты міндет — қазіргі күні қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу. Қазақстанда тұратын өзге халықтардың ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау-көмек көрсетіліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп тұрады.
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек, Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі мемлекеттік тіл саясаты шын мәнінде саяси тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа және қоғам
123
скачать работу

Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы

Посетите 888 starz официальный сайт и погрузитесь в мир азарта и ставок.

ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ